Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат



бет31/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
есеп және шығару жолдары

32 сабақ
Ерігіштік көбейтіндісі
Барий сульфатының қанық ертіндідегі қатты зат пен иондардың арасында мынадай тепе-теңдік орнайды:
ВаSО↔ Ва2+ + SО42-
тұнбада ертіндіде
Электролит ертіндідегі ион күйі олардың активтілігімен анықталғандықтан, соңғы процестің тепе-теңдік константасы келесі теңдеумен өрнектеледі:
К = αВа2+ α42- αВаSО4
Келтірілген теңдеу нашар еритін электролиттің қанық ертіндісіндегі оның иондарының көбейтіндісі осы температура үшін тұрақты шама болады.
Бұл шама ерігштік көбейтінді деп аталады және оны ЕК әріптерімен белгілейді.
Бұдан Ва2+ мен SО42- иондарының активтілік көбейтіндісі мынадай:
αВа2+ α42- = ЕКВаSО4
Егер электролит нашар еритін болса, онда оның қанық ертіндісінің иондық күші нөлге жақын, ал ионның активтілік коэффициенті бірден айырмашылығы аз (шамалы). Осындай жағдайларда ЕК көбейтіндідегі ион активтілік көбейтіндісін олардың концентрациясының көбейтіндісіне алмастыруға болады. ВаSО4 қанық ертіндісінің иондық күші 10-5 тең ретке ие және ВаSО4 ерігіштік көбейтіндісі келесі түрде жазылады:
ЕКВаSО4 =[Ва2+][SО42-]
Егер нашар еритін электролит ертіндісіндегі иондардың көбейтіндісі ерігіштік көбейтіндісінен артық болса, онда бұл аса қаныққан ертіндідегі иондар әрекеттесіп нашар еритін электролиттің тұнбасын түзеді. Мысалы, егер барий сульфаты ертіндіснідегі иондардың көбейтіндісі [Ва2+][SО42-] ерігштік көбейтіндісінен көп болса, онда ертіндіден белгілі мөлшерде ВаSОтұнбаға түседі.
1-мысал. Магний гидоксиді Мg(ОН)2 ерігіштігі 18ºС температурада 1,7 · 10-4 моль/л болса, Мg(ОН)магний гидроксиді ертіндісіндегі осы температурадағы ерігіштік көбейтіндісін анықта.
Шешуі. Мg(ОН)2 иондарының әр молі ерігенде Мg2+ ионының 1 молі мен екі есе көп ОНиондарына ыдырайды. Демек, Мg(ОН)2 қанық ертіндісінде [Мg2+] = 1,7 · 10-4 моль/л; [ОН-] = 3,4 · 10-4 моль/л бұдан ЕКМg(ОН)= [Мg2+][ОН-]2 = 1,7 · 10-4 (3,4 · 10-4)= 1,96 · 10-11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет