Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат



бет13/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
есеп және шығару жолдары

ІІ. Өзіндік жұмыс. 
Өзіндік жұмыс орындау арқылы реакция теңдеулерін теңестіруді еске түсіру, оны орындатуға түрлі тәсілдерді ұсыну:
1-тапсырма: Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріңдер, қай реакция типіне кіретінін анықтаңыздар?







Ca + CI2 = Ca CI2 ( )
Na2 O = Na + O2 ( )
Ғе + СuCl2 = Ғе Cl+ Cu( )

AI + CI2 = AI CI3 ( )
2 S + Na = Na 2 S + K ( )
Zn O + HCl = ZnCl+ HO( )


Дұрыс жауабы.

Ca + CI2 = Ca CI2 (қосылу)
2Na2 O = 4Na + O2 (айырылу)
Ғе + СuCl2 = Ғе Cl+ Cu(орынбасу)

2AI + 3 CI2 = 2 AI CI3 ( қосылу )
2 S + 2Na = Na 2 S + 2K ( орынбасу )
Zn O +2 HCl = ZnCl+ HO( алмасу)


ІІІ. Жаңа сабақ:
Зат массасының сақталу заңын қайталай отырып, реакция теңдеулеріне сүйеніп сан есептерін орындау заңды іске асырудың бір жолы екенін оқушылар есіне салу.
Оның практикалық мәні зор. Ең алдымен оңайырақ теңдеулерді пайдаланып, есеп шығаруды дағдыландырады. Одан әрі күрделірек есептерді беруге болады.
Оқушыларға теңдеуге сүйеніп зат мөлшерін, содан соң массасын табуға арналған есепті талдап, кітаппен жұмыс жасауды ұсынуға болады.
Химиялық реакция теңдеуі бойынша есеп шығару реті
1. Есептің шартымен мұқият танысу
2. Есеп шартын таңбалармен жазып жобасын құру ( есептің берілгенің жазу)
3. Реакция теңдеуін жазу
4. Реакцияны теңестіру
5. Есеп шартында айтылған заттардың астын сызу
6. Теңдеу бойынша есеп шығаруға қажет мәліметтерді анықтау ( есеп шартынабайланысты молекулалық масса, зат мөлшері, көлем,атом саны)
7. Теңдеудегі формула үстіне есеп шартында берілгенін, ал астына теңдеуден табылған шамаларды жазамыз
8. Пропорция құрып теңдеуді есептейміз
Есеп. № 1.
20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО массасы қанша?
Берілгені: m (Са)=20 гр
Табу керек: m (СаО)-- ?
Шешуі: 1) Кальций металының ауада жанғандағы реакция теңдеуін жазып теңестіреді?
2 Ca + О2 =2 CaО
2) реакцияға қатысатын қажетті заттардың формулалары бойынша массаларын есептейді:
Мr (Са) =40 2М (Са)= 40 г*2= 80 г
Мr (СаО) =40+16=56 2М (СаО)= 56г * 2= 112 г
3) тиісті формулалардың астына берілген және іздейтін шамалар жазылады.:
2 Ca + О2 =2 CaО
80г 112г
20г х г
4) теңдеу бойынша:
80г Са оттекпен әрекеттескенде 112г СаО түзілді,
Ал 20 г Са оттекпен әрекеттескенде х г СаО түзіледі. Бұдан мынадай пропорция құруға болады.
80г :20г =112г : х г, х=20 г* 112г / 80г = 28 г CаО түзіледі. Жауабы m (СаО)=28г
Есеп. № 2.
Кальций мен оттек әрекеттескенде 56 г СаО түзіледі. Реакцияға қатынасқан оттектің массасы мен зат мөлшері қанша?
Берілгені: m (СаО)=56 гр
Табу керек: m (О2)-- ?
ν (О2) ---?
Шешуі:
2 Ca + О2 =2 CaО
32г 112г немесе 1 моль ----112г
х г 56 г 2 моль ----56г
Бұдан х=32г* 56г / 112г = 16 г (О2 ) түзіледі, және ν= m / М
ν= m / М =16 г/ 32г / моль = 0,5 моль (О2) табылады:
Жауабы: m (О2)—16г
ν (О2) ---0,5 моль
Химиялық реакция теңдеулерін жаза білу және ол бойынша есептер шығаруды қорытындылап жүйеге келтіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет