Хирургия стандарт. Асептика және антисептика


«Варежка»байламын қою ережесі



бет11/36
Дата30.09.2022
өлшемі205.89 Kb.
#461675
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Хирургия стандарт. Асептика және антисептика

«Варежка»байламын қою ережесі.
Мақсаты: Білек байламын бекіту.
Көрсетілім: Жарақат, күйік, үсік, ірінді қабынулар.
Қоры: Жінішке таңғыш, қайшы.
Әрекет алгоритімі:
1.Білезіктер айналасына бекітуші айналым жасаныз.
2.Таңғышты білектің сыртқы бөлігінен жүргізіп өтіңіз
3.Таңғышты саусақтар арасынан жүргізіп, алақаннан білекпен білезіктерге қарай жүргізіңіз
4.Білекті жаба отырып, бірнеше қайталануын айналып жасаныз.
5.Таңғышты түпкіліктерге қарайалып, бағытын өзгертіп білезіктерге қарай бірнеше айналым жасаныз.
6.Сұқ саусақты бөлек таңыныз.
7.Білезік айналасына таңғышты белгіленіз.
«Жоғарғы түпкіліктерге таңғыш қою техникасы».
Мақсаты: Жоғарғы түпкіліктерді тасымалдау.
Көрсетілім: Жоғарғы түпкіліктермен бұғана жарақаттары.
Қоры: мақта - мата үшбұрыш тілімі, түйрегіш.
1.Науқастың жарақаттанған қолына физикалық қалып жасаныз.
2.Екі қолынызбен үшбұрыш жасай отырып, жаулықты өзінізге қойыныз.
3.Науқастың жарақаттанған қолының білегін, үшбұрыштың иықты шынтақтан кейін болатындай етіп теңденіз.
4.Орамал таңғыштың ұштарын науқастың мойнының артқы бетіне байланыз.
5.Орамалдың үш бұрышының басын иіннің алдынғы бетіне түйреуішпен бекітініз.
«Кеудеге спиральді таңғыш қою техникасы».
Мақсаты: Көкірек қуысына таңғыш қою.
Көрсетілім: Таңғыш көкірек қуысы жарақаттарында қолданылады.
Қоры: ұз 100-120 см ені 15-20 см таңғыш, қайшы, түйрегіш.
Әрекет алгоритімі:
1.Ұзындығы 100-120см таңғыш алыңыз.
2.Иықтан төмен қарай түсіріңіз.
3.Иық сызығын таңа отырып, таңғышты екі айналма ораммен көкірек қуысының семсер өсіңдісінен төмен бекітіңіз.
4.Көкірек қуысын спиральді айналымдармен қолтықастына дейін таңыныз.
5.Таңғышты түйреуішпен немесе лейкопластырьмен бекітіңіз.
6.Таңғыш ұштарын қарама–қарсы иыққа байлаңыз.
«Сүт бездеріне таңғыш қою техникасы».
Мақсаты: Таңғышты бекіту.
Көрсетілім: мастит, жарақат, сүт бездері күйіктерінде ота жасау.
Қоры: ені 20 см дәке, қайшы.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қарама-қарсы отырғызыңыз, манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.
2.Таңғыш ұшын сол қолыңызға, басын оң қолға алыңыз.
3.Сүт бездері үстіне екі бекітуші айналым жасаңыз.
4.Таңғышты қолтық астынан арқаға қарай алыңыз.
5.Таңғышты қарама-қарсы иыққа сүт бездерінің астыңғы жағынан алып бекітіңіз.
6.Таңғышты арқадан қолтық астына жүргізіңіз.
7.Сүт бездерінің үстінен алып, таңғышты сау сүт безі жақтағы қолтық астына өткізіңіз.
8.Сүт безі толық қамтылып жабылғанша ораңыз.
9.Сүт бездері үстінен екі бекітуші айналыммен таңуды аяқтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет