Сұрақтары:
-
Хормен жұмыс істеуде орындаушылық дағдыларды қалыптастыру тәсілдерін білесің бе?
-
Мәнер мен стиль ұғымдарының айырмашылығын ата.
-
Шығармалардағы штрихтар мен нюанстарды жасау әдіс – тәсілдерін жіктеп айт?
Қолданылған әдебиеттер:
-
Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.
-
Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.
-
Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.
-
Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.
-
Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.
-
Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.
10,11,12 - тақырыптар: Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға дағдылану
Жоспар:
-
Көркемдік кезеңнің мақсаты.
-
Қорытынды кезеңде жасалатын іс шаралар.
-
Әдеби мәтінмен жұмыс істеудеқолданылытын
Көркемдік кезеңнің мақсаты берілген шығарманы өзерту, көркемдеу. Ол екі фазадан құралады, әрқайсысы өзіндік міндеттерін көздейді.
Бірінші фазаның міндеттері:
мәтінді әуенсіз жаттату, бұл дегеніміз шығарма мәтінін музыкадан ажыратып, жеке туынды ретінде қарастыру. Мәтінмен жұмыс жасау кезінде дикцияға көп көңіл бөлу қажет. Дирижер мәтін сөздерін жаттатудың әдістерін өз еркімен таңдай алады, бірақ ең тиімдісі мозайкалық әдіс, яғни өлең жолдарын бірінен кейін бірін екі жол бойынша жаттату;
мәтіндегі көркем бейнелердің, сюжет жиілісінің мән мағынасын түсіндіре отырып, студенттердің өлеңге деген көзқарасын аңықтау, пікірін білу;
өлеңнің басты мәселесін, негізгі ойын білдіретін сөздерді, сөз тіркестерін топшалау.
Екінші фазаның міндеттері:
музыка мен мәтін сөздерінің үйлесімділігін аңықтау, егер де қандай да бір сәйкес келмеушілікті байқалынса, оның себептерін, сипатын аңықтай отырып тұсіндіру;
-
шығарманы әндету кезінде мәтін сөздері мен әуенді көркемдік дәрежеде үйлестіру.
3) Қорытынды кезеңнің мақсаты алғашқы кезеңдерде жасалған жұмыстың нәтижелерін біртұтас жүйеге біріктіру. Қорытынды кезеңнің мерзімін хор жетекшісі жұмыс жасау қарқындылығына, белсенділігіне, көрсеткіш деңгейіне байланысты өзі белгілейді.
Әдеби мәтінмен жұмыс жасау кезінде тілдегі ассимиляцияға қатысты мынадай жағдайларды ескерген дұрыс: а) ассимиляция сөйлеу процесінде толық түрде ұшырайды, яғни бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп толық еліктіреді. Сол сияқты “з ш” немесе “с ш” түрінде екі дауыссыз қатар тұрса, “ш ш” түрінде естіледі. Мысалы, бесжылдық (жазылуы) бешшылдық (айтылуы); ә) жартылай түрде, яғни дыбыстарды бір жақты еліктіреді. Бұл дегеніміз алғашқы буын қатаң дыбыстарға аяқталғанда келесі буыннан басталатын “б”, “г”, “ғ”, “ж” дыбыстары айтуда қатаңдап “п”, “к”, “қ”, “ш” дыбыстарына айналады. Мысалы, тұңғыш балаң (жазылуы) тұңғышпалан (айтылуы); б) ”қ”, “к”, “ғ”, “г” дыбыстарының алдынан келген “н” дыбысы “ң” дыбысына айналады. Мысалы, сен қайдағы (айтылуы сең қайдағы); в) “б” және “п” дыбыстарының алдынан келген “н” дыбысы “м” ға айналады, мысалы, сен бердің ( айтылуы сем бердің); г) “р”, “л”, “ш” дыбыстары сөздің басында келсе, олардың айтылуы ыңғайлы болуы үшін алдынан “ы”, “і”, “ұ”, “ү” дауыстылары қосылады.Мысалы, рас (ырас), лайық (ылайық).
Осы айтылған ескертулерді хор жетекшісі дикциялық орфоэпиялық ансамбль құру кезінде міндетті түрде орындай отырып, оқушыларға түсіндіруі қажет. Мақсаты: оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде түсіне отырып орындауға дағдыландыру.
Вокалдық хор жанры интерпритациялау мен қатар, музыкалық және әдеби мәтінді дұрыс айта білу дағдысын қажет етеді. Өйткені хор шығармасы сөз бен әуеннің синтезінен құрылған туынды болып табылады. Көрермендерге әсер ету дәрежесіне байланысты хор жанры бірқатар жетістіктерге ие болғанымен, орындаушылар үшін әдеби мәтінді музыкамен үйлестіре білу жағынан біршама қиындық келтіреді.Осы тұрғыда хор жетекшісі төмендегі талаптарды ескеру қажет:
1) мазмұндылық, яғни музыкалық көркем бейненің мәтін сөздерімен үйлесімділігі;
2) әдеби және музыкалық композицияның өзара байланысы;
3) көркемдеуші құралдардың бірлігі: бұл дегеніміз вокалдық декломация, музыкалық және сөйлеу интонациясының өзара сәкес келуі, музыкалық үлес пен әдеби синтаксисінің уақыт ара қатынасына сәйкес үлесімен тепе теңдігі және сөз бен әуен акцентуациясы мен фразировканың байланысы.
Хор жетекшісі шығарма мәтіннің өзіндік айтылу ерекшеліктеріне де көп көңіл бөлу қажет. Мысалы, марш екпініндегі ерлік, батырлық тақырыбындағы немесе патриоттық мазмұндағы шығармалар кең тынысты, салтанатты орындалып, дауыссыз дыбыстарды нық, ад дауыстыларды іріленіп, қомақталынып айтылуын қажет етсе, лирикалық әндер керісінше дауыссыз дыбыстардың жұмсақтау, әрі қысқа, ал дауыстылардың барынша созылыңқырап айтылуын талап етеді.Сонымен қатар әдеби мәтіннің айтылу ерекшелігі хор фактурасының стиліне де байланысты. Мысалы: музыкалық дамуда қосымша дауыс немесе полифониялық әдіспен жазылған шығармаларда бірнеше дауыс өз алдына воекалдық желі құрып, дербес дамып отыратындықтан ән сөздері барлық партияларда бір мезгілде айтылмайды.
Қорытындылай келсек, вокалды хор шығармасының әдеби мәтініне байланысты мәселелердің бірі әдеби тілдің орфоэпиялық заңдылықтарын сақтап, мәтінді жазылуы бойынша емес, айтылуы бойынша орындай білу. Орфоэпияның негізін тіліміздегі үндестік заңдары: ассимиляция (дауыссыз дыбыстарына қатысты байланыс) және сингармонизм (дауыстылардың бір бірімен үндесуі) құрайды. Яғни, сөз аралығында және сөз ішінде қатар тұрған екі дауыссыз дыбыс бір біріне ықал ету арқылы өзгеріске ұшырайды. Сондай ақ, дауыссыздарға дауыстылар да әсерін тигізеді. Дауыстылардың бір біріне ықпал етуі де заңды құбылыс. Мектеп әндерінен алынған сөз тіркестерін дәлел ретінде келтірейік:
а) Көмкерді көк жиекті (айтылуы «көгжиекті»);
ә) Қолқанат құс сен едің (айтылуы « қолғанат»);
б) Талдан таяқ жас бала ( айтылуы «таяғ»);
в) Әлемге ортақ көңілдің ( айтылуы « әлемгортақ»);
г) Жүрсек те аспан төрінде (айтылуы «жүрсектаспан»);
д) Толқиды ой (айтылуы «толқидой»);
Осыған сәйкес жасайтын қорытындымыз: үндестік заңдылығына сәйкес бұрын тұрған дыбыс өзінен кейінгі дыбысқа, кейінгі дыбыс өзінен алдыңғы дыбысқа, қатар тұрған екі дауысты бір біріне әсер ету нәтижесінде қандай да бір дауыссыз дыбысты басқа дыбыспен алмастырады немесе екі дауысты қосарланып бір дыбысты ғана береді.
Ән айту орфоэпиясы мен тілдік орфоэпия үнемі сәйкес келе бермейді. Орыс тілінің орфоэпиясы дауысты дыбыстарға дауыс екпіні түспеген кезде олардың көмескі естілуімен ерекшеленеді. Ал қазақ тілінде екпін түспеген дауысты дыбыстар қандай дыбыстардың қоршауында келсе де, өздерінің үндік сапасын өзгертпейді. Демек олар партитурада қалай жазылса, айтуда да солай аңық көмескіленбей орындалады.
Дауыс екпіні бір сөз бен екінші сөзді, кейде бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін ажыратып тұрады және де тыныс алу, жеке дыбыстарды дұрыс оқу, сөздің айтылу қалпын сақтауға жәрдемдеседі. Сондықтан да хор жетекшісі дауыс екпініне көп көңіл бөлуі қажет.
Хорда вокалдық хор дағдыларын дамыту мақсатында өткен заманның және қазіргі таңдағы прогрессивті, нәтижелі және іс тәжірибемен дәлелденген әдіс тәсілдерді қолдану қажет. Соның ішінде қазіргі уақытта кең қолданылып жүрген артикуляцияға және тыныс алуға байланысты жаттығу түрлерін атап өтсек:
а) бірінші дыбысты әндетпей тұра, оны алдын ала санамызда елестетіп, өз ішімізден әндету арқылы жаңғыртуымыз қажет (психологиялық дайындық);
ә) шығарманың әуенін дауысты «у» дыбысына вокализ түрінде стаккато штрихымен әндету. Мақсаты: дыбысты дұрыс атакалау және интонациялауды тазарту, форсировканы жою.
б) берілген музыкалық шығарманы «лю» буынына вокализациялау, мақсаты: дауыстардың боялық реңін өзара теңестіру, кантеленаға қол жеткізу, фразировканы жетілдіру;
в) әншілер даусын тәрбиелеудің негізгі көрсеткші болып есептелетін пиано динамикасын жаттығулардың көпшілігінде қолдану;
г) жоғары қарай бағытталған интервалды әндеткенде жоғарғы дыбысты төменгі позицияда, ал төмен бағытталған интервалдың төменгі дыбысын жоғарғы позицияда әндету қажет;
д) тыныс алу аппаратының белдсенді қызметін жүзеге асыру мақсатында мәтін сөздерін жақсы артикуляциямен сыбырлау немесе дауыстап айту қажет;
е) мәтін сөздерін сөйлеу диапазонына қарағанда бірдей биіктікте, жоғарғы регистрде әндету;
ж) сөйлеу декламациясына көп көңіл аудару, өйткені оқушылар мәтін сөздерін мәнерлеп оқыған кезде шығарма мазмұнын жете түсініп, көркем образдарды айқын елестетіп, мән мағынасын ұғады.
з) мәтіндегі жеке фразалардан мағына жағынан үйлесетін сөз тіркестерін, жеке сөздерді топшалау және берілген шығарманың әрбір шумағының өзекті тақырын аңықтау;
Сұрақтар:
-
Хорда көркемдік бейнені ашу үшін қажетті вокалдық дағдыларды ата.
-
Көремдік бейнені жасауда қолайлы әдіс – тәсілдерді ажырата аласың ба?
-
Шығарманың көркемдік бейнесін ашуда әдеби мәтіннің ролін анықтап бер.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Г.А.Дмитрискийдің. Хор және оны басқару.
-
В.А.Самарин. «Хроведение и хоровая аранжировка».
-
Әсембекова К. «Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері»
13,14,15 – тақырыптар: Шығарманың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру
Жоспар:
-
Шығарманың жанрлық мазмұнын ашуда ансамбльдің алатын орны.
-
Стильдік ерекшеліктерді хор дағдыларын меңгере отырып түрлендіру.
-
Шығарманың көркемдік жағын сазгерлер берген нұсқаға жақындату мақсаты.
Ансамбль құру күрделі үрдіс. Өйткені шығарманың сипатын, нюанстерін, жеке фразалардың айтылу ерекшелігін әркім әрқалайша сезініп түсінеді. Ал ансамбль өзара “үндестікті”, “үйлесімділікті”, “бірлікті” талап етеді. Хор мүшелері өз тарапынан бұны, яғни өзіндік ән айту мәнерін басқа біреудің әндету мәнеріне сәйкестендіруді, әртіс еркіндігін шектеу деп қате ұғынуы мүмкін. Бірақ оқушылар бірте бірте осы тұжырымның қате екендігін мойындайды. Шынайы ансамбль басқа біреудің даралық еркіндігін шектеу, қандай да бір қысым көрсетуді мақсат етпейді, керісінше ансамбль мүшелері арасында сыйластық, достық, сенімділік, түсінушілік секілді қасиеттерін талап етеді.
Хор ішінде жеке ансамбль орнату үшін ең алдымен белгілі бір дыбысты жеке бір партияға ғана айтқызу, одан кейін осы дыбысты бір уақытта екі партиямен қатар, одан кейін үшінші партияны қосып орындату қажет. Сөйтіп унисондық дыбысталу өзара теңестіріледі. Нәтижесінде барлық патиялар арасында унисондық үйлесімділік, яғни ансамлдің басты элементі қалыптасады.
Жалпы балалар хорымен жұмыс жасауда “унисондық дыбысталу” маңызды орын алады. Өйткені таза унисон балалар хорына тән интервал және ол көпдауыстылықтың негізін қалайды.
Унисондық дыбысталуды жасау үшін келесі жаттығу түрін қолдану тиімді: “лю” және”ле” буындарын бір дыбыс биіктігінде әндету немесе белгілі бір әуен үзінділерін бір дауыста орындату. Осы аталған жаттығулардың көздейтін басты мақсаты таза унисонды қалыптастыру, дамыту болып табылады.
Сонымен қатар унисондық дыбысталу түрін жетілдіруде барлық дауысты дыбыстар ішінен “у” дауыстысын таңдау маңызды. Бұл “у” дыбысының жасалу жолының ерекшелігіне байланысты. Еске сала кетейік “у” дауысты дыбысы ауыз қуысының кеңдеу ашылып, тілдің артқа тартылуы және еріннің шеңберленуі арқылы жасалады. Сонымен қатар дауысты “у” дыбысы арқылы көмкеріп айту өте ыңғайлы және жеңіл. Осылайша хор мүшелері ән айтудың бірдей мәнеріне дағдыланады.
Унисондық дыбысталумен жұмыс жасау кезінде жабық ауызбен әндету түрін кең қолдану қажет. Өйткені бұл тәсіл оқушылардың есту қабілетін күшейтіп, жоғарғы вокалдық позицияны сезініп, ұғынуға тікелей септігін тигізеді. Бірақ оқушылар үшін “у” дыбысына қатысты құрылған жаттығулар әлі де болса қиындық келтіреді, сондықтан да оны жиі қолдануға болмайды.
Сонымен қатар жеке ансамблмен жұмыс жасау барысында оқушылар техникалық тәсілдерді қолдану жағынан да, түрлі нюанстерді орындауда да бірдей болу қажет.
Ансамблді қалыптастыру үрдісінде әрбір дауыспен жеке жұмыс жасау қажет, яғни берілген шығарманың әрбір партиясын әрқайсыларына басынан аяғына дейін жеке жаттату қажет, сонан соң ғана басқа партияларды қосуға болады. Бұл аса қиындық келтірмейтін үрдіс, өйткені басқа партиялар жекелей жұмыс жасау нәтижесінде өз дауыстарын жетік меңгеріп алған болады. Осылайша жеке партиялармен жұмыс жасау негізінде жүргізілетін хор сабақтары аса нәтижелі және сапалы болады.
Сонымен қатар хор ішінде ансамбльді орнату дирижердың, яғни хор жетекшісінің дарындылығына, шеберлігіне, педагогикалық әдіс тәсілдерді, жұмыс жасау формасын дұрыс таңдай алу қабілетіне байланысты. Әсіресе жеке партиялар мен топ арасындағы сан және сапа жағынан тепе теңдікті сақтау аса маңызды шарттардың бірі. Егер де белгілі партия немесе топ ішінде дауыс санының жетіспеушілігі туындаса немесе дыбыс сапасы қажетті деңгейде болмаса, ансамбль құру қиындайды. Өйткені хор ұжымында бірдей әншілік мәнерін, бірдей вокалдық тәсілдер мен дағдыларды, бірдей эстетикалық талаптарды қалыптастырмайынша хор мүшелерінің дауыстарын бояу және күш жағынан теңестіру мүмкін емес.
Хор партиялары вокалдық дыбысты қалыптастыру үшін арнайы тәсілдер мен дағдылардың бірдей түрін қолданса ғана жалпы хордың ансамблін жасай алады. Ескерту: мұрынға салып айту немесе вибрациямен орындауға тыйым салынады.
Оқушылар хорына қажетті ансамбль түрі – ырғақтық ансамбль. Бұл ансамбль түрінде ең бастысы дұрыс тыныс алу, яғни автордың ойластырған екпініне сәйкес алынуы қажет. Шығарма ішінде екпін ауысқан жағдайда немесе қарама қайшы музыкалық қозғалыс түрлерін салыстырғанда, алғашқы екпінді қысқартуға немесе ұзартуға болмайды. Хор жетекшісі бұл жағдайда оқушылырдан музыкалық фразаны “аяғына дейін тыңдап”, “соңына дейін әндетіп” жаңа екпінге көшуді талап етуі қажет. Дұрыс ырғақтан сәл ғана аутқу әдеби мәтінді мәнерлеп айтудан туындайды, бұл жағдайда екі сегіздік ноталар нүктелі сегіздік ұзақтығында айтылуы мүмкін.
Динамикалық ансамбль жасауда музыкалық нюанстерді көрсете білу аса маңызды. Бұл музыканың көркем, мәнерлі, әсерлі болып шығуының басты кепілі. Сондықтан да хор жетекшісі динамикалық ансамбль жасауда нюанстерге көп көңіл бөлуі қажет.
Интонациялық ансамбльдің деңгейі оқушылардың есту қабілетіне, стройды тұрақты ұстап тұру, дұрыс тыныс алу, дыбысты өз нақышына салып, вокалдық позицияда орындау сияқты дағдыларына тікелей байланысты. Интонациялық ансамблді дамытудың алғашқы сатысы унисондық дыбысталудан басталады. Өйткені таза унисон – дұрыс интонациялаудың және көпдауыстылықтың басты көрсеткіші болып табылады.
Ансамбльдің метроритмикалық түрі ырғақты терең сезіне білу, өзара ажырата алу, ырғақ өзгерісіне тез арада икемделе алу, бірдей етіп тыныс алу, мәтін сөздерін бір уақытта бастап аяқтау, шығарманың қатты және әлсіз үлестерін ажырата алу, дыбысты біркелкі атакалау секілді қабілеттер мен дағдыларына негізделеді.
Осындай ансамблге қажетті дағдылар мен қабілеттерді тікелей вокалдық жаттығулар арқылы қалыптастыруға болады.
Орта буын хорына жаттығу таңдау кезінде микстовті және кеуде регистрлерін қамту қажеттілігін ескеру қажет. Кеуде регистрлеріне арналған жаттығулар төменгі дыбыстардан басталып, әуен жиілісі жоғары қарай өрбиді.
Көп жағдайда, дауысты жаттықтыру үшін белгілі бір әуен үзіндісін немесе келешекте орындалатын репертуардың кейбір бөлімдерін қолдану аса тиімді. Бұл жағдайда жаттығу қандайда бір буынға немесе жабық ауызбен әндетіледі. Кез келген буынды таңдау кезінде дауысты дыбыстардың ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы, “е”, “ю”, “я” секілді дауыстылар бас регистріне арналады, ал “и” дауысты дыбысы өте ашық дыбысталады. Ауыз қуысын еркін ашып жаттықтыру үшін “бай” және “дай” буындарын айтқызу тиімді. Артикуляциялық аппараттың артқы бөлімдерін жетілдіру мақсатында “о” және “у” дауысты дыбыстарын айтқызу қажет, ал жұмсақ таңдайды дамыту үшін жабық ауызбен біртіндеп “ма”, “на” буындарына көшу қажет. Бұндай көпдауысты жаттығулар орташа екпінде, белсенді тыныс алу арқылы легатоға орындалуы шарт.
Ансамбль бұл интонациялық, үн құрылымдық, тембрлік, динамикалық, метроритмикалық, агогикалық, дикция орфоэпиялық, тесситуралық, фактуралық деп ажыратылатын жеке ансамбль түрлерінің жиынтығынан құралады. Осы тұжырымды ескере отырып, зерттеу іс тәжірибесінде төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік:
хордағы әрбір әншіні басқаларымен дыбыс күші мен тембр жағынан үйлестіру үшін “жеке ансамбль” түрін қолдандық.
әрбір партия өз ішінде теңесіп, бір күйге түсіп, үйлескеннен соң, хордың толық дыбысталу тепе теңдігін қалыптастыру мақсатында “жалпы ансамбль” түрін қолдандық.
хордағы әрбір әнші партия ішінде ансамбль құруда дыбыс биіктігі жағынан таза унисонды құрай алуы қажет. Сондықтан да бұл дағдыны “жеке стройдың” әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастыруды көздедік .
жеке және жалпы ансамбль түрлерін өзара құрай алған, интонациялау жағынан үндескен әрбір партия өзге де партияларға құлақ салу арқылы бір бірімен үйлесуі үшін хор ішінде “жалпы стройды” қалыптастырдық.
Қорытындылай келе, хорда ансамблді құру кезінде тембр, динамика, ырғақ, дикция, артикуляция, агогика, интонацияға байланысты ансамбль түрлерінің әрқайсысына көп көңіл бөлу қажет, өйткені хордың үйлесімді, көркем болып шығуы ансамбль түрлерінің сабақтастығынан туындайды.
Сұрақтары:
-
Жанрлық жағын ашуда ансамбльдің алатын орны.
-
Шығарманың стильдік құрылымы немен анықталады?
-
Көркем бейнесімен жұмыс барысында сазгер көрсеткен ескертулерді жіктеу әдісін түсіндір?
Қолданылған әдебиеттер:
-
Ермаш Г.Л. Искусство как творчество. М., Искусство, 1972.
-
Живов В.Исполнительский анализ хорового произведения. М., 19867
-
Живов В.Л. Хоровое исполнительство: Теория (методика). М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 2003.
-
Жирмунский В.М. Введение в метрику. Л., 1925.
-
Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Екінші рет толықт., түзет. және қайта өңд. бас./орыс тілінен аударған Құсаинова М.А. М.: Логос, Алматы: ТSТ company, 2005.
ҮІІ - семестр
1,2 - тақырып: Хорға арналған арнайы жаттығулар.
Жаттығулар, көп дауыстылық
Жоспар:
-
Унисондық дыбыс шығаруға арналған жаттығулар.
-
Октавалық унисонның ерекшеліктері.
-
Күрделі жаттығуларды меңгеру.
Жаттығулар хор сабағының құрамдас, ажырамас бөлігі. Тікелей жаттығулар арқылы хордағы вокалдық дыбысталу жүйесі қалыптастырылады. Олар белгілі бір жүйеде құрылып, оқушылардың әншілік дағдылырының даму екекшелігіне сәйкес қолданылады.
Хорындағы дауыс қыздыру жаттығулары 20 30 минуттай жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар жаттығулардың барлығын тік тұрып орындау қажет. Олардың әрқайсысы белгілі бір мақсатты қөздеуі шарт. Және де оларды әр сабақ сайын ауыстырып жаңартудың қажеті жоқ, дейді К. Никольская Береговская. Өйткені балалар өзіне таныс әрбір жаттығудың мақсатын, талаптарын біле отырып, оларды одан әрі сапалы, дұрыс орындауға тырысады. Сөйтіп жаттығудың орындалу деңгейі жоғарылай түседі. Жаттығулар жиынтығы музыкалық сауаттылықпен тікелей байланысты болуы қажет. Сонымен қатар жаттығулар берілген шығармаға байланысты таңдалады, көп жағдайда хор жетекшісі сол шығарманың қиын деген жерлерін жаттығу ретінде қолданады.
Жаттығу дегеніміз мақсаттың өзі емес, ол хор дағдыларын жетілдіруші басты құрал екендігін естен шығармау қажет. Осыған қатысты белгілі дирижер педагог А.В. Свешников өзінің іс тәжірибесімен бөлісе отырып, мынадай кеңес береді: “ хорымен жұмыс жасау кезінде ешбір сүйемелдеусіз, дауысты “а” дыбысын әндету қажет. Өйткені адам өз табиғаты бойынша ешбір кедергісіз, табиғи ашық әндетеді, ал “а” дыбысы әндетуге ең қолайлы, жағымды естілетін дыбыс болып табылады”. Ансамблмен жұмыс жасаудың алғашқы сабақтарынан хор жетекшісі вокалдық техникасы жағынан жаттықтыру үшін, көп жағдайда, 3 4 тактіден құралатын музыкалық үзінділерді таңдайды немесе өз ойынан құрастырады (кіріспе, динамика, агогика, түрлі штрихтар). Осындай музыкалық мысалдар міндетті түрде белгілі бір мақсат көздейді, мысалы, таза унисонды қалыптастыру немесе дикцияны дамыту. Осыған сәйкес қойылатын талаптар да өзгеріп жатады. Музыкалық мысалдарды хор мүшелері бір не екі дауыста орындауы мүмкін. Бірақ хор сабағында бірізділік принципіне сәйкес қарапайым жаттығуларынан бастап, біртіндеп күрделендіру қажет. Мысалы, алғашқыда “ми” және “соль” дыбыстарын жеке жеке унисонмен айтқызу, содан кейін екі дыбысты қосып, терциялық интервалды жасатуға болады.
Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстын бірқалыпты шығуына, тыныстын дұрыс алынуына және жуан дауысты дыбыстардың еркін созылып, ал дауыссыз дыбыстардың анық қысқа айтып орындалуына үнемі мән беріп отырған жөн. Әрбір буындағы дауысты дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау керек. Дикцияны жаттықтыру үшін әртүрлі буындарды (ди, да, ри, ра, мо, му т.б.) ақырын және жылдам айтқызу өте -мөте пайдалы. Интонацийның таза болуына ерекше көңіл аударған жөн.
Хор басқарушы бұларды, ен алдымен, қысқа және жеңіл әрі жай айтылатын жаттығулардан бастағаны дұрыс. Себебі, баяу созып айту әншінін өзін бос ұстап, дауыстың еркін шығуына мүмкіндік жасайды. Жаттығуларды бірте-бірте күрделендіріп, әншілердің дауыс аппаратын бір жүйеге келтіру жағынан да унемі қадағалап отыру қажет.
Хорға қатысушы әншілердін, жеке дауыстары жақсы болғанымен, ән айту кезінде тынысты дұрыс ала білмесе хор өзінің мүмкіндіктерін толық көрсете алмайды. Әншінің тынысты дұрыс ала білуі оның әнді орындағанда, қиналмай еркін айтуына көмектеседі, ән айтқанда иықты көтермей демді ішті ұстап тұрып, аз кідіріп барып тыныс алғаннан кейін бірден бастап кету керек.
Мұндай кідіріс әншілердің демін реттеуге және әнді дережердың қолына қарап, бір мезгілде бастауға мүмкіндік береді. Ән айтқанда демді үнемдеп пайдалану керек. Демді дұрыс алудың тәсілін хор жетекшісінің іс жүзінде көрсеткені дұрыс.
Хорға бірінші рет кірген жас әншінің дауыс диапазоны дәл өзінің дауыс партияларына сәйкес үлеспей қалады. Мұның себебі әншілік бағытта жаттықпағаннан болады. сондықтан үйірме бастығы әншілердің дауыстарын жеке байқап дауыс партияларына сәйкес үлестіру жағынан өте сақ болуы керек. Егер де әншілердің дауысы өзінің диапазонына қарай бөлінбесе әншілердің дауыстарын тез бұзып алуы мүмкін. Сондықтан ең алдымен әншілердің дайыстарымен танысып байқап алған жөн. Хорға кірген әншілердің дауыстарын дұрыс айыру үшін үйірме бастығы мүмкіншілігіне әншілермен алдымен біраз жаттығу жұмыстарын жүргізеді.
Алғашқы жаттығу жұмыстарын бүтін, жарты, ширектік ноталарды дыбыстарды, әндетіп айтудан бастау керек. Бұл жаттығу жұмыстары түрліше болуы мүмкін.
Мысалы, дыбыстарды бүтін ноталармен айту, дыбыстарды квинта маңында, гамма бағытымен төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай айтып жаттығу. Мұнымен қатар дыбыстарды кіші арпеджиомен де айтып жаттығуы керек. Қысқасы үйірме бастығы өзі де ән сала білуі және әншілердің дауыстарын жақсы біліп, оларды өз дауыстарына қарай дауыс партияларына бөле білуі керек. Жаттығуға мынандай мысалдар келтіреміз.
дұрыс айыру үшін үйірме бастығы мүмкіншілігіне әншілермен алдымен біраз жаттығу жұмыстарын жүргізеді.
Алғашқы жаттығу жұмыстарын бүтін, жарты, ширектік ноталарды дыбыстарды, әндетіп айтудан бастау керек. Бұл жаттығу жұмыстары түрліше болуы мүмкін.
Сұрақтар.
-
Жаттығу дегеніміз не?
-
Арнайы және қыздыру жаттығуларына мысал келтіріңіз?
-
Көп дауысты ән айтуға машықтану.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988
-
Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993
-
Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969
3 - тақырып: Ән айту қалпы, тыныс алу түрлері
Жоспар:
-
Ән айту қалпы.
-
Әншілік тыныс алу.
-
Тыныс алу түрлеріне сипаттама.
-
Дыбыстық қалыптастырумен байланысты қабілеттері.
Ән айту қалпы дегеніміз - Әншінің мойын мен бас аумағының дұрыс орналасуы, ол әншінің жақсы ән айтуына көмектеседі.
1- ші тоқталатын сұрақ, бұл, әнші ән айтқан кезде қалай орналасады: әнді тұрып айта ма, әлде отырып айта ма соған байланысты.
Ән айтудың ең кең таралған түрі «тұрып айту». Хордың қатысушылары да концертке дәл осындай қалыпта шығады. Бұл жағдай сонымен қатар дұрыс әншілік қабілеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ән айтушы кеудесін көтеріп түзу тұру керек. Тұратын қалып қалыпты болуы қажет. Басты артқа не қисайтып ұстамай түзу ұстап тұру керек. Бастың түзу болуы гортанның толық еркіндігін және мойынның бұлшық етін қатайтып, дұрыс дыбыс шығаруға әсерін тигізеді. Жалпы алғанда, мұндай жағдайға жету үшін барлық бұлшық еттер бос болу қажет.
Хормейстерлердің айтуы бойынша, хор сабағын «тұрып» жүргізу керек.
Бұл жұмыс күнінен кейін келген қатысушылар үшін өте қиын. Сондықтан да, тәжірибеде хормен ән айту оқытулары отырып жүргізіледі. Бұл жағдайда да мойын мен бастың орналасуы тұрған кездегідей болуы керек. Басшы әншілер аяқтарын алдында тұрған орындыққа салмауын, іштің бұлшық еттерін еркін қозғалтуын қадағалау керек. Әншілердің аяқтары еденде нық орналасуы керек.
II Әншілік тыныс алу.
Демалу ән айту кезінде маңызды мәнге ие болады. Ол дыбыстың қайнар көзі, және ән айту сапасын вокальды - техникалық және көркемдік жағынан жақсартуға көмектеседі.
Әншілік демалу қарапайым белгіден өзгешеленеді. Солайша демді ішке алу және дем шығару біздің еркімізден тәуелсіз болады. Ал әншілік демалуда ол реттеліп отырады. Ішкі демалу көлемі бойынша әншілік демалудың ауасы қалыпты түрде жай орындайды.
Әншілік демалу кеуделік клетка және ішпен шығып отырады. Әншілік демалудың негізгі түрлері кеуделік және кеудебрюшорлық кеуделік демалуда орта және төменгі аумағында кеуделік клеткалар кенейеді. Кеуде брюшорлық демалуда кеуделік клетка алдыға көтеріліп, іштін алдынғы бөлігі қозғалады.
Кеуде мүшелері ән айту мақсаты үшін үздік болып табылады. Ол жақсы сапалы дыбыс шығару үшін қолданылады. Жеке тұлғалық хорда кеуде клеткасының жоғарғы бөлігі және тікті иықты жоғары көтерілетінің айтады. Мұндай тыныс алу түрлері өз еркіменен болмайды, сондықтан жоғары кеуде клеткасына күш түсіреді. Әншінің дауысын тез жоғалтады және дыбыс сапасына әсер етеді.
Ән айту кезінде ауа қалай жұту керек, ауыз және танау арқылы гегеналық көзқарас бойынша танаумен тыныс алу дұрыс болып табылады. Мұндай тыныс алуда танаудың жұқа қабатынан өткен ауа оны жұмсартады, ауызбен тыныс алғанда ауыздың сілекей қабатшасы және гортаны тамақта прешение тудырады және жөтел пайда болады. Ән айтуда танаумен демалу барлық кезде мүмкін бола бермейді, ол біршама уақытты талап етеді, оны қолдану тек ән айтудың алдында ғана және баяу темпті шығармаларды айтқан кездегі үзілісте ғана мүмкін болады. тәрбиешінің көрсетуі бойынша әншілік мақсаты үшін ауызбен танаудан бір мезгілде қолайлы болмақ. Демді ішке тартуға кеткен уақыт шығарманың темпіне байланысты. Баяу темпті шығарманы орындағанда жылдам темпіден қарағанда көп уақыт кетеді. Демді ішке тартудың бұл принципті барлық хордың тату және бірмезгілдік қойылымын қамтамасыз етеді. Бейнелеген қабылдау хор толық тактімен айта бастағанда болады демді ішке тартуға бірінші дыбыс қанша созылса, сонша уақыт кетеді. Демді ішке тарту қалыпты және баяу типті шығарманы орындау кезінде толық болса, жылдам темпті шығарманы орындағанда қысқа және толқыныс болады. жеке тұлғалық хорда демді ішке тарту шумен жиі бақыланады. Демді ішке алу қысқа болса шу қаттырақ болады. бұл әншінің нағыз қабілетінің жоқтығын білдіреді. өзінің қор ұжымын шусыз талғамға сәйкес тендіру қажет. Әншілік тыныс алу кәдімгі тынас алудан көп өзгешілікке ие әнші көп ауа жұтса өзіне көп күш түсіреді және бұл дыбыстың сапасына әсер етеді және қате интонацияға әкеліп соғады. Жұтылған ауаның көлемі әр жеке оқиғада өзгеше болуы керек. Жиналған ауа музыкалық фразаның ұзақтығына әсер етеді, музыкалық фраза ұзақ болған сайын көп ауа жұту керек. Хорда музыкалық фразада бір рет демалу жетпей қалатын кездер болады. Музыкалық фразаның ұзақтығына әсер етеді. Музыкалық фраза ұзақ болған сайын көп ауа жұту керек. Музыкалық фразадан бір рет демалу жетпей қалатын кезде болады. музыкалық фразаны жоғары регистерде орындай демалуға байланысты. Егер хор партиясының барлық әншісі бір уақытта дем алса, олар кезек – кезек тыныс алу керек. Тәжірибеде мұндай дем алу кезектік немесе септік деп аталады. Әнші өзінің партиясына абай болу керек және ол жалпы дыбысталуды бұзбау керек әншінің демалысы барлық кезде белсенді болуы қажет. Солғын дыбыс алу болдырмау керек, ол дыбыс сапасын нашарлатады, ән айту үшін тыныс алудың және демді ішке тартудың құрылымы маңызды.
Сапалы әншілік дыбысты қалыптастыру үшін тыныс алудың біркелкілігі және оны үнемді түрде шығару болып табылады. Ауаны өкпеден шығарып және ол үздіксіз болуы қажет, бұл міндетті шешудің жақсы жолы ол демді ішкі тартқан кездегі, мұны тыныс алу кезіндегідей сақтап қалу керек.
III Дыбысты қалаптастыру мен байланысты қабілеттер.
Хордың басшысының ұжым мүшелерімен вокальдық жұмысында бірінші кезектегі міндеті әншілердің әнді ешқандай айғай-шусыз айтуын қадағалау. Айғай-шуды ән деп есептейтіндер өте қатты қателеседі. Айғай мен ән айту дауыстың табиғи тембрін бұзып, хордың екпіндік дыбысталуына және орындаудың мәнерлілігіне кері әсерін тигізеді. Одан өзге, ол әншілердің даусына зиянын тигізеді. Хор басшысы әншілердің форсировкасыз ән айтуын қадағалау керек. Дауыстарды дұрыс құрастыру вокальдық мәдениетті қалыптастырады және дауыстылардың дұрыс құрылмауының себебі хордың дыбысталуының кейіпсіздігі. Дауыстылардың сапасы ауыздың ашылуы және тілдің ауызда орналасуына байланысты. Хор басшысы өз әншілеріне ауыздың қозғалысын жақсарту қабілетін үйрету қажет. Ән айтушының тілі аузында төменгі тістің алдыңғы түбірлеріне жабысып, ауызда тегіс түрде орналасу керек. Ол жұмсақ болу керек және оған ешқандай күш түспеуі қажет. Тілдің мұндай жағдайы әншінің гортаннына қолайлы жағдай тудырады.
Ән айтудағы дауыстылар тіпті сөзде де қалыптасу керек. Ән айтуда оларды жасырын негізде қалыптастыру қажет. Дыбыстың жасырынуы, оның кейбір айналымына байланысты. Ол бастық резонаторда пайдалануды бағыттайды. Дыбыстың аймағы және дауыстылардың бірдей талғамы әр хор партиясының бір тембрлік дыбыстауында дауыстарды қамтамасыз етеді. Хордың әншісі жүзулік ән айту қабілетіне ие болу керек. Дауыстың дірілі- бұл үлкен вокальдық кемшілік, тремоляция өзіндік бөлек дауыс. Жаңа бастап жүрген жас әншілер көп жағдайдағы тремолияция нашар орындауында.
Хордың мүшелерінің дыбысты дұрыс ести білуіне үлкен мән берілді. Олардың дыбыс сапасының қабілеттігін дамыту керек. Мұндай қабілеттілік «вокальды есту» деп аталады. Вокальдық музыкалық қабілет әнші үшін үлкен мәнге ие. Дамытушылық вокальдық музыкалық қабілет хор әншісінің нашар дыбыстан жақсы дыбысты айыруға мүмкіндік береді, бұл вокальді мәдениетке ие болудың шарты. Сондықтан да хор басшысы ұжым мүшелерінің музыкалық қабілетін жақсарту керек. Егер хор басшысы жақсы қабілетке ие болса, ол өз дауысы мен сол фразаны не дыбысты көрсету керек.
Әншілік қабілет дыбыс қалыптасуға, дикцияға байланысты. Дикция бұл вокалды техникалық қабілет ол хор әншілеріне сөзді түсінікті айтып, тыңдармандарға орындалатын шығарманың әдеби текстін жеткізу үшін қажет.
Ән айту дауысты дыбыста негізгі болып табылады.
Сұрақтары:
-
Ән айту қалпы дегеніміз не?
-
Әншілік тыныс алуға сипаттама беріңіз?
-
Дыбысты қалыптастырумен байланысты қабілеттер жайлы мағлұмат беріңіз?
Қолданылған әдебиеттер:
-
Музыка әлемі 2008 №1
-
Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.
-
Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.
-
Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997
Достарыңызбен бөлісу: |