Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері


Химия өндірісінің қоршағн ортаны ластауы



бет11/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Лекция ОХББ1

Химия өндірісінің қоршағн ортаны ластауы
Химия өндірісі қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздерінің бірі болып саналады.
Көптеген газтәрізді химиялық қосылыстар ауа қабатына түскенде су буларының, оттектің, күн радиациясының әсерінен улы заттарға айналады.
Азот тотықтары ауа қабатында NO NO2 түрінде болады, бірақ олар азот қыщқылына, нитраттарға, нитроқосылыстарға айналып, суға жұтылып, аэрозолды агломераттар түзеді. Ауақабатын ластайтын кейбір заттар ондағы заттармен қосылып улы қосылыстар түзеді ,яғни синергизм құбылысы ластағыш заттардың улылығы артады.
Химия өндірісінен ауа қабатына заттар ұйымдасқан және ұйымдаспаған шығарылымдар арқылы түседі. Қазіргі заманғы химия және мұнайхимия өнеркәсіптеріндеұйымдасқан шығарылым көздері 2000-4000 жетеді.
Қоршаған ортаны ластау көзі химико-технологиялық процестерде түзілетін қалдықтар. Оларға жататындар: пайдалануға жарамайтын қосымша реакция өнімдері , фильтрлер, өндірістік сулар, тотығу процесіне қатысқан ауа, реакцияға қатыспай қалған газдар (хлор, аммиак) т.б.
Химия –технологиялық процестерге қатысатын көмекші заттар мен материалдар да қоршаған ортаны ластайды: жұмысқа пайдаланылған катализаторлар; адсорбенттер, абсорбенттер және еріткіштер; кептіргіш заттар; қайтадан пайдалануға жарамайтын тара және сүзгіш материалдар.
Құрал-жабдықтардың герметикасының жоқтығынан щикізаттың, аралық және дайын өнімдердің механикалық шығыны да қоршаған ортаны ластайды.
Химия өндірісінің ағынды сулары да ортаны ластайды
Қалдықтардағы зиянды заттар үйілген жерден миграцияға ұшырап қоршаған ортаны ластайды және сонымен қатар адам ағзасына да түседі.


Химияхық қалдықтардың улылығы
Химиялық қалдықтардың улылығына баға беру үшін жалпы критерийларды пайдаланады:
адамға қатысты улылығы яғни тікелей әсер еткендегі адамдардың денсаулығына әсері;
жануарларға қатысты улылығы;
ыдырау өнімдерінің қасиеттері (улылығы, тұрақтылығы, биоаккумулятивтігі):
синергизматикалық әсері.
Химиялық қалдықтардың қоршаған ортаға әсер әтуіне байланысты улылығы ерекше, улы, улы емес болып бөлінеді.
Улылығы ерекше қалдықтарға құрамында сынап, кадмий, мышьяк, таллий, бериллий, сурьма, цианидтер, фосфорорганикалық заттар, асбест, поли циклді және ароматты көмірсутектер, пестицидтері т.б. бар қалдықтар жатады.
Улы заттарға күкірт қосылыстары, азот тотықтары, көміртегі тотығы жатады.
Улы емес қалдықтарға фосфогипс,галлитты қалдықтар, фосфор өндірісінің қалдықтары, кальций содасы өндірісінің қалдықтары және т.б. жатады. Оларды үйюге өте көп жер қажет. Бұл қалдықтардың табиғатқа кері әсері қрамындағы NaCl , фторлы қосылыстардың сілтіленуі және соңғысының беткі және грунт суларына өтуі.
Қалдықтардағы химиялық қосылыстардың адамға және тірі табиғатқа әсері тура және жанама жолмен жүзеге асады. Тура жолы – зиянды заттар ағзаға ауамен және ішетін сумен түседі. Жанама жолы – биологиялық, бірінші кезекте зат өсімдіке түседі, жануар шөппен қоректенеді, сосон тамақпен адам ағзасына түседі.

Дәріс 5 ХИМИЯЛЫҚ-ТЕХНОГОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет