2-параграф. Вагон-цистерналарды сұйық хлормен толтыру тәртібі
200. Сұйық хлорды тасымалдау үшін дайындаушы зауыттың техникалық деректеріне сәйкес келетін вагон-цистерналар қолданылады. Олар:
1) сұйық хлорды шапшаң бөлетін клапандармен жабдықталған, құбыр жарылған кезде сұйық хлордың шығын автоматты тоқтататын сифонды құбырлармен құю (ағызу) үшін цистернаның бойлық осьінің бойымен орналасқан екі вентильмен;
2) газ тәріздес хлорды (абгаздарды) шығаруға арналған немесе вагон-цистернаның белгіленген нормадан астам толтырылуын болдырмайтын қысқа сифондармен қосылған сұйық хлорды тығыздау үшін газ беруге арналған цистернаның бойлық осьіне перпендикуляр екі вентильмен;
3) алмалы-салмалы манометр үшін вентилі бар штуцермен;
4) мембраналы сақтандыру құрылғысымен;
5) мембрананың тұтастығын тексеруге арналған тораппен;
6) сақтандыру клапанымен;
7) қорғағыш қалпақпен жарақталады.
201. Вагон-цистернаның имек вентилінің құрылымы оларды қашықтықтан басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
202. Ұйымға келген вагон-цистернаны ұйым өкілі вагон-цистернаның жүріс бөлігінің жарамдылығын және вагон-цистернасының қазандығын рамаға бекітілуін тексеру мақсатымен қарайды. Тексерістен кейін қорытынды техникалық байқау журналына енгізіледі. Жарамды вагон-цистерна мен жазба көшірмесі сұйық хлор цехына беріледі.
203. Вагон-цистернаны құю үшін дайындау арнайы жабдықталған орында немесе құю-ағызу орнында мынадай:
1) белгіленген растау мерзімі өткен және сақтандыру клапандары мен мембраналарын тексеру мерзімі өткен вагон-цистерналарды анықтау және бракқа шығару;
2) механикалық және басқа да ақауларды (сызат, пішіннің өзгеруі, коррозия және басқалары) және сыр мен жазбаның жай-күйін анықтау үшін вагон-цистернаның (корпустың, қалтарыс қабаттың, арматураның, мембраналы сақтандыру құрылғысының) сыртқы қабатының жай-күйін көзбен бақылау;
3) манометрлік вентильден тығынды алу және манометрдің көмегімен вагон-цистернадағы қалдық қысымды анықтау;
4) қалдық сұйық хлордың болуын анықтау үшін вагон-цистернаны өлшеу;
5) вентильдерден тығындарды алу және вагон-цистернаның барлық тиек арматурасының герметикалығын тексеру;
6) өнім құбырын вагон-цистернаның бойлық осінің бойымен орналасқан вентильге қосу, абгаз құбырын вагон-цистернаның бойлық осімен көлденең орналасқан вентильге қосу ретімен жүргізіледі. Өнім және абгаз құбырларын қосу алдында 13-тармағының талаптары орындалады;
7) цистернаның герметикалығын тексеру:
сығылған құрғақ газ желісімен қосылған абгаз вентилін ашып, вагон-цистернада 1,2 МПа қысым болады;
мембраналардың тұтастығын, арматуралар мен қосқыштардың герметикалығын (мембраналарды тексеруге арналған торапта вентилді ашу жолымен) тексереді.
204. Вагон-цистернаның герметикалығын тексеру ұйым өкілінің қатысуымен өтеді, ол сынақ нәтижесі оң болса, вагон-цистернаны толтыруға рұқсат береді.
205. Вагон-цистернаны құюға дайындау бойынша қосымша шаралар:
1) вагон-цистернада артық қысым болмаған кезде;
2) қалдықта 1 т астам сұйық хлор болған кезде;
3) 174-тармағы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде жүргізіледі.
206. Қосымша іс-шараларды жүргізу туралы толтыру журналында тиісті жазба жүргізіледі.
207. Хлор қалдығын вагон-цистернадан шығару қажет болған жағдайда хлорды көшіру:
1) басып тығыздау;
2) вакуумдау;
3) вагон-цистернаны құрғақ ауамен (азотпен) үрлеу арқылы жүргізіледі.
208. Ақауы бар арматураны (вентилдерді, мембраналарды, сақтандыру клапанын) ауыстыру немесе мембраналық сақтандыру құрылғысын тексеру вагон-цистернадан хлорды шығарғаннан кейін жүргізіледі.
209. Арматураны ауыстыру (тексеру) үшін:
1) қажеті аспаптар;
2) тесікті жабуға арналған тығын;
3) дайындаушы зауыттың паспортына сәйкес қысыммен қабырғада сыналған қосалқы жарамды арматура дайындалады.
210. Арматураны ауыстырғаннан (тексергеннен) кейін вагон-цистерна ауамен (азотпен) үрленеді және газ тәріздес хлормен толтырылады. Одан кейін құрғақ сығылған ауамен (азотпен) вагон-цистернадағы қысымды 1,5 МПа жеткізеді және жинақтағы вагон-цистернаның герметикалығы тексеріледі. Вагон-цистернаны үрлеу және герметикалығын анықтау тәртібі технологиялық регламентпен реттеледі.
211. Герметикалығына дайындалған және тексерістен өткен вагон-цистерналар мынадай ретпен сұйық хлормен толтырылады:
1) вагон-цистернаға өнім және абгаз желілерінің дұрыс қосылуы, бөлу желілерінде барлық вентильдердің жабылуы және манометрдің болуы тексеріледі;
2) абгаздардың сіңіру сызбасының жұмыс қабілеттілігі тексеріледі, одан кейін абгаз вентилі ашылады және вагон-цистернадағы қысым абгаз желісіндегі қысыммен теңестіріледі;
3) вагон-цистернадағы өнім вентилін ашады және салмағы бойынша вагон-цистернаны толтыруды бақылайды. Толтыру барысында арматура мен қосқыш желілердің герметикалығын бақылау қамтамасыз етіледі;
4) бос вагон-цистернаның (ыдыс салмағын) салмағын, вагон-цистернаның көлемін және белгілеген толтыру (таза салмағы) нормасын ескере отырып, сұйық хлор толтырылған (брутто салмағы) вагон-цистернаның салмағын белгілейді;
5) толтыруды аяқтағаннан кейін рет-ретімен вагон-цистернадағы өнім және абгаз вентильдерін жабады, қалдық хлорды алу арқылы құбырларды хлордан босатады және оларды вагон-цистернадан ажыратады.
212. Ұйым өкілі цех персоналымен бірге:
1) толтырылған вагон-цистернаның массасын хлор құю нормасына сәйкестігін;
2) арматураның, фланецті қосқыштардың герметикалығын және мембрананың тұтастығын тексереді.
213. Тексерістен кейін манометрден бұрын вентилді жабады, манометрді ағытып, жаңа паронит төсемдерін және барлық вентильдерде болат тығындарды орнатады.
214. Ұйым өкілінің толтырылған вагон-цистернаның белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы толтыру журналына жазылады.
215. Цехтың өкілі вагон-цистернаның люгінде орналасқан вентильдерге пломба қояды, одан кейін вагон-цистернаның люгіне қояды, сақтандыру клапанын ұйым өкілі пломба қоятын қорғағыш қақпаққа орнатады.
216. Вагон-цистернаға құйылған хлорға паспорт дайындалады және цех өкілі мен ұйым өкілі қолдарын қояды.
217. Сұйық хлор толтырылған вагон-цистерналар ұйым аумағында бір тәулік бойы тұндырылады. Осы уақытта хлорды ауысым сайын көзбен бақылау және оның ағуын бақылау жүзеге асырылады.
218. Тұндырылғаннан кейін вагон-цистерналар нақты тұтынушыларға жіберу үшін партиямен дайындалады және қабылдау үшін ілеспе жол басшыларға беріледі. Вагон-цистерналарды қабылдау-тапсыру тәртібі жіберуші станцияның техникалық-өкімші актілерінде анықталады.
3-параграф. Сұйық хлоры бар вагон-цистерналарды қабылдау және босату
219. Сұйық хлоры бар вагон-цистерналарды ұйым белгіленген тәртіпте актімен қабылдайды.
220. Ұйым басшысы жол басшымен бірге вагон-цистернаны көзбен тексереді, пломбалардың болуын, тиек арматурасының жарамдылығы мен герметикалығын, жіберілетін жүктің қабылдау-тапсыру актісі мен вагон-цистернаның паспорт деректеріне сәйкестігін тексереді. Қажет болған жағдайда вагон-цистерна өлшенеді және сұйық хлордың сапасы тексеріледі.
221. Вагон-цистернада ақаулықтар, жіберілетін жүктің акті мен паспорт деректеріне сәйкес еместігі анықталған жағдайда қабылдау-тапсыру актісіне ақаулықтарды жойып, айырмашылықтардың себебін анықтағанға дейін қол қойылмайды. Ол жөнінде актіде тиісті жазба жүргізіледі. Актінің бір данасы жол басшыға беріледі. Қажет болған жағдайда толтырушы ұйымның өкілі шақырылады.
222. Вагон-цистерналарды босату 175-199-тармақтарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
223. Босату жүйесі хлор құюдың аяқталғанын анықтайтын өлшемдерге жеткен кезде автоматты қосылып құюды тоқтату туралы жарық және дыбыс дабылымен жарақталады.
224. Хлор құюды тоқтатқаннан кейін вагон-цистерналардан кемінде 0,05 МПа қалдық қысымына дейін абгаздарды абгаз жүйесіне шығарады. Вагон-цистернадағы қалдық қысымның жоғарғы шегі қоршаған ортаның температурасына сәйкес келетін ыдыстағы қаныққан хлор буының қысымынан аспауы қажет (осы Талаптың 2-қосымшасы).
225. Вагон-цистерна құбыр өткізгіштерден ажыратылады, манометр алынады, тиек арматурасына стандарт тығындар орнатылады. Вагон-цистерна жинақта герметикалығына тексеріледі, одан кейін қорғағыш қалпақтар орнатылады.
4-параграф. Контейнерлер мен баллондарды толтыру
226. Тұтынушыдан келіп түсетін контейнерлер мен баллондар 174-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін ыдыстарды анықтау үшін тексерістен өтеді.
227. Контейнерлер мен баллондарды толтыруға дайындау тәртібі технологиялық регламентте көрсетіледі және мыналарды:
1) хлор қалдықтарын вакуумдап, кейін құрғатылған ауамен үрленген газдағы регламенттелген хлор құрамымен үрлеп көшіруді;
2) тиек арматурасын алуды және тексеруді;
3) ыдысты көзбен сыртынан және ішінен байқауды;
4) сыртқы қабатты сырлауды (қажет болған жағдайда);
5) жарамды тиек арматурасын орнатуды және бос ыдысты өлшеуді;
6) жұмыс қысымында ыдыс пен тиек арматурасының герметикалығын тексеруді;
7) ыдыстарда қоспалар болған және техникалық куәландыру (бұдан әрі-ТК) мерзімі өткен жағдайда оларды техникалық куәландыруды қарастырады.
228. Ыдыстарды техникалық куәландыру мынадай:
кейін құрғатылған ауамен үрленген газдағы регламенттелген хлор құрамына дейін үрлеп, хлорды көшіру;
арматураны алу;
жуу және ішкі бақылау;
ыдыстың төзімділігіне гидравликалық сынақ жүргізу (ТК мерзімі өткен ыдыстар үшін);
кептіру, таңбалау көлемінде орындалады.
229. Едәуір ақаулары бар және техникалық куәландыруға жататын контейнерлерді немесе баллондарды анықтау көзбен бақылау арқылы жүзеге асырылады. Тесіліп тотыққан, сызаттары бар, пішіндері өзгерген контейнерлер мен баллондар пайдаланудан шығарылады.
230. Ыдыстың ішкі жағынан ақауды, бөгде қоспалардың болуын (су, ластану, қабыршақ және басқалары) анықтау ішкі тексеріспен жүзеге асыралады. Бөгде қоспалар болған жағдайда контейнерлер немесе баллондар осы қоспаларды жою үшін жууға, одан соң жақсылап кептіруге жіберіледі.
231. Босатылған ыдыстың нақты салмағын анықтау және оның ыдыстың паспорт деректерінен ауытқушылығын айқындау үшін өлшеу жүргізіледі. Ыдыс массасы шекті мәннен артық шамаға кеміген кезде ыдысты кезектен техникалық куәландыру жүргізіледі.
232. Контейнердің немесе баллондардың герметикалығын өлшеу және тексеру ұйым өкілінің қатысуымен және бақылауымен жүргізіледі.
233. Сұйық хлормен толтырылатын ыдыстар таразыларға орнатылады және оларды таразылардың еркін жұмыс істеуін қамтамасыз ететін иілгіш жік қосқыштардың көмегімен сұйық хлорды беру желісіне қосады.
234. Контейнерлерді немесе баллондарды сұйық хлормен толтыру оларды белгіленген нормадан асыра толтыруға жол бермеу үшін салмағымен бақыланады.
235. Контейнерлерді толтыру вентильдерді бір-бірінің үстінен орнатқан кезде көлденең күйде жүзеге асырылады. Хлор құю абгаздарды бөлмей жүргізіледі. Құюды аяқтағаннан кейін сұйық хлорды құю температурасында қаныққан будың бір қалыпты қысымына сәйкес қалдық қысымға дейін жіберуге болады.
236. Толтырылғаннан кейін контейнерлер мен баллондар өткізу коммуникацияларынан ажыратылады және ұйым өкілінің қатысуымен бақылау таразыларында өлшенеді. Қайта өлшеу кезінде толтыру журналының деректеріне бақылау өлшеу деректерінің сәйкестігі тексеріледі.
237. Ыдыстың герметикалығын тексергеннен кейін вентильдерде тығындар орнатылады, қалпақ кигізіледі және ұйым өкілі контейнерлерге пломба қояды.
238. Ыдыстарға хлор құю жұмыстарын жүргізу және дайындау жүргізілетін орынжайларда толтырылған контейнерлер мен баллондарды жинауға және қоюға болмайды. Газдану болған жағдайда орынжайдағы жұмыс газдану себебін анықтап жойғанға дейін тоқтатылады.
239. Толтыру станцияларындағы толтыру рампалары бөлек орынжайда, компрессорлық станциядан бөлек орынжайларда және басқа да орынжайларда (оның ішінде сұйық хлор қоймасының бөлмелері) тұйық қабырғалармен орналастырылады.
240. Хлор ыдысын толтыруға дайындық бойынша барлық операцияларды жүргізу үшін орынжайларды бір орынжайға біріктіруге болады. Бұл жағдайда толтыру орынжайларының қабырғаларында ыдыстарды дайындау бөлімшесі жағынан толтыруға контейнерлерді беру үшін жабылатын ойықтардың болуына жол беріледі.
241. Толтырғаннан кейін контейнерлер немесе баллондар қоймаға түсіріліп, онда партиямен жиналады.
242. Жаңадан жинақталған партиялар кемінде бір тәулік ұсталады. Герметикалық ақауы бар контейнерлер мен баллондар хлор ағу себебін қалпына келтіру үшін цехқа кері қайтарылады.
243. Хлор ыдысы толтырылатын ұйымдарда төмендегі талаптар сақталған жағдайда аспа астынан контейнерлер мен баллондарды сақтауға болады:
1) жауын-шашын мен тікелей күн сәулесінен қорғауды қамтамасыз ететін төбенің болуы;
2) 308-тармағының талаптарына сәйкес болатын контейнерлер мен баллондарды орналастыру;
3) тиеу жұмыстарын жүргізу және өту үшін ыңғайлы контейнерлер мен баллондарды орналастыру үшін алаңдар дайындау, оны авариялық контейнерлер мен баллондардан хлордың ықтимал ағуын 9-тарау 2-параграфтың тиісті тармақтарының талаптарын ескере отырып, анықтау және шектеу жүйесімен жарақтау;
4) аспа астынан толтырылған контейнерлер мен баллондарды екі тәуліктен асырмай сақтау.
7-тарау. Техникалық жабдыққа, құбырларға және арматураға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
244. Жабдық пен құбырларды пайдаланудың нақты жағдайларын ескере отырып, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес белгіленеді.
245. Негізгі сыйымдылықтағы, жылу алмасу жабдығы мен құбырларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстардың ең шағын көлемі мен мерзімділігі осы Талапта 3-қосымшада келтірілген.
246. Хлор ортасында жұмыс істеген, қызмет мерзімі 10 жылдан аспайтын жабдықты, құбыр өткізгіштің арматурасын және құбырды теміржол вагон-цистерналарын, контейнерлер мен баллондарды техникалық жай-күйін сараптамадан өткізгеннен кейін және жаңадан белгіленген қызмет мерзімі туралы қорытынды болған жағдайда пайдалануға болады.
247. Құбырларды мерзім сайын іріктеп тексеру кезінде:
1) әр агрегаттың (компрессордың, тоңазытқыштың, конденсаттың, буфердің) кемінде екі учаскесі;
2) әрбір танкіден немесе өлшеуіштен газ тәріздес хлорды ағызу, құю құбырының екі учаскесі;
3) әрбір коллектор мен ұзындығы 100 м дейін цех аралық құбырдың екі учаскесі және әрбір толық 200 м және кезекті қалған ұзындық үшін бір учаске бақыланады.
248. Құбыр өткізгіштердің қабырғаларының қалыңдығы бұзбайтын бақылау әдісімен анықталады.
249. Қабырға қалыңдығын бұрғылап анықтауды бұзбай бақылау әдісін қолдану күрделі немесе мүмкін емес орындарда жүргізуге болады.
250. Құбырларды іріктеп тексеру нәтижелері қанағаттанарлықсыз болғанда қосымша іріктеп тексеру тағайындалады, қабырға қалыңдығы аппараттар мен коллекторлар, коллекторлар мен цех аралық құбырлары арасында әрбір 25 м ұзындықта бұзбайтын бақылау әдісімен жүргізіледі.
251. Егер құбыр қабырғасының қалыңдығы шекті мәннен аз болса, қосымша іріктеп тексеру нәтижелері қанағаттанарлықсыз деп саналады.
252. Құбырларды қосымша іріктеп тексеру нәтижелері қанағаттанарлық болса, толық тексеру тағайындалады, оның нәтижесі бойынша құбырларды ішінара немесе толықтай ауыстыру туралы шешім қабылданады.
8-тарау. Сұйық хлорды тасымалдау
253. Сұйық хлорды тасымалдау теміржол, автомобиль және су көлігімен жүзеге асырылады және тиісті көлік түрімен қауіпті жүктерді тасымалдауға қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарымен және осы Талаппен регламенттеледі.
254. Сұйық хлорды тасымалдау мүмкіндігінше ірі елді мекендерді айналып және аялдама саны аз қысқа маршрутпен және жүру жолында кешігусіз жүзеге асырылады. Сұйық хлорды теміржолмен тасымалдаудың ең ұзақ қашықтығы үш мың километрден аспауы қажет, ал автомобиль көлігі үшін 200 км аспайды.
255. Сұйық хлорды арнайы теміржол вагон-цистерналарында, контейнерлерде немесе баллондарда тасымалдайды, бұл ретте жөнелтуші ұйым:
1) тиеу және бекіту сызбасын әзірлейді және бекітеді;
2) тасымалдауға жарамды арматурасында тығындары мен қорғағыш қалпағы бар сұйық хлорлы вагон-цистерналарды, контейнерлер мен баллондарды жібереді.
256. Сұйық хлоры бар контейнерлерді тігінен тұрғызылған күйде бір қабатта (қорғағыш қалпақтарымен жоғары) жартылай вагондарда теміржол көлігімен тасымалдайды, көлденең күйде автокөлікпен тасымалдаған кезде бір қатарға қойылады.
257. Баллондар жабық вагондарда (қосалқы вагон жөнелтілімі), контейнерлерде теміржолмен және автокөлікпен тасымалданады.
258. Сұйық хлорды ақауы бар және пайдалану, техникалық куәландыру, жоспарлы жөндеу мерзімі өткен вагон-цистерналарда, контейнерлерде, баллондарда тасымалдауға болмайды.
259. Контейнерлер мен баллондарды орналастыру мен бекіту олардың жылжуын немесе жүру жолында құлауын болдырмауы қажет.
260. Баллондар тігінен орналасқан күйде торларда тасымалданады. Баллондарды:
1) қатарлардың биіктігі вагон қабырғасының немесе автомашина шанағы ернеуінің биіктігінің жартысынан аспайтын биіктіктегі көлденең қалыпта тасымалдауға болады. Барлық баллондар қалпақтармен (вентильдермен) бір қатарға салынады және бір-бірінен төсемдермен ажыратылады;
2) сақтандыру шығырлары болған жағдайда және баллондардың жылжуын (құлауын) болдырмайтындай етіп тиелген кезде торлары жоқ теміржол вагондарында тігінен тұрғызылған күйде тасымалдауға болады.
261. Контейнерлерді тиеу-түсіру жүк көтеру тетіктерін (кран, арқалық кран, автокран және басқалары) және қосалқы құралдарды (арнайы құрылымдық контейнерлердің жиектегіші) пайдалана отырып жүзеге асырылады.
262. Сұйық хлоры бар ыдыстарды көтеруге және орналастыруға арналған жүк көтеру тетіктері бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейтін екі тежеуішпен жабдықталады.
263. Сұйық хлорды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген Жүктерді тасымалдау ережесі және осы Талап басшылыққа алынады.
264. Сұйық хлор тиелген вагон-цистерналар жүк жөнелтуші немесе жүк қабылдаушы өкілінің ілесе жүруімен тасымалданады, ол өзімен бірге мыналарды ала жүруі қажет:
1) осы жүкпен ілесе жүру бойынша жол басшыға арналған нұсқау;
2) тиісті аспаптар мен материалдардың жинағы;
3) қорғау құралдары.
265. Жол басшылардың жүруі үшін жүк жөнелтуші жабын вагонмен қамтамасыз етіледі.
266. Әрбір жүк бірлігі мен қауіпті жүгі бар көлік құралы тасымалданатын жүктің қауіптілігін сипаттайтын таңбамен жабдықталады.
267. Тасымалдау қауіптілігі туралы ақпарат беретін таңбалау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген Жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарына сәйкес көрсетіледі.
268. Әрбір сұйық хлорды теміржол көлігімен жөнелту үшін жүк жөнелтуші жүк атауы көрсетілген құжаттарды қоса береді, мысалы: «Сұйық хлоры бар баллондар», «Сұйық хлоры бар контейнерлер», «Сұйық хлоры бар цистерна». Жүк құжатының үстіңгі бөлігінде қызыл түсті штемпель («Сұйытылған газ», «Улы», «Жоғарыдан түсірме»)қойылады, ал жүк атауының астынан авариялық карточканың нөмірі (мысалы: «№ 11 авариялық карточка» көрсетіледі.
269. Жүк құжатына ұйым сұйық хлоры бар вагон-цистерналардың немесе вагондардың жүру маршруты бойынша ықтимал хлордың ағуын жою үшін авариялық қызметі бар ұйымның тізбесін қоса береді. Тізбеде осы бөлімшелердің орналасу орны және диспетчерлік қызметтердің телефондары, жүк жөнелтуші ұйымдардың диспетчерлік қызметтерінің және жүк қабылдаушы ұйымдардың телефондары көрсетіледі.
270. Маневрді итеру және сұйық хлоры бар вагон-цистерналарды жоғарыдан түсіру арқылы жүргізуге болмайды. Көрсетілген жылжымалы құрам маневрлік локомотивпен тек жоғарыдан жүргізіледі.
271. Сұйық хлоры бар вагон-цистерналар пойыздардан немесе жинақталған құрамдардан тыс станцияларда тұрған кезде станцияның техникалық-өкімші актісінде көрсетілген ерекше жолдарда орнатылады. Бұл ретте тіркеледі, тежеуіш башмактармен сенімді етіп бекітіледі және жылжымалы тоқтату белгілерімен қоршалады. Осындай вагондар тұрағының жолына апаратын тілшелер осы жолдарға басқа жылжымалы құрамның өтуін болдырмайтын күйде орнатылады және жабылады.
272. Барлық алда тұрған маневрлік қозғалыстар туралы пойыз құрастырушысы сұйық хлоры бар вагон-цистернасымен ілесіп баратын ұйым өкілін ескертеді.
273. Хлоры бар жүкпен жүру жолында теміржолда авариялық жағдай болған кезде теміржол қызметтерінің, ұйым өкілдерінің және басқа да мамандардың іс-қимыл жасау тәртібі қауіпсіздік талаптарымен және қауіпті жүктерді теміржолмен тасымалдау кезінде авариялық жағдайларды жою тәртібімен және осы Талаптармен анықталады.
274. Сұйық хлоры бар контейнер мен баллондардың авариялық жағдайын жою бойынша автокөлікпен тасымалдау Автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдау, Қазақстан Республикасы аумағында оларды өткізу ережесінің талаптарына және қауіпті жүкті тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптарына («Қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысы) сәйкес жүзеге асырылады.
275. Хлорды тасымалдау қауіпті жүкті тасымалдау үшін жауапты, хлордың қасиетімен танысқан және оны автомобиль көлігімен тасымалдау шарттары және авариялық жағдайларды шектеу әдістері бойынша оқудан өткен жол басшысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
276. Сұйық хлорды автомобиль көлігімен тасымалдау алдын ала әзірленген, аялдама мен жүру жолында кешігу саны аз маршрут бойынша жүзеге асырылады.
277. Қауіпті жүктің жүру маршрутын және оның қозғалыс жағдайларын таңдау автокөлік ұйымының басшысына немесе қарамағында сұйық хлорды тасымалдауға арналған автокөлік құралы бар автокөлік бөлімшесінің басшысына жүктеледі.
278. Тасымалдау маршруты мен шарттарын таңдау кезінде мыналар басшылыққа алынады:
1) тасымалдау маршруты тиімді, мүмкіндігінше ірі елді мекендерді, табиғи қорықтарды, сәулет ескерткіштері, демалыс аймақтарын айналып өту;
2) елді мекендердің ішінде қауіпті жүк түкпірдегі көшелер арқылы ойын-сауық, мәдени-ағарту, оқу, мектепке дейінгі, емдеу ұйымдарын және адамдардың ықтимал жиналатын орындарын айналып өтіп жүргізіледі;
3) автокөлік құралының қозғалыс жылдамдығы белгілі жол қозғалысы белгілерін және нақты жол жағдайларын, бірақ 60 км/сағ аспайтын жылдамдықты ескере отырып орнатылады;
4) сұйық хлорды тасымалдау күндізгі тәулік уақытында жүргізіледі;
5) көру мүмкіндігі шектелген жағдайда (тұман, жаңбыр, қар жауу және басқалары) күрделі жол жағдайларында (көктайғақ, бұрқасын және басқалары) жүрген жағдайда хлорды автомобиль көлігімен тасымалдауға болмайды;
6) көлік құралын мәжбүрлі түрде тоқтату немесе қою қажет болған жағдайда жолдан тыс көлік құралын алу шаралары қолданылады және бұл талапты орындау мүмкін болмаған жағдайда тоқтаған орын авариялық тоқтау белгілерімен белгіленеді;
7) көлік құралы тоқтаған және тұрған кезде тұрақ тежегіші қолданылады, ал еңісте қосымша домалауға қарсы тірек қойылады;
8) сұйық хлорды тасымалдайтын көлік құралы жүктің барлық жолына қажетті отынмен қамтамасыз етіледі;
9) көлік құралы кабинасының төбесінде орнатылатын жалтылдайтын маяк жарамды күйде болады және автокөліктің қозғалысы кезінде де, сондай-ақ оны мәжбүрлі түрде тоқтату немесе қою кезінде де қолданылады.
279. Сұйық хлорды тасымалдау кезінде жүргізуші белгіленген тасымалдау маршрутын және онда көрсетілген барлық нұсқауларды сақтайды. Жол құжатында белгісі бар жүктің қозғалыс маршрутын жүкті жеткізуге жауапты тұлғаның рұқсатымен және жүру жолындағы нақты жағдайды ескере отырып (жол жөндеу немесе жолдың ақаулығы, адамдардың немесе автокөлік құралдарының шексіз көп жиналуы, басқа да осыған ұқсас себептер) өзгертуге болады.
280. Сұйық хлорды тасымалдау кезінде жүргізушіде мыналар болуы қажет:
1) жоғарғы бұрышында қызыл түспен жазылған «Қауіпті жүк» деген белгісі бар жол құжаты;
2) қауіпті жүкті тасымалдау маршруты;
сұйық хлорды тасымалдауға жіберу туралы куәлік;
4) көлік құралын баллондар мен контейнерлерде сұйық хлорды тасымалдауға жіберу туралы куәлік;
5) қауіптілік туралы ақпарат жүйесінің авариялық карточкасы;
6) сұйық хлорды автомобиль көлігімен тасымалдау нұсқаулығы.
281. Сұйық хлорды контейнерлерде немесе баллондарда тасымалдайтын көлік құралдары қауіптілік туралы ақпарат жүйесінің ақпараттық кестелерімен (белгілерімен) жарақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |