Байытылған колчеданды күйдіруге арналған КС-450 пешінің қайнаушы қабатының материалдық балансын жасау керек.
Байытылған колчеданмен ауа арқылы берілетін оттегі құрамында ылғал болғандықтан, колчеданның ылғалдылығын жəне ауа құрамындағы су буын да ескеру қажет
Энергетикалық баланс энергияның сақталу заңына негізделген.
Химиялық-технологиялық үдерістер энергияның əртүрінің (жылу, механикалық, электр энергия) жұмсалуымен байланысты. Бұл үдерістерде жылу энергиясының маңызы зор болғандықтан, жылу балансы жасалады.
Бұл жағдайда энергияның сақталу заңы былай айтылады: берілген өндірістік операциядағы жылудың кірісі – ∑Q кіріс осы операциядағы жылудың шығысына – ∑Q шығыс тең болуы қажет,
Химиялық технологияда химиялық- технологиялық үдерістің маңызды сатысы химиялық өзгерістерді оқыту ерекше орын алады.
Реакцияны жүргізу жағдайы бойынша изотермиялық (Т=const) жəне изотермиялық емес (Т≠const ); тұрақты немесе ауыспалы қысымда; адиабаттық (қоршаған ортамен жылу алмаспау) жəне адиабаттық емес (қоршаған ортамен жылу алмасу) реакциялар болып бөлінеді.
Бастапқы реагенттер мен реакция өнімдері бір немесе бірнеше фазалардан түзілуіне байланысты химиялық реакциялар гомофазалы жəне гетерофазалы болып бөлінеді.
Гомофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері бір фазада болады.
Гетерофазалы реакцялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері əртүрлі фазада болады.
Реагенттердің фазалық күйі бойынша гомогенді жəне гетерогенді реакциялар болып бөлінеді.
Реакцияның механизмі бойынша қарапайым, параллельді жəне кезектесіп жүретін реакциялар болып бөлінеді.
Шикізат – өнеркəсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар.
Жартылай өнімдер – сол мекемеде шикізатты өнеркəсіптік өңдегенде алынған материалдар жəне қандай да бір өнім алу үшін бастапқы материалдар ретінде пайдалану. Практикада жартылай өнім оны дайындайтын мекеме үшін дайын өнім, ал осы жартылай өнімді тұтынатын мекеме үшін шикізат болуы мүмкін. Мысалы, түсті металлургия зауытында алынған күкірт қышқылы сол мекеме үшін дайын өнім, ал минералды тыңайтқыштар өндірісінде шикізат болып табылады.
Шикізат кез келген химиялық-технологиялық үдерістің бөлінбейтін элементі жəне оның техникасымен экономикасын анықтаушы.
Химиялық-технологиялық үдерістерде негізінен периодтық жүйенің 60 элементі қолданылады.
Ал ірі тоннажды химиялық өндірістер шикізаттың белгілі бір түріне негізделген жəне шикізат өте үлкен мөлшерде қолданылады.
Химиялық өнеркəсіпте əртүрлі шикізат өнделеді.
Өнеркəсіпте шикізатқа жұмсалатын шығын өнімнің өзіндік құнының 60-70%-ы, ал мұнайхимиялық өнеркəсіпте 70%-дан астамын құрайды.
Химиялық өнеркəсіптің қуаттылығы, еңбек өнімділігінің деңгейі, құрал-жабдықтың пайдалы жұмыс істеу ұзақтығы дайын өнімді шығаруға еңбек шығынының дəрежесі шикізаттың түріне жəне сапасына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |