Химияның қызықты тәжірибелері


Шырпы неге жалындап жанады?



бет3/3
Дата06.12.2023
өлшемі27.95 Kb.
#485649
1   2   3
Қызықты тәжірибелер

10. Шырпы неге жалындап жанады?
Стақанға сутегінің асқын тотығынан аздап құямыз да оған калий перманганатының біраз түйірлерін саламыз. Быжылдап газ бөлінгенін байқаймыз, ол бөлінген оттегі газы. Дәлелдеу үшін шала жанған немесе сөніп бара жатқан шырпыны стақанға жақындатамыз, шырпы лапылдап жанады. Ал оттегі жануды қолдайды.
11. Жанартаудың атқылауы
Әйнектің бетіне аммоний бихроматының біраз мөлшерін төмпешік тәрізді үйіп саламыз да оны сіріңкемен жағамыз. Қарайып жана бастаған аммоний бихроматы жанартау атқылаған тәрізді бейнеге енеді де жан-жағына шашырай бастайды.
12. Ерітіндінің түсін өзгерту
Суға зеленканың бірнеше тамшысын тамызамыз, жасыл түсті ерітінді пайда болды. Оған сутегінің асқын тотығының бірнеше тамшысын қосамыз. Оның үстіне күйдіргіш натр немесе кәріз тазалағыш сұйықтықтың бірнеше тамшысын тамызамыз. Біраз уақыттан соң ерітінді түссізденеді.
Бұл әдісті киімге түскен дақтарды кетіруге пайдалануға болады , бірақ сілтінің орнына аммиак ерітіндісін пайдаланамыз.

13. «Бағдаршам» жасау
Бұл тәжірибе ерітіндінің түсін тез өзгертуіне байланысты «бағдаршам» деп аталады. Алдымен калий перманганатын суға аз мөлшерін ерітеміз, қантты суға ерітеміз, екі ерітіндіні бір-біріне қосамыз да үстіне сілті немесе кәріз тазалайтын сұйықтықтан құямыз. Таңқурай түсті ерітінді алдымен көк түске сосын жасыл түске соңынан сары түске өзгереді. Неге?
Себебі: Калий перманганаты қантты сілтілік ортада тотықтырып, марганец диоксиді түзілді.

Пайдаланған әдебиеттер:


А. Мырзабаев. Н. Тұрбекова. Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар, 1993
А. Мырзабаев. Химияның қызығы, 1963
А. Мырзабаев. Химиядан кластан тыс жұмыстар , 1964
Интернет материалдары

«М. Дауленов атындағы мектеп-интернаты»КММ



Жұмыстың атауы: Химияның қызықты тәжірибелері

Жұмысты жасаған: Тоқтарбекұлы Елжас, Бөкембай Асылбек
Сыныбы: 9 «А»
Жетекшісі: Джаилмысова С.М.
Химия-биология пәні мұғалімі

Зайсан қаласы, 2017 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет