7 – 8 сабақ Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық реакция типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.
Дамытушылық: Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, Д.И.Менделеев кестесі, үлестірме материалдар;
Тірек білім мен біліктер:Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
Сабақтың мазмұны. І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ой шақыру.(Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру)
Мини тест Химиялық реакция типтері нешеге жіктеледі: А) 2
Ә) 3
Б) 4
Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын ............ реакциясы деп атайды?
А) Қосылу Ә) Айырылыу Б) Орынбасу
CuO + 2HCI = CuCI2 + H2O берілген химиялық реакция қай типке жатады?
А) Алмасу
Ә) Айырылу
Б) Қосылу
4. СuCI2 + Zn = ZnCI2 + Cu берілген химиялық реакция қай типке жатады? А) Қосылу Ә) Орынбасу Б) Айырылу
Атом – молекулалық ілімінің неше қағидалары бар?
А) 7 Ә) 8 Б)9
6. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын ....... реакциясы деп атайд? А) Айырылу
Ә) Қосылу
Б) Орынбасу
Химияда зат мөлшерінің (ν) өлшем бірлігі ретінде ........қабылданған?
А) Барлық заттар атомдар мен молекулалардан құралады
Ә) Атомдар мен молекулалар үздіксіз қозғалыста болады
Б) Барлық жауап дұрыс.
Дұрыс жауабтары.1. Б, 2. Ә, 3. А, 4. Ә, 5. А, 6. Ә, 7.Б, 8. Б;