4. Шақпақ қантты қалай жағуға болады?
Егер бір түйір шақпақ қантты спиртшамның жалынына ұстаса , ол балқып көмірленіп күйе бастайды, бірақ жанбайды. Ал қант балқыған кезде үстіне темекі күлінен сеуіп жіберсе , қант от алып , әдемі көкшіл жалынмен дыбыс шығарып жана бастайды. Оның құпиясы мынадай: « Темекі күлінде шамалы литий тұзы болады, ол қанттың тотығуын тездетіп жандырады, яғни катализатор рөлін атқарады.»
5. Резиналы жұмыртқа
Жұмыртқаның қабығы кальций карбонатынан тұратынын бәріміз жақсы білеміз. Сірке суын пайдалана отырып, жұмыртқаны қабығынан қалай тазалауға болатынына көз жеткіземіз. Ол үшін бір шикі және бір піскен жұмыртқаны аламызда екі стақанға салып, сірке суымен толтырамыз. Жұмыртқа қабығынан көпіршіктер бөлініп шығып жатқанын байқауға болады, ол бөлініп жатқан көмірқышқыл газы. 2-3 күн өткен соң жұмыртқаны алып суық суға шайып көретін болсақ, шикі жұмыртқа резина тәрізді массаға, ал піскен жұмыртқа қоймалжың массаға айналады. Яғни төмендегі реакция жүзеге асады.
CaCO3+2CH3COOH=(CH3COO)2Ca+CO2 +H2O
6.Құмнан шыққан жылан
Ас содасы мен қант ұнтағын (сахарная пудра) араластырамыз, әйнектің бетіне құмды саламызда тегістеп оған спирт (изопропанол) құямыз да үстіне араластырған қоспаны салып от тамызамыз. Біраз уақыттан соң құмнан ирелеңдеп жылан тәрізді зат шыға бастайды.
7. Көпіршіктер жасау
Сұйық сабынның 20 мл алып , оған марганцовка ерітіндісін және сутегінің асқын тотығын құйып араластырамыз. Көпіршіктердің көлемі ұлғая береді.
8. Майшамды үрлемей өшіру
Ас содасынан 1-2 қасық тарелкаға салып, оған сірке суынан құямыз. Көмірқышқыл газы бөліне бастағанына көз жеткізуге болады. Жанып тұрған майшамға жақындатсақ майшам өшеді, себебі көмірқышқыл газы ауадан ауыр болғандықтан ыдыста жиналады және ол жануды қолдамайды.
9. Крахмалды анықтау
Ыдысқа суық су құйып оған нанның бір тілімін саламыз, оны кайтадан алып суға йод ерітіндісіне тамызамыз , біраз уақыттан соң су кара түске дейін өзгереді. Бұл дегеніміз крахмалдың бар екенінің белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |