Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат



бет25/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
есеп және шығару жолдары

24 – 25 сабақ
Ертінділер концентрациясын көрсету жолдары
Ертінділердің маңызды сипаттамаларының біріне концентрация жатады.
Концентрация – ертіндінің немесе еріткіштің белгілі мөлшеріндегі еріген заттың мөлшері. Ертіндінің концентрациясын шамамен анықтау үшін концентрациялы және сұйылтылған деген түсініктер қолданылады. Концен-трациялы ерітіндіде еріген заттың мөлшері көп болады, ал сұйытылған ертіндіде еріген заттың мөлшері аз болады.
Ертіндінің массасы тұрақты болғанда оның концентрациясы үлеспен немесе процентпен көрсетіледі.
Массалық үлес –еріген зат массасы ертінді массасының неше үлесі екенін көрсететін сан.
Массалық процент – ертіндінің 100 массалық бірлігінде еріген заттың неше массалық бірлігі бар екенін көрсететін сан.
Массалық процент массалық үлестен 100 есе көп болады, яғни массалық үлестен массалық процентке көшу үшін массалық үлесті 100-ге көбейту керек.
Көлемі тұрақты ертіндінің концентрациясы еріген заттардың молі, эквивалент санымен көрсетіледі.
Молярлық концентрация – бір литр ертіндіде еріген заттың моль саны.
Нормальдық концентрация – бір литр ертіндіде еріген заттың эквивалент санымен өлшенеді.
Мольдік концентрация – 1 кг еріткіште еріген заттың моль саны.
1-мысал. 250г суда 50г FeSO4 · 7H2O кристалогидраты ерітілді.Ерітіндідегі кристалогидраттың және сусыз темір (II) сульфатының массалық үлесін есепте.
Шешуі. Алынған ерітінді массасы – 300 г, яғни
mерт= mН2О+ mзат
mерт= 250г + 50г = 300г
Кристалогидраттың массасы пропорция арқылы есептейеді:
300г ерітінді - 100%
50г кристалогидрат - х% 
х=50г · 100% / 300г=16,7%
М(FeSO4)=152г/моль
М(FeSO4·7H2O)=278г/моль
Темір (II) сульфаты массасын келесі пропорция арқылы есептеледі:
278г / 152=5/х
х=152 · 50 / 278=27,4г
Сусыз тұздың 300г ерітіндідегі массалық үлесі келесі жолмен анықталады:
300г ерт – 100%
27,4г – х%
х=27,4г·100% / 300г=9, 1%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет