Тильзит бейбіт келісім шарттары:
* Ресей Наполеонның барлық жеңістерін мойындады.
* Ресейдің Англияға қарсы континенталды блокадаға қосылуы (құпия келісім). Ресей өзінің негізгі серіктесімен саудадан толығымен бас тартуы керек болды, Англияға экспортты тоқтату және Франциямен бірге Австрияға, Данияға, Швецияға және Португалияға бірдей мақсатта әсер етуі болды.
* Ресей мен Франция кез-келген шабуыл және қорғаныс соғысында бір-біріне көмектесуге уәде берді, егер мұндай жағдай қажет болып жатса.
* Пруссияның поляк иеліктерінің аумағында Францияға тәуелді Варшава Герцогтігі құрылды.
* Пруссияның аумағы едәуір қысқарды (поляк аудандары, сондай-ақ 1806 жылы Пруссия басып алған Ганновер, Марк графтығы, Эссен, Верден және Липпстадт қалалары, Равенсберг графтығы, Линген және Текленбург қалалары, Минден князьдіктері, Шығыс Фризия, Мюнстер, Падерборн, Клев және Рейн шығыс жағалауы), ол тәуелсіз мемлекет ретінде сақталып қалсада, Францияға тәуелді мемлекетке айналды.
* Ресей өз әскерлерін Түркиядан жаулап алынған Молдавия мен Валахииядан шығарды.
* Ресей Наполеонға Ион аралдарын бақылауға кедергі жасамауға жасырын уәде берді және бірнеше айдан кейін олар Францияның Иллирия провинцияларының құрамына кірді.
* Франция 1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысында Түркияға көмек көрсетуді тоқтатты.
• Ресейдің Жозеф Бонапартты неаполитан королі ретіңде тануы, Людовик Бонапартты голланд королі ретіңде тануы, Жерома Бонапартты вестфальс королі ретіңде тануы.
* Ресейдің Рейн одағын мойындауы.
* Ресейдің Белосток департаментінің берілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |