Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері



бет2/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Лекция ОХББ1

Химия өндірісі
Химиялық технологияның зерттеу обьектісі химия өндірісі болып табылады
Химия өндідісі – шикізатты өңдеуге арналған химиялық өзгерістер арқылы қажетті өнім алатын машиналарда, аппараттарда жүргізілетін процестер мен операциялардың жиынтығы
Хмиялық өндіріске қойылатын жалпы талаптар:
өндірісте қажетті өнім алу;
экологиялық қауіпсіздік;
пайдаланудың қауіпсіздігі және сенімділігі;
шикізатты және энергияны максимальды пайдалану;
еңбек өнімділігінің максимальдылығы.

Химия өндірісінің жалпы структурасы:


Шикізат ------- 1 ------ 2 ------- 3 ----------- Негізгі өнім
Материалдар Негізгі өндірістің қалдықтары

5----- 6 ------- 7 4 ------- Қосымша өнім


Энергия Су Басқару Қалдықтар


1-шикізатты дайындау; 2-шикізатты өңдеу; 3-негізгі өнімнің бөлінуі; 4-қалдықтарды санитарлық тазарту және утилизация; 5-энергетикалық жүйе; 6-қосымша материалдарды дайындау және суды дайындау; 7-басқару жүйесі


Сурет 1. Химия өндірісінің құрамы және функциональдық элементтері


1 Сурет бойынша поз1-3 жеке химия өндірісі, шикізат өнімге өңделеді.


Шикізатты дайындау поз1 алдын-ала өңдеу – ұсақтау, қоспалардан тазарту, компоненттерді араластыру.
Дайындалған щикізат біраз өзгерістерден өтеді поз2, нәтижесінде қажетті өнім түзіледі.
Қажетті өнімді қоспалардан бөліп алу және тазарту поз3
Өндіріс қалдықтары зиянды және пайдалы компоненттерден тұруы мүмкін. Сондықтан химия өндірісінің негізгі элементері - қалдықтарды санитарлық тазарту және утилизация поз4
Қалдықтарды санитарлық тазарту және залалсыздандыру – улы заттарды зиянсыз заттарға айналдыру. Ең жақсысы қалдықтарды пайдалы қосымша өнімге айналдыру.
Энергия жүйесі – химия өндірісінің маңызды және күрделі элементтерінің бірі болып табылады. поз5
Бұдан басқа химия өндірісінде қосымша материалдар пайдаланылады. Бұған жататындар: сорбенттер, порцес жүретін арнаулы орта жасайтын заттар.
Судың алатын орны ерекше.Суды технологиялық ағындарды суыту, еріту, сұйылту және бу алу үшін пайдаланады.поз6
Күрделі химиялық өндірісті басқару жүйесі арқылы бақылап отырады. Басқару жүйесі өндірістің жай-күйін, процестерді ең жақсы жағдайда жүргізу, авариядан қорғау, күрделі жүйені тоқтату және жүргізуді бақылап, қамтамасыз етіп отырады. Поз7 Бұл элемент технологиялық процестерді автоматтандырылған жүйелер арқылы басқару болып табылады.(АСУТП)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет