Атмосфераның ластануы. Зиянды химиялық және биологиялық заттардың табиғи және антропогендік көздері.
Атмосфералық ауада әр уақытта табиғи және антропогенді көздерден келіп түсетін қоспалардың біраз мөлшері болады.Табиғи көздерден шығатын қоспалар: шаң, тұман; түтін және газдар; өсімдіктерден және жануарлардан шығарылатын заттар.
Ластанудың табиғи көздері распределенными, космостық шаңдар немесе локальды, орман және дала өрттері, вулкандардың атқылауы жатады.Атмосфераның табиғи көздермен ластануы фондық болып табылады және уақыт өтуіне байланысты аздап қана өзгереді.
Атмосфераның антропогенді ластау көздерін автокөлік, жылуэнергетикасы, металлургия өнеркәсібі, мұнай және газ өндірісі, химия өндірісі, құрылыс материалдар өндірісі, ағаш өңдейтін өнеркәсіптері болып табылады. Атмосфералық ауаны ластайтын ең көп таралған заттар: көміртегі тотығы, күкірттің қос тотығы, азот тотықтары, көмірсутектер.
Атмосфералық ауаны ластайтын негізгі көздер
Қоспалар
|
Табиғи көздер
|
Антропогенді көздер
|
|
Шаң
|
Вулкандардың атқылауы, құйынды шаңдар,орман өрттері, т.б.
|
Өндіріс және тұрмыстық қондырғыларда отынды жағу
|
|
Күкірттің қос тотығы
|
Вулкандардың атқылауы, күкірттің және сульфаттардың тотығуы
|
Өндіріс және тұрмыстық қондырғыларда отынды жағу
|
|
Азот тотықтары
|
Орман өрттері
|
Өнеркісіп, автокөлік, жылуэлектрстансиясы
|
|
Көміртегі тотығы
|
Орман өрттері, теңіздерден бөлінуі.
|
Автокөлік, өндірістік энерго қондырғылар, қара металлургия өнеркәсібі
|
|
Ұшқыш көмірсктектер
|
Орман өрттері, табиғи метан
|
Автокөлік, мұнайөнімдерінің булануы
|
|
Полициклді ароматты көмірсутектер
|
----------
|
Автокөлік, химия және мұнай өңдеу заводы
|
|
Атмосфераға антропогенді әсерлердің зардаптары:
қалаларда, тұрғын пункттерде көптеген улы заттардың (СО, NO2 , SO2, CnHm, бенз а пирен, қорғасын, бензол т. б.) рұқсат етілген шегінен артуы;
NOх , CnHm заттарының атмосфераға қарқынды тасталуының нәтижесінде смогтардың түзілуі;
парниктік эффектінің пайда болуы (CO2 , NOх , O3, CH4 , H2O және шаңның артуынан);
озон қабатының бүлінуі (NOх , хлор қосылыстарының артуынан)
Достарыңызбен бөлісу: |