1.2. Бейнелеу өнерінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Оқушылардың танымдық шығармашылығының дамуына бейнелеу өнері сабағының ықпал ететін үлкен мүмкіндігі бар. Бейнелеу өнері сабағы бір жағынан, белсенділік, өзбетгілік, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс-әрекетті талап етсе, екінші жағынан, эстетикалық бағыт-бейнелеу өнері сабағына тән қасиет.
Мектеп жасындағы балалардың танымдық-шығармашылық белсенділігін тәрбиелеу, ең алдымен, олардың әлемді тану қажеттілігімен және алған білімін өз шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз байланысты.
Атақты психолог Б.М.Теплов қажеттілік негізінде өмір процесінде сезім тәрбиеленеді, қызығушьшық туындайды, көзқарастар, тұжырымдар және дүниетаным қалыптасады деген. Ал бұл жердегі сезім де, қызығушылық та, тұжырьш да, адамның дүниетанымы да оқушы іс-әрекетінің мотиві ретінде көрінеді.
Бейнелеу өнерін оқыту барысында балалардың өзбетгілігі және белсенділігі жақсы дамуы үшін бірнеше талаптарды ескеру керек.
Мұндай талаптардың бірі - сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету. Оқушылар салынатын нұсқауға өз бетінше талдау жасап, оның ерекшеліктерін анықтайды.
Әсіресе, кіші мектеп жасындағы балалар сәндік композиция мен тақырыптық суреттерді өзбетінше шешкені маңызды. Балалардың зейінін сурет салудың мұндай түріне тарту, олардың шығармашылық ойын белсендіруге алдын ала жасалатын жұмыстарға жұмылдыру пәрмеңді ықпал жасайды. Мысалы, нобайлар, бақылау, эскиздер т.б.
Балаларға еркін тақырыпта сурет салуға тапсырма көбірек беру керек. Бұл тапсырма оқушыларда шығармашылықты, қайсарлықты, тұрақтылықты дамытуға жағдай жасайды. Балалардың бойында алға қойған мақсатқа қол жеткізе білу, соған жету үшін кездескен қиындықтарды жеңе білу сияқты қасиетгерді тәрбиелейді. Бұл жерде өзбеттілік, шыдамдылық және қайсарлық әрқашан бірге жүреді.
Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі - үнемі шыдамдылық пен сурет салу процесі кезіндегі белсенділікті талап етеді. Баланың танымдық-шығармашылық белсенділігі оның бақылауына негізделген. Сонымен қатар бақылау - тұлғаның қоршаған әлемді тануының белсенді формасы екендігі белгілі. Белгілі психолокгар Л.С.Выготский мсн СЛ.Рубинштейннің ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту барысында жетіледі. Оқыту жеке адамның таным қабілетін, дүниетануын мақсатқа сәйкес дамыта және тәрбиелей отырып жетілдіреді.
Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри, Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А.Лернер, А.Н.Пискунов т.б.) тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мынадай:
1. Таным қабілетін дамыту - бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту барысында оқушыларды дамытуға бағытталған мақсаттылық іс-әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтар ерекше маңызды рөл атқдрады.
3. Оқытудың әдістері мен формаларын әрдайым жетілдіріп отыру.
4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы - оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.
Бастауыш мектеп мұғалімі балаларды оқуға үйретуді, оқушының танымдық қажеттілігін сақтап, оны дамытуы және ғылымдардың негізін игеру үшін танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі танымдық іс-әрекеттің шығуы мен табиғатын біліп, оны бала бойында қалыптастырудың жағдайлары мен шарттарын білгені жөн.
Бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетінің кейбір сипаттарына тоқталайық.
Бастауыш сынып оқушыларының сурет салу кезінде мұғалім оларға жазу үйреткен сияқты, қолынан ұстап, суретгің контур сызықтарын сызуға көмектесіп жатады. Бұл көмек қол саусақтарының қимыл-қозғалысына біршама серпін берсе де, баланың өз бетінше жұмыс жасауына кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе оймен жасалатын танымдық іс-әрекет барысына теріс ықпал жасайды, себебі бала сурет салудың кезеңдерін, ережелерін толық ұқпайынша,оған қағаз бетіне сол суретті бейнелеу өте қиынға соғады. Бейнелеу өнері материалдарын игеріп, үйренуде сол материалдарды түсіндірмей, сөйтіп, балалардың санасыз әбден сіңірмей тұрып, оларды бейнелеуге көшіру немесе сурет салуға кірістіру - үлкен қателік.
Мәселен, бала заттарды көруге, олардың пішіні, түсі, өлшемдік қатынасына көңіл бөлсе болды, ал сол заттарды бейнелеу немесе суретін салу оқушылардың жеке қабілетгеріне қарай реттеледі. Себебі, бұл жағдайда педагогикалық процесс біржақты әрі шала болып шығады. Бұл кезде оқушыларда заттарды қабылдауды дамыту ғана алға басады да, суретті қабылдау өспей қалады. Яғни даму, танымдық іс-әрекет тоқырап қалады. Еліктеу арқылы салынған алғашқы суретгі түсіну шараларын жасауға да болады, бұған дайын репродукциялар, суреттер көрсетумен, оны мұқият түсіндірумен қатар сыныптағы жақсы сурет салатын балалардың суреттері де көмек көрсете алады. Бұл тәсілдерді қолдану кезінде суретті көрсету, түзетуді қалай жасаудың жемісті, табысты жолдарын таңдап алған жөн. Заттың суретін салудағы, мысалы, оньщ формасының дұрыс еместігін оқушы өзі түсініп түземесе немесе мұғалім өзі түзетіп берсе, онда оқудың, бейнелеу өнері материалдарын меңгертудің пәрменділігі мен нәтижелілігі азаяды. Бұл мәселені шешіп алмай тұрып, шығармашылық және танымдық іс-әрекетті дамыту өте қиынға соғады, тіпті көпшілігінде мүмкін емес. Сондықтан натураға қарап сурет салғызудың, ондағы заттардың форма, жарық пен көлеңке, сызықтарды түсіру, бояу түстерін таңдау, оларды реңімен пайдалану реті мен техникасын игеру сияқты іс-әрекеттерді дамытудың маңызы ерекше.
Бастауыш сыныптарда салынатын суреттердің дені табиғатқа, ондағы құбылыстарға бағытталады, себебі өзін қоршаған ортаның бала сезіміне әсер етпеуі мүмкін емес. Бастауыш мектептің 1-2-сынып оқушыларының сурет дәптерлерінде тау, өзен, ағаш, аспан, күн, бұлт, көбелек, гүл т.б. міңдетті түрде кездеседі. Солардың ішінде таулардың салынған суретін алатын болсақ, кейбір жағдайда олардың формалары тік үшбұрышты, өте үшкір әрі контур сызықтары түзу болып салынады. Бұл неліктен? Себебі, таулардың неғұрлым үлкен репродукциялық суреттері өте аз көрсетілген, екіншіден, пән мұғалімі өзі сол таулардың бөлшектерін салуды көрнекі етіп тақтаға салып көрсетпеген, үшіншіден, табиғи тау мен суреттегі балалардың салған тауларының пішіндеріне, түстеріне салыстыру жұмыстары жүргізілмеген. Қайталау мен салыстыру және жаттығу - барлық игерілмегенді игертетін, меңгертетін тәжірибелік жұмыстар. Сондықтан бұларға көбірек мән берілсе, оқушылардың табысты жұмыстар саны арта түседі. Сурет салу заттың, құбылыстың қасиеттерін анықтап, танып білуге бағытталып, балалардың қоршаған ортаның сан-алуандылығын бейнелеуге қажетті ептіліктер мен дағды қалыптастыруларына мүмкіндік береді. Суретті өңдеуде негізгі талап - саналылық әрі шынайылық болуы тиіс. Бала алғаш қарындаш ұстаған сәттен бастап бейнелеудің көлемдік, кеңістіктік, сол сияқты, пішіндік, реңдік таным іс-әрекеттерін жүргізуі қажет. Оқушыға сурет дәптер парағын парақ емес, оны кеңістіктегі терезе ретінде қабылдату өте көп көмегін тигізіп, бейнелеудің күрделі сатысына жол ашып береді. Оқушылардың сурет салуына, олардың танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер етуші негізгі міндеттер мыналар:
1. Ойша талдауды дамыту. Бұл жүйелі жаттығулар арқылы заттардың құрылымды негізін ашып береді. Оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты, нәрсені немесе құбылысты санасында түсінуге тиіс.
2. Қабылдаудың көлемді болуы. Дүниедегі заттардың бәрінің көлемі бар, соңдықтан іс жүзінде көлемдік ұғымдарды түсіндіріп, оқушыларға заттарды көлемді етіп көруге, бейнелеуге үйрету қажет.
3. Бейнелеудің тұтастыгы болу қажет. Суреттегі салынған бөлшектер бір шешімге бағынуы қажет. Бастауыш сынып оқушыларының бұл бағыттағы іс-әрекетгері толыққанды болмаса да, жалпыдан жекеге қарай сурет салу, реңдік қатынасты дұрыс сақтау сияқты шарттарды меңгеруге тиісті.
4. Суреттегі көңіл-күйді немесе мінезді көрсету. Бұл бастауыш мектеп оқушыларында өзінше көрінеді, яғни кейбір детальдық беліктерді мұғалім оқушыдан сұрап, оның түсіндіруін талап етуі мүмкін, өйткені үлкендер ондай бөліктердің сипаттамасын анық түсінбей қалуы мүмкін.
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабақтарында танымдық - шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы - оларды оқытып, тәрбиелеудегі және тұлғалық дамытудағы маңызды педагогикалық үрдіс.
Бейнелеу өнеріне үйретудің негізіне қойылымды зерттеу, қоршаған дүниені өмірді тану жатады. Ал, балаларға сурет салу үйрету міндеттерінің бірі – табиғат заңына сәйкес жазықтықтың бетіне пішіндерді сала білу тәсілдерін – табу. Атақты орыс педагогы, бейнелеу өнердің майталманы П.П.Чистяковтың «Неғұрлым көп білсең, соғұрлым көп көресің» деген сөздерін келтіре отырып, бастауыш мектеп оқушыларына затты табиғи және оның мәні мен түрін көрсете отырып бейнелеуге шығармашылық, бейнелеу қабілетін дамытуға болады.
1.3. Ойын бастауыш сынып оқушысының танымдық қасиеттерін қалыптастыру құралы.
Таным - іс-әрекетінің адам мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі арасында қарама-қарсылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным көбінесе, рухани өндірістің түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді. Таным адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бастау алады.
Таным ақиқаттары тек оқшау, арнайы өткізілетін тәжірибеде ғана тексерілмейді. Барлық қоғамдық өндірістік материалдың қызмет, қоғамның бар болмысы өзінің барлық тарихи жолында білімді нақтылайды және тереңдетіп, тексереді. Тәжірибе обьективтік ақиқатты адасудан ажыратуға, біздің біліміміздің ақиқаттығын растауға жарайтыны анық. Сонымен бірге ол өзі өндіріс мүмкіндіктерімен және басқа да әрбір кезеңіне сәйкес шектелген даму үстіндегі процесс болып табылады.
Қай заманда болмасын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызына саналған. Жас ұрпағын дүниеге көзі ашық, айналасындағы тіршілікке зер салып, таныммен қарауға тәрбиелеген. Өз кезінде ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлеріміз бала тәрбиелеу құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланылған.
Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде ерте заманнан бері жинап-терген мол тәжірибесі бар.
Халық тәжірибесі - ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой-арманымен, тыныс-тіршілігімен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп өркендеп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұра. Бала мектепке барған да ойнауын тоқтата қоймайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке асырылады.
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта:
"Баламен ойнама шаршарсың "
"Бала -құлыншақ, бала - ұрыншақ",
"ойнай білмеген бала, ойлай білмейді",
- деп бекер айтылмаса керек.
Бала ойыны алуан түрлі ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағ-дыланады.
М. Жұмабаев халықтық педагогика негізінде бала ойынына мынадай мән берген: "Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналадағы жұмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады; шырпыларды түзіп көш жасайды;
балшықтан мал жасайды; қуыршақтан қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіріп, құда түсіреді" - деген.
7-10 жас арасы анатомиялық-физиологиялық даму жағынан қауырт қимыл-әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі.
Ойын арқылы бала айнала қоршаған ортаны, өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді.
Бірнеше ойын түрлеріне тоқтала кетейік. Мысалы:
Үйрек ойыны
Аралығы 4-5 м етіп, қаз-қатар 2 ұзын сызық сызылады. Ол "үйрек", сызық сыртындағылар осы ойыншыларға доп лақтырып, дәл тигізуі керек. Допты тигізген ойыншыға бір ұпай жазылады. Кім бұрын 4 ұпай алса, сол жеңімпаз атанады.
Бәйге ойыны
Ойынға қатысушылар санамақ бойынша бастаушы сайлап алады. Сонан соң, шеңбер жасап дөңгелене тұрады. Атқа шапқан адамша текіреніп, қолдарын шапалақтап шеңберді айнала жүгіріседі. Жүгіріп іселе жатқан бастаушының тастаған добын кім бұрын қағып алса, сол ойыншы жеңіп шығады. Ойын жалғаса береді.
Құстар, жер, су, от, ауа
Балалар дөңгеленіп тұрады. Бастаушы ортаға шығады. Ол ойынға қатысушылардың кез-келгеніне допты лақтырып "жер", "су", "ауа", «от» деген бір сөзді айтады. Бастаушы «жер» десе, допты қағып алған бала бір үй хайуанатын немесе жабайы аңның атын тез атауы керек. Ал "су" десе балық атын, "ауа" десе құс атауын айтуға тиіс. Ал "от" атауы айтылғанда ойнаушылар қолдарын бұлғап орындарынан бірнеше рет айнала секіруі керек. Ойынның түр-түрі аяқталған сайын доп бастаушыға қайта оралады. Ойын шартын бұзған бала ойыннан шығарылады.
"Күн мен түн"ойыны
Залдың ортасына екі параллель сызық жүргізіледі, арасы 1-1,5 м. Олардың екі жағынан да 10-20 м жерден параллель сызықтар немесе үйлердің орны сызылады. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп теріс қарап тұрады. Бірі «күн», бірі "түн" командасы болады, бастаушы "күн" дегенде, "түн" командасының ойыншылары қашады. Ал "түн" қуады. Ұсталғандарды санайды да өз командасына қайтарады. Содан кейін ойыншылар ортадағы сызыққа тұрады, тағы да теріс, ойын қайталанады.
"Қарлығаш " ойыны
Диаметрі 1 м шеңбер сызылады, санамақ бойынша екі бастаушыны "қарлығаш" пен "күзетші" сайлайды.
Қарлығаш шеңбердің ортасында отырады. Күзетші оны айналып, басқа ойыншылардан қорғап жүреді. Ойыншылар қарлығашты түртіп қалады. Күзетші оларды ұстап алу керек. Ұсталған ойыншы күзетші болады. Қарлығаш 2-3 күзетші ауысқаннан кейін келісім бойынша ауыстырылады.
Бұл ойындардың бәрі төменгі сынып оқушыларының ойыны. Бұл жерде баланың ширақтышн, шапшаң қимыл-әрекетін байқауға болады.
Ал енді ұлттық ойындардың біразы "ойлануды қажет ететін ойындарға" жатады. Олан негізінен логикалық ойлау мен математикалык, философиялық ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Сондықтан төресі "Тоғыз құмалақ". Сонымен қатар, оймен келетін ойындар шахмат, дойбы ойындары.
Әрине бұл ойындар ойды, есепті талап етеді. Бірақ та төменгі сынып оқушыларына аса қияындау тигенімен, зерек бала тез үйреніп, оймен жұмыс жасауды қабылдайды. Бұл танымдық белсенділіктің бір түрі, әрекеті.
Балалар ойындарының тағы біреуі "асық ату", "хан талапай", "омпа", "жамбы ату" ойындары. Асық ойындары алдымен нерв жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлдікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына тәрбиелейді.
Халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып ғана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар "бала ойынмен өседі" деген өмірлік қорытынды жасап, осы тәжірибелік қорытындысын өздерінің бала тәрбиесі туралы көзқарастарының негізгі арқауы етті.
Жалпы оқу ғылыми танымнан айырмашылығы бала тура, ол сөзсіз шындықтың жеке таным формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланысты формасы болып табылады.
Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және шәкірттік танымдардың салыстырмалығында барынша елеулі ықпал жасайды. Бұрыннан белгілі болғандай, ғылыми танымның міндеттері өмірден алынады, қоғам дамуының талаптарынан шығады.
Мектеп оқушыларының да танымы мотивтермен қозғалмалы болуға білім, шэкірттік таным болуы үшін, оқушының оқуға деген құштарлығы болуға тиіс.
Танымдық белсенділік әрекетіне қабілетті дамыту да ақыл-ой тәрбиесінің аса маңызды міндетінен саналады. Оқушылар танымның нақтылы бір саласында білімдерді ойдағыдай алу үшін керек, арнаулы іскерліктер мен дағдыларды да игеруге тиіс.
Қазіргі таңда қарым-қатынас мәселелері мектептің оқу-тәрбие процесінің ынтымақтық гуманистік бағытына байланысты туындап отыр. Сондықтан таным мен қарым-қатынастың өзара байланысын анықтауға және олардың педагогикалық процеске қатысушылардың бірлескен іс-әрекетінің тиімділігіне қатысты.
Танымның әлеуметтік маңызы саланың, қоғамның, табиғаттың обьективті заңдарын белгілі бір мақсатты және жан-жақты ашып көрсететін әлемдік тарихи процесс ретінде қаралады.
Адамның психологиялық дамуын зерттеулер циклі жалпы танымдық әрекеттің эволюциясы мен қызметіндегі өзгерістерге байланысты адамның сенсомоториялық дамуындағы таным мен қарым-қатынас процесінің өзара белгілі-бір байланысын ашып көрсетеді.
Қарым-қатынас арқылы оқытудың негізі болып табылатын таным мен қарым-қатынас арасындағы әртүрлі байланыстар мен бағыныштылыкқа қарай оқу процесі жан-жақты кеңейтіледі, ол тек еңбек барысында ғана емес, таным қызметіне әсер етеді. Мұғалім жетекшілігімен ұйымдастырылған оқушылардың танымдых іс-әрекеті арқылы олар әлемді нақты жүйелі тану, ғылыми ақиқаттарды меңгеруге көшеді.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқушылардың өзара оқу процесі негізіндегі қарым - қатынасы субьектілер арасындагы ортақ іскерлік қарым-қатынас негізінде болса, жұмыс нәтижесі соғұрлым тиімді, жемісті болмақ. Оқу процесіне қатысушылардың ортақ қызметінің нәтижесі - терең және кеңейтілген білім, іс - әрекет әдістері, мақсатқа өздігінен жету, оқуға, шығармашылық жұмыстарға ынтаны өсіру, сондай-ақ, жеке адамдық пікірді қадағалап отыру.
Ынтымақтастықты оқу-танымдық процестің өнімділігін, оқушылардың еңбегін, оның нәтижесін өсіру мүмкіндіктері қарастырылған. Психологтар бірігіп атқаратын іс - әрекеттің осы тектес жеке іс - әрекетке қарағанда анағұрлым тиімділігін дәлелдеп отыр. Бұл бірлескен іс - әрекеттің жеке іс-әрекетіне қарағанда тұрақтылығын көрсетеді.
Бірлесіп атжаратын іс - әрекеттің тиімділігі оқушылардың мәселені шешуге дайындық деңгейі, орындалатын жұмысқа көзқарас, оны алып кету сияқты бірнеше факторлардан анықталатынын зерттеушілер дәлелдеп отыр.
Танымдық әрекет оқушылар мен оқытушылар арасындағы өзара қарым - қатынасты, оқушылардың өзара қарым - қатынасын талап етеді. Зерттеушілер пікірі бойынша: "баланың адамдық қарым - қатынасты осы қарапайым өзара сыйлаудан басталатындығын көрсетеді.
Жоғарыда айтылған танымдық теорияның тікелей қарым - қатынаспен тығыз байланыста екені аталып кетті. Ал, ойын арқылы төменгі сынып оқушыларының да ең алдымен қарым – қатынасын нығайтып, танымдық белсенділігін арттыру бірінші жолға қойылатыны белгілі.
Ойындардың сан алуан түрлілігі балалардың ой-өрісінің дамуына, танымның артуына, олардың ойын арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіруіне маңызы орасан зор.
Сайып келгенде, жоғарыда аты аталған ойындар қазақ халқының ғасырлар бойы рухани баии түсуіне еңбек етіп келеді және болашақ ұрпақтарға да еңбек етері сөзсіз.
Ұлт ойындары ата - бабамыздан бізге жеткен, өткенімен байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
В.А Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: "ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты".
Міне ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Қоғамдық жас ұрпақты тәрбиелеу, танымдық белсенділігін арттыру, білім беру талаптарына гуманистік өнегелілік және адамгершілік қасиеттерін терең сіңіріп, ұлттық саналы тәрбие, сапалы білім жүйесін қалыптастыру "Қазақстан-2030" стратегиясының негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.
Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі - бақылау, баға қою және есепке алу. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні және ерекшелігі бар. Олар оқу тәрбие процесін мұғлімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты.
Бақылау — бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс Егер кейбір оқушы тапсырмалы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескіл сөздер айтып ескерту жасауға болмайды.
Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алу өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау, қорытынды бақылау.
Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.
Тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуіш машинасы т. б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.
Қорытынды бақылау — барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықталды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Оларды ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Егер оқушының дайындығы жеткілікті болса, ол дұрыс жауап беріп, оны мына бақылау картасы арқылы табуы керек:
Код нөмірлері
|
Сұрақтар рим цифрымен
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІV
|
V
|
1
|
3
|
2
|
1
|
4
|
4
|
2
|
3
|
3
|
1
|
4
|
2
|
3
|
2
|
4
|
3
|
2
|
1
|
4
|
1
|
4
|
4
|
2
|
3
|
5
|
4
|
4
|
2
|
3
|
4
|
6
|
2
|
4
|
1
|
1
|
3
|
7
|
3
|
1
|
3
|
4
|
2
|
8
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
9
|
2
|
3
|
4
|
3
|
4
|
10
|
4
|
2
|
2
|
2
|
1
|
11
|
3
|
4
|
1
|
2
|
4
|
Бірінші графада код нөмірлері араб цифрларымен (II), бірінші – бесінші нрафаларда сұрақтар рим цифрларымен белгіленген, ал, клеткалардың ішіндегі сұрақтардың варианттары арап сандық белгілерімен көрсетілген.
Сұрақ № 1 Оқыту процесі дегеніміз не, оны дәлелдеп, толық жауап беріңіз?
Жауаптың варианттары:
1. Оқыту міндеттерін шешуге бағытталған танымдық әрекеттердің
жүйесі.
2.Мұғалім мен оқушылардың оқыту процесін жүзеге асыруға бағытталған бірізділік әрекеттерінің жиынтығы.
3. Білімді, іскерлікті және дағдыны игеруге және жеке адамның тәрбиесі мен дамуына бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеті.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, оларды білім, іскерлік және дағдымен қаруландыру.
Егер оқушы осы сұрақтардың ішінен бақылау картасы бойынша бірінші сұрақ графикасындары бірінші код қатарындағы үшінші вариантты таңдаса, онда ол сұраққа толық жауап берген болады.
Сонымен, мұғалім бақылау карталарын пайдалана білсе, сөзсіз
оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде анықтай алады.
Машиналы бағдарламалап бақылау әдістері қазіргі кезде мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарына қолданыла бастады, міне, осы жағына баса көңіл аударуы керек. Оқытушы тексерудің барысында оқушылардың үлгерім динамикасын, білімдерін | тексеруде олардың ынтасын зерттейді, тексерудің үнемі жүйелі түрде болып отыруын қамтамасыз етеді.
Оқушылардыц үлгерімін сандық белгімен көрсетудін әр түрлі жүйелері «балл» түрінде басқа елдерде де қолданылады.
Жапонияда оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың басқа формалары қолданылады, оны мадақтау деп айтады. Мүғалім оқушының жауабын тыңдап болған соң оған: «Бүгін сенің жауабын өткенге қарағанда әлдеқайда жақсы және тыңғылықты, мадақтауға тұрарлық. Жарайсың!» дейді. Бірақ, оқушыларға баға қойылмайды. Өйткені, материалды игеруді есепке алу үшін логикалық есептер жүйесін және әр түрлі тестер қолданылады, оларды мұғалім жасайды. Тестер бойынша оқушылардың жауабын 10-нан 100 - ұпайға дейін бағалайды. Оқу жылының аяғында оқушыларға мінездеме жазылады, онда әрбір оқушының алған ұпай саны алынады.
Куба мектептерінде емтихан және баға қою жойылған. Толық мінездеме беру жүйесі енгізілген, оған оқушылардың оқу бағдарламасын игеру және мінез құлқы жөнінде барлық мәліметтер енгізіледі.
ІІ-тарау. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптасуы.
2.1. Оқушының танымдық қызығуын оятудың жолдары
Математикада өнер сияқты таным. Оқушының таным әрекетін жақсарту үшін, ойын-сауықтардың, қызықты сұрақтардың, жұмбақтардың, мақал-мәтелдердің математикалық тізін біліп, оларды тұжырымдауда пайданылатын математикалық тілдерді игеріп, оқиғаны өмірмен байланыстырып, оның тәрбиелік мәнін ашып отыру қажет. Мұны математика пәнінің мазмұны да, оқу бағдарламада талап етеді. Көптеген зерттеу жұмыстары мен мектептегі озат тәжірибелерді баспа бетінде жариялау мұны мойындағанымен, оқыту процесінде қалай падалануға болатындығына нақты материалдың жоқтығы мәселені қиындата түседі. Біздің зерттеуіміздің теориялық та практикалық маңызы бар.
Математика күрделі пән бөлу үстіне, - ақыл-ой оралымдығына, әлем тірлігін түсінуге қызмет етеді. Математиканы оқытудың тәрбиелік мәнін практикалық мазмұны математиканы мектепте оқытудың білім беру мақсатымен ұштасып жатады.
Математиканы оқытудың жалпы білімдік мақсаттары мұғалімнен төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізуді талап етеді:
- оқушыларға математикалық білімнің, біліктің белгілі жүйелерін меңгерту;
- болмыстағы ақиқатты танудың математикалық әдістерін меңгерту;
- математика тілін, терминологиясын меңгерту, қалыптастыру;
- математикалық интуициясын дамыту;
- оқу қызметін ұйымдастыруға қажет болатын математикалық мағлұматтарды тиімді пайдаланудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.
Оқушы аталған мақсаттарды жете түсініп, білімді берік, саналы және жүйелі түрде игере алса, онда оқу міндеттерін іске асырып, күнделікті тұрмыста кездесетін алуан түрлі мәселелерді шеберлікпен шеше алады.
Сондықтан мұғалім бірінші сабағында-ақ, сол сияқты жыл бойы, реті келгенде оқылып отырылған немесе түсіндірілетін материалдың практикалық және теориялық қажеттігін ашып отырады. Мысалы, интеграл дененің көлемін тапқанда, тізбек шегін, нақты сандарды шектеусіз ондық бөлшек көмегімен жазуда, функция үзіліссіздігінің "эпсилон — дельта" тіліндегі анықтамасында, сандық, әдістердс пайдаланылады. Ал сандық әдістердің практикалық маңызы зор. Оқушының практикалық мазмұны бар мәселелерді шешуде математикалық әдісті пайдалануы үшін алдымен қажетті математикалық білімі болуымен бірге, математикалық құралды дұрыс пайдаланып, қарастырылып отырған математикалық үлгінің қолданылу аясын білуі қажет.
Қазіргі есептеу техникасының дамуына байланысты қолданбалы зерт-теулерде математикалық эксперименттердің бәсі артып отыр. Математика әдістері әр салада қолданыс табуда. Мәселен, математикалық есептеуіш ма-шинаның көмегімен өткен ғасырдың ортасында қойылған атақты төрт түсті бояу мәселесі шешілді. Оның мәнісі — картадағы әрбір көршілес екі ел әртүрлі түспен бояғанда, кез келген картаны жасау үшін түстердің ең аз саны қанша болуы керек? дегенге тіреледі. Мұндай түстердің саны төртеу екенін американ математиктері К.Аппель мен В.Хакен 1976 жылы дәлелдеген. Сол сияқты, биологтардың вирусологиядағы табыстары вируспен ауырған өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға көмегін тигізуде. Бұл да математикамен байланысты. В он екі витаминін синтездейтін бактерияның өсіп-өну жылдамдығы мен оған әсер ететін құраушыларының арасындағы байланысты көрсететін математикалық теңдеу қорытылып шығарылды.
Биология мен математика саласындағы ғалым - мамандардың бірлескен еңбектерінің нәтижесінде кейбір тірі организмдердің өсіп-өну заңдылықтары, жыртқыш пен оның жемтігі болатын жануарлардың қатар өмір сүру мүмкіншілігінің теңдеуі, олардың арасындағы тәуелділік есептелініп табылды.
Соның нәтижесінде жыртқыштарды аулаудың мерзімі тағайындалды. Біз бұл арада анықталған тәуелділікті біле отырып, алдымен математика әдістерін пайдаланып, тиісті қорытьшдыдан кейін тиімді нәтижеге қол жеткізуге болады дегенді баса айтамыз.
Компьютер өндірісті дамытып, еңбек өнімділігін арттырумен қатар, халық шаруашылығының әртүрлі салаларына еніп, жаңа әдістің, ілімнің пайда болуына себепші болды. Иммунология мен томография - соның куәсі, жемісі. Жаңа Сібір - 67 бидайының сортын алуда, александрит, опал минералдарын синтездеуде, Саха тас тұзын ашуда, Шевченко АЭС-ын са-луда, Медеу тасқорғанын салуда, Ал-дән жеріндегі алтынды тасты өмірге әкелуде компьютер кеңінен қолданылады. Компьютерсіз ауа-райын алдын-ала болжау, сондай-ақ, дыбыс жылдамдығынан тез ұшатын кемелерді басқару мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде жоғарыда айтылғандарды біртіндеп кірістіріп, оқушыларға түсіндіре жүру — мұғалім жұмысы. Әрбір оқушы мұғалім наза-рынан тыс қалмауы тиіс, өйткені қазір дара тұлғаны тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне тұр. Математиканың жалпы мәдениетті көтерудегі қызметін сабақ үстінде де, сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыс кездерінде де, ерікті шұғылданыстар кезінде де айтуға болады.
Оқыту, тәрбие жұмыстары нәтижелі болуы үшін:
1) жұмыс жоспарлы түрде, үздіксіз жүргізіледі;
2) жұмыстарды еріктілік, саналық негізде ұйымдастырып, оқушының оқу қызметін қамтамасыз ету қажет.
Көптеген математикалық ұғымдар ойлаудың дамуына белсенді әсер етеді. Мысалы, функциялык тәуелділік сияқты математиканың негізгі ұғымы қарастырылып отырған үрдістер мен құбылыстардың, сандық сапасын сипаттайды. Осы жерде Декарт енгізген айнымалы шаманы сипаттап. Декарттық координаталар жүйесіне тоқтаған жөн.
Мұғалім танымның тек шама жағынан бейнеленген заңдылықтарын оқушыларға түсінікті тілмен қарапайым мысалдар арқылы байымдауы қажет.
Белгісіз объектіні жанама жолмен танып білу тікелей шешуге болмайтын қиындықтан туады. Мысалы, Жер шарының меридиан ұзындығын біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Кереннен шыққан Эратосфен есептеді. Меридиан ұзындығын табиғи жолмен есептеу мүмкін емес. Мұндай есептерді шығару үшін модель құру керек. Ал, Самостан шыққан Аристарх бұл қашықтықты геометриялық жолмен есептеп шығарды. Осы сияқты оқушылар Жер бетіндегі өлшеу жұмыстарына байланысты (тоған, жаяу адам, көлік) есептерді шығару кезінде кездеседі. Теңдеу мен теңдеулер жүйесін құра білу, алгоритмдермен жұмыс істей алу, сыныпта отырып-ақ, мұндай есептерді шығаруға мүмкіндік береді. Сонда алгоритмдер мен теңдеулер және теңдеулер жүйесі есепті шығарудың моделі болып табылады.
Танымның басқа әдістері де бар. Олар басқа ғылымдар не олардың пайдаланатын әдістері.
Әркім өз мамандығына қарай, бір нәрсені әртүрлі қабылдауы мүмкін. Бұл - шығармашылық, жетістік. Бізге де керегі осы. Мәселен, сызықтық функция - біреуге түзу болса, екіншіге - берілген теллеграмманың құнын есептейтін формула, үшіншіге - сымды қыздырғандағы оның сызықтық ұлғаюы, төртіншіге - жол формуласы т.т. Мұндай мысалдар математикада жеткілікті.
Біз неге үшкір, аққұман неге шар тәрізді, шәйнектің түбі неге жалпақ, машина дөңгелегі неге үшбұрышты емес, май жаққан нан неге жерге май жағымен түседі, құмырсқа биіктен құласа неге өлмейді, өрмекші өрмегі неге дұрыс көпбұрыш, бал арасының ұясы неге дұрыс алтыбұрыш, 37, 108, 47 деген не, ұзын адам неге теңселіп жүреді, қанатын жұлған көбелек неге қисайып ұшады, ешкі неге өседі, жеті атада неше адамның қаны бар, ұсақ дәннен гөрі ірі дән неге пайдалы, жел тұрмаса шөптің басы неге қимылда-майды деген сияқты сұрақтарға жауап беру оқушының танымдық қызығуын тудырып, өмір мен математиканы байланыстыра, жақындастыра түседі.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың. қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзшің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықган мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды колдана білуде жетекші рөл атқарады.
Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қандай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Илентков). Қарама-қайшылық "оқушы (адам)" жүйесінде пайда болып "адам-адам" жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-катынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсініледі. Бұл мәселелрдің теориялық әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын карым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Оқушылардың ұжымдык танымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері жас өспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70%-і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89%-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың интелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
2.2. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Балалардың танымдық қызығушылылығын арттырудың негізі, олардың жемісті іс-әрекеттерді (сурет жапсыру, құрастыру, мүсіндер жасау) орындауына байланысты.
1) Балалардың сабаққа, оқу материалына, танымдық іс-ерекетке қызығушылығын белсендіру үшін сабаққа жаңалық және қызықтылық енгізу; балалардың өздерінін жеңуге шамасы жететіндей, оқушының білім дәрежесіне, ерекшелігіне сәйкес келетін қиындықтар, кедергілер жасау, өз бетінше орындайтын әр-түрлі жұмыстар, дидактикалық қызықты ойындар ұйымдастыру; өз еңбегінің куанышын сезуге мүмкіндік жасау сияқты тәсілдерді пайдалану;
2) Сабақ мазмұнының ғылыми дәрежесіне сәйкестігі, өмірмен, қоғаммен, табиғат құбыластарымен байланыстылығы, сабақ мазмұнының балалардың күш-жігерін, ақыл-ой белсенділігін талал ету;
3) Ізденушілік, ойландырарлық ахуал жасау;
4) Балалардың шамасы жететіндей қиындық деңгейінде оқыту;
5) Мәселе — ізденушілік әдістері, дидактикалық ойындар, жаттығулар, танымдық есептерді шешуді, әңгіме әдісін пайдалану, тәжірибелерге зерттеушілік сипат беру.
Мұндағы негізгі мақсат — балалардың ойлау қызметіне, танымдық белсенділігіне, олардың дүниетанымын қалыптастыруға жол салу. Балалардың дүниетанымын қалыптастыруда оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық окыту әдістерінің барлығы да қызмет етуі тиіс, оқушы мен ұстаздың ақиқатты ізденуші күйіне немесе дербес ізденуші дәрежесіне жеткізетіндей, үйіріп әкететіндей жағдай тудырып отыру қажет. Ол үшін ұстаз балалардың үнемі табиғат аясында, қоршаған ортамен тілдесіп жол ашып отыру қажет. Бала үнемі табиғат құбылыстарын бақылай отырып, ата-анасына, үлкендерге танымдық сұрақтар қояды. Мысалы, қар қалай пайда бо-лады? Неге алақанда ериді? Жапырақтар неге түседі? Жаңбыр қайдан пайда болады? Алма ағашы неге көктемде ғана гүлдейді? Неге барлық ағаштар жеміс салмайды? Шыбын-шіркейлер қайда қыстайды? т.б.
Балалардың мұндай сұрақтарына жауап беру әрбір ата-ананың, ұстаздардың міндеті, тек жауап беру ғана емес, қоршаған ортаны таныту, баланың дүниетанымын кеңейту. Бұл жолда ұстаздарға оқытудың негізгі түрін басшылыққа алу қажет. Мысалы:
Сабақ — балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі түрі. Сабақта табиғат құбылыстары мен заттар туралы жазылған әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, т.б. Көркем шығарма туындылары, түр- түсті суреттер, диафильмдер, көрнекі құралдар кеңінен пайдаланылады.
Саяхат — сабақ түрі, жұмыстың бұл түрінде балалар табиғатпен шынайы түрде танысады. Саяхат кезінде балалардың таза ауада болуы далада хош иісті, көз тартар әдемі гүлдер арасында қыдыру — терең ой ширақ қозғалыс, көтеріңкі көңіл күй тудырып, оларды жан-жақты үйлесімді етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың бенсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.
К.Д.Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге қүмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.
Неміс педагогі И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр сала-дағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан. Біздің бақылауымыз да осыны көрсетті.
Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақ-сы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақтың түрлері сайыс-жарыс сабағы, концерт, аукцион, кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ата-бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалануға болады. Қазақ халқының мейірімділігі, кеңпейілділі сыпайылығы, көпшілдігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әдептілікті биік ұстау сияқты әдет-ғұрыпты үйретуге болады.
Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген проблеманы шешуге үйренеді.
Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің-әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісін басшылық" атты еңбегінде: "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді", - деген. Ал, ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бұл сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болғандықтан, оқушының шығармашылығын арттыруды. Дамыта оқудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан (оқу мақсаттарының қойылуы, оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы, шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі) тұрады. Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.
Біз елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген сын түрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс т.б. кезеңдерінен түзеледі. Бағдарламаны" "Бес жолды өлең", "Венн көрсетуі", "Еркін жазу", "Жұпта талқылау" т.б. әдістері бар. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдылық белсінділігін, сабаққа қызығушылығын арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етіп, сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігін, оқушыларды ұжыммен бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын байқауға болады.
Оқушылардың танымдық процестерін психологиялық зерттеудің
кейбір әдістері
Баланың жадын (ес) зерттеу.
Мұнда жеке баланы немесе сынып оқушыларын топтарға бөле отырып зерттеу жүргізуге болады. Екі жағдайда бала және сынып оқушылары мұғалімді мұқият тыңдап, естігенін, көргенін, сезгенін есте сақтауға бағытталуы тиіс. Сонда ғана зерттеу нәтижелі болады. Мұғалім зерттеу жұмысын түрлендіру арқылы өзіне толық бағындырып отыруы тиіс.
Көріп есте сақтау
Бұл жұмысты сынып оқушыларының барлығына бірдей болатындай тақтаға жазу арқылы жүргіземін.
Салауат, заңғар, Көкше, Жымпиты, қарсақ, зілзала, сауысқан, желдеткіш, шаңсорғыш, кетіргіш, атамұра, руна.
Жазылған сөздерді 2 минут іштей оқып, тақта сүртіледі. Оқушылар бұрынғы жазылған қағазға есте қалғанын жазып шығады.
Таблицада көрсетілген сандарды көріп есте сақтау
18
|
43
|
36
|
72
|
13
|
14
|
3
|
27
|
86
|
93
|
12
|
31
|
67
|
54
|
2
|
21
|
74
|
52
|
13
|
82
|
17
|
15
|
97
|
16
|
64
|
78
|
11
|
8
|
Таблица 3 түрлі түспен боялып жазылады. Осыған байланысты таблицаны 5 минут оқып болғаннан кейін, оны тақтадан алып, "қызыл" түс "Сұңқар" тобына, "көк" түс "Тұлпар" тобына, "сары" түс "Қаршыға" тобына жазуға тапсырылады.
Елестетіп сезіну арқылы есте сақтау
Зерттеудің бұл түрінде сыныптағы барлық оқушы бірігіп, жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай бағыттан, әр түрлі қимылдар арқылы жүргізіледі. Жүргізуші алдымен цифрларды (1,4,9), геометриялық фигураларды, әріптерді (А,Ұ,С), ауада қолмен жазу арқылы көрсетеді, балалар өз елес, сезімдерін қағазға түсіріп отырады.
Оқушының жас ерекшелігіне қарай, тапсырма күрделенеді, цифрлар (124, 152, 147), фигуралар, әріп сөзге ауысады (Ашу, Ұзақ, Сонар).
Жедел есте сақтау
Зерттеудің бұл түрінде жеке оқушымен, сыныппен немесе топтарға бөлу арқылы жүргізуге болады. Зерттеу жас ерекшеліктеріне байланысты қарапайымнан күрделіге қарай жүргізіледі. Балаларға 7-8 суреттен тұратын топтаманы көрсетіп, 2 минуттан кейін жинап, рет-ретімен қағазға көргендеріндей атын жазу тапсырылады.
3 қатарға жазылған сандар асықпай ретімен оқылып, сол ретпен жатқа жазу тапсырылады.
1-қатар: 83, 6, 17, 24, 43, 60.
2-қатар: 42, 21, 72, 9, 65.
3- қатар: 36, 15, 27, 3, 86.
Жүргізуші жеке оқушыға немесе сыныпқа жатқа өлең жолдарын оқып береді.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Рет-ретімен жатқа жазады.
Осындай жеке баламен, не оқушыларымен жасалған жұмыстардың соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз топтар анықталып отырылса, жұмыс нәтижелі болады. Осыған орай жоғарыда жүргізілген жұмыстардың әрқайсына жеке-жеке ұпай қойылып қосылуы арқылы нәтижесі шығарылады, жеңімпаздар анықталды.
7 а сынып оқушыларының есте сақтау қабілетіне зерттеу жұмысы жүргізіледі. Балалар "Сұңқар", "Тұлпар", "Қаршыға" деген 3 топқа бөлініп жүргізілді.
1. Дыбыстап оқығанда есте сақтау қабілетіне байланысты "Сұңқар" тобы 10 , "Қаршыға" тобы 6, "Тұлпар" тобы 4 ұпай алды.
Мұнда әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай берілді.
2. Көріп есте сақтау қабілетіне байланысты "Сұңқар" тобы 6, "Тұлпар" тобы 4, "Қаршыға" тобы 2 ұпай жинады.
3. Елестетіп сезіну арқылы есте сақтау қабілеті бойынша "Сұңқар" тобы 8, "Тұлпар" тобы 8, "Қаршыға" тобы 4 ұпай жинады.
4. Жедел есте сақтау қабілеті зерттелгенде топтардың үшеуі бірдей 6 ұпайдан топтады.
Қорытындыда:
1) "Сұңқар" тобы -10+6+8+6 = 30 ұпай,
2) "Тұлпар" тобы - 4+4+8+6 - 22 ұпай,
3) "Қаршыға" тобы - 6+2+4+6 =18 ұпай. Жеңімпаз "Сұңқар" тобы болып анықталды. Оқушыларды психологиялық зерттеуден өткізіп отыру қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану үшін оқу модулін құруға пайдасын тигізді. Әрине мұның үшін мұғалімнің даярлық жүйесі өте жоғары болуы керек. Оқушының психологиялық зерттеу баланың бұрынғы біліміне сүйенуге, оны есіне түсіруін қорғауға, меңгерілген білімді ұзақ уақыт есте сақтауына, білуге деген қызығушылығын арттыруға көп пайдасын тигізеді. Әрине әлем психологтарының пайымдауынша әрбір мұғалім алдымен оқу модулінің құрылымдық бөлімдерін дұрыс жасап алуы қажет.
Қорытынды
Білім берудің қазіргі заманға сай әдістемелерін талдайтын болсақ, олардың бәрін, қазіргі қоғамның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі оқушыны танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі ретінде қалыптастыра алады. Өзінің себеп-сылтауларымен, ынтасымен, қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерімен, жан-жақты негізді білімдарлыққа деген талпынысы мен мүмкіндіктерімен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға қазіргі дидактиканың орталығына айналады. Оқу мақсаты — адамның білім қазынасын көбейту ғана емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді пайдалана алуы да емес. Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін ғылым, білім, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады. Идеялық-өнегелілік қоғамдық бағыттылық оның ниетін, ынтасын, өмірлік жоспарын белгілеуі керек. Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.
Қазіргі уақытта мұғалімнің таңдау мүмкіндігі бар кезде педагогтар шығармашылығы кең өріс алуда. Бірақ, өткен жылдардың жаңашыл педагогтарының идеялары мен технологиялары әлі де өз күшін жойған жоқ.
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз жағдайдың белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап колдануы.
Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқыту әдістері өзгеріп отырады. Ұзақ уақыт бойында мектеп әдістерінің алуан түрін жинақтаған, олар оқыту процесінің елеулі бөлігі болып табылады.
Алайда қандай да керемет техника болмасын, ол мектептегі мұғалім орнын баса алмайды, бұл жағдай ең басты, ең маңызды болып қала береді. Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне деген сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым демеп отыруына байланысты. Нағыз мұғалімге мына қасиеттер тән: балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның мүмкіндігіне сенім, оқушының өрлеу, жетістік, өз күшіне сену сияқты сезімдері пайда болатын жағдайлар жасау. Микроэлектрлік техникамен органикалық байланыстағы адамгершілігі мол мұғалім оқу процесі мен мектептің бүкіл кейпін түбегейлі өзгерте алады. Мұндай жағдайдағы оқу бала үшін қиын емес, жаңаны тану, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне жету қуанышына айналады.
Осылайша, жинақгау әдісі ғана оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің практикалық шешімі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
«Бастауыш мектеп». №7-2007 ж.
-
О.С. Богданова, В.И. Петрова «Бастауыш жастардағы тәрбие жұмысының методикасы» Алматы 1980 ж.
-
Ю.К. Бабанский Педагогика. М. 1998 ж.
-
Ж.Б. Қоянбаев. Педагогика. А. 1992 ж.
-
«Бастауыш мектеп». №9-2006
-
К. Оразақов, Б. Нарбаев. «Ата дәстүрі әдеп, болашақ игілігі». Алматы 1991 ж.
-
Ж.Боданов, К.Бөлеев Қазақтың халық педагогикасы (библиографиялық көрсеткіш) Жамбыл 1992 ж.
-
А. Абдрахманов. Қазақстанның этнопедагогикасы А. Рылым 1979 ж.
-
Әбілова. Этнопедагогика. Алматы 1997 ж.
-
«Бастауыш мектеп». №3-2002 ж. Ә. Табылдиев. Халық тағылымы, Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие. А. Қазақ университеті 1992 ж.
-
А. Асарбаев. Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш мектеп тәрбие жұмыстарында пайдалану. А. А. 1993 ж.
-
Қазақ халқының тәлім – тәрбие тарихынан А. Кітап. 1992ж.
-
Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика. Дарын-2004.
-
Харламов И.Ф. Педагогика-Минск 1997.
-
Журнал «Бастауыш мектеп» №11, 2005ж.
-
Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы 1990.
-
Журнал «Бастауыш білім» №1, 2006ж.
-
Журнал «Тәрбие құралы» №2, 2004ж.
-
Журнал «Бастауыш мектеп» № 8, 2005ж.
-
Журнал «Бастауыш сыныпта оқыту» №1, 2006ж.
-
Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы – Алматы, Рауан, 1995ж.
-
Л. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., Педагогика. Алматы 2000.
-
Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А. Падагогика. Дарын -2004.
-
Педагогика. Дэріс курсы. Алматы : Нұрлы элем, 2003.
-
Бегалиев Т. Педагогика. Тараз 2001.
-
Бұзаубақов Қ. Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы 2004.
-
Қалиев С, Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. Тэрбие хрестоматиясы. Алматы2001.
-
Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. Алматы. 2000.
-
Педагогика Уч. Пособи под. ред. Пидкастого -М,1998.
-
Подласной И.П. Педагогика: 100 вопросов - 100 ответов: Учебное пособие для студентов высших учебных забедений. Москва 2001.
-
Ю.ХарламовИ.Ф. Педагогика - Минск 1997.
-
Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Мишенко А.И., Шлянов Е.Н. Педагогика. Москва 2000.
-
Вульфов Б.З., Иванов Б.Д. Основы педагогики. М.1997.
-
Аманоливили Ш.А. Личности —гуманшая основа педагогического
процесса. Минск 1990.
35. Вульфов Б.З. Семь прадоксов воспитания. М. 1994.
36. Воспитания сознательной дисциплины и культуры поведения
школников сост. Бабаев Ф.А.; под. Ред. Морьенко И.С. М.1982.
37. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. М. 1990.
38. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тэлім - тэрбиесі. Алматы 1990.
39. Маленков Л.И. Воспитание в современной школе . М. 1999. 19.Окон В. Ведение в общую дидактику - М, 1990.
40. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың
антологиясы - Алматы, Рауан, 1995. 21.Гребнюк О.С., Гребенюк Т.Б. Теория обучения -М, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |