Химиялық процесс жылдамдығына әсер ететін факторлар.1
Концентрацияның әсері. aA +b B → cC +d D реакциясы үшін А және В заттары әрекеттесуі үшін олардың молекулалары (бөлшектері) соқытығысуы керек. Соқтығысу неғұрлым көп болса, реакция тез жүреді. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы неғұрлым көп болса, соқтығысу саны көп болады. Осыдан химиялық кинетиканың негізгі заңы – әрекеттесуші массалар заңы тұжырымдалады: химиялық реакцияның жылдамдығы стехиометриялық коэффициенттері дәрежесімен алынған әрекеттесуші заттар концентрациясына тура пропорционал. v = k • cAa • cBb Мұндағы k – жылдамдық константасы деп аталатын пропорционалдық коэффициент. k мәні неғұрлым үлкен болса, соғұрлым реакция жылдамдығы артады. Гетерогенді реакциялар үшін кинетикалық теңдеуде қатты заттардың концентрациясы есептелмейді. Өйткені олардың концентрациясы тұрақты, олар ауданы өзгеріссіз қалатын бетте ғана әрекеттеседі. Концентрацияның әсері. aA +b B → cC +d D реакциясы үшін А және В заттары әрекеттесуі үшін олардың молекулалары (бөлшектері) соқытығысуы керек. Соқтығысу неғұрлым көп болса, реакция тез жүреді. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы неғұрлым көп болса, соқтығысу саны көп болады. Осыдан химиялық кинетиканың негізгі заңы – әрекеттесуші массалар заңы тұжырымдалады: химиялық реакцияның жылдамдығы стехиометриялық коэффициенттері дәрежесімен алынған әрекеттесуші заттар концентрациясына тура пропорционал. v = k • cAa • cBb Мұндағы k – жылдамдық константасы деп аталатын пропорционалдық коэффициент. k мәні неғұрлым үлкен болса, соғұрлым реакция жылдамдығы артады. Гетерогенді реакциялар үшін кинетикалық теңдеуде қатты заттардың концентрациясы есептелмейді. Өйткені олардың концентрациясы тұрақты, олар ауданы өзгеріссіз қалатын бетте ғана әрекеттеседі.
Химиялық процесс жылдамдығына әсер ететін факторлар .2
Химиялық процесс жылдамдығына әсер ететін факторлар. Катализ Температураның әсері. Көптеген химиялық реакциялар жылдамдығы температураның артуымен артады. Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі Вант-Гофф ережесімен сипатталады: Гомогенді жүйелерде температураны әрбір 100С-қа көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы шамамен 2 – 4 есе аралығында артады.
Достарыңызбен бөлісу: |