I. 1920-1930 жылдары Қазақстанда кәсіптік–техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы



бет4/5
Дата07.07.2016
өлшемі1.01 Mb.
#181997
1   2   3   4   5

4-кесте 1944 жылдағы 11 ай ішіндегі Қарағанды көмір бассейніне жұмысшыларды дайындау және біліктілігін жетілдіру (ҚР ОММ, 3-қор, 1-тізбе, 189-іс, 35-парақ)



Дайындық түрлері

Трест бойынша оқыту


Ленин көмір

Молотов

көмір

Сталин көмір

Киров көмір

Жосп. оқыт

С. і.

қазақ

Жосп. оқыт

С. і.

Қазақ

Жосп. оқыт

С. і.

қазақ

Жосп. оқыт

С. і.

қазақ

Алдын-ала

1410

549

-

1533

460

-

2066

1448

-

2066

1119

-

Курстық

272

146

27

273+231

41

476

542

4

475

704

105

Жеке-бригадалық

762

634

101

856

1121

92

1191

1539

23

1425

1816

186

Біліктілікті жоғарлату

156

-

-

145

-

-

1231

-

-

217

23

10

Стахан мектептері

476

-

-

476

-

-

622

462

7

623

297

17

БАРЛЫҒЫ

3076

1329

128

3283

1812

133

4586

3991

34

4806

3959

318

Қазақстанның шұға өндірісі соғысқа дейін жалғыз орта өлшемді Қарғалы фабрикасы түрінде болды. Эвакуацияланған төрт шұға кәсіпорынның жабдықтары негізінде бұл фабрика айтарлықтай кеңейтілді, сонымен қоса жаңадан екі шұға кәсіпорын ұйымдастырылды. Былғары тері саласы кеңейтілді.

Трикотаж, шұлық-ұйық, мақта-мата, мақта иіретін, жүн иіретін, тері, айна, уақ-түйек сияқты жаңа салалар пайда болып, қарқынды дами бастады.

5-кесте Жұмысшылардың 1944 ж 11-айына Қарағанды көмір бассейінінде негізгі мамандықтары бойынша кәсіби даярлау көрсеткіштері




Кәсіптер

Терест бойынша

Қарағанды көмір


Тұрғын үй құрлысы

Тағы басқалар

Комбинат бойынша

Наволтер мен Забойщик

100

-

-

-

-


-

-

-

2010

1714

182

Проходчик

-

-

-

-

-

-

-

-

-

551

404

5

Қатайтқыш

тар

-

-

-

-

-

-

-

-

-

1178

824

28

Слесарь мен эл. слесарь

27

39

6

-

-

-

-

-

-

511

430

19

Запарщик

тер

-

-

-

-

-

-

-

-

-

164

455

109

Механизмге

Қызмет көрсеткен жұмысшылар

-

112

6

-

-

-

-

-

-

-

764

6

Осындай құрылымдық өзгерістермен байланысты еңбекшілер пайдалану үшін дайын өнім шығаратын толық өндірістік цикілді кәсіпорындар саны бестен он жетіге дейін өсті. Осылайша, Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері барлық КСРО жеңіл индустриясының көп салалы, маңызды бөлігіне айналды. Эвакуацияланған кәсіпорындар негізінде ескі салалар айтарлықтай кеңейтіліп, жаңа салалар пайда болды. Оның материалды- техникалық базасы күшейді. Қазақстан елдің индустриалды дамыған ауданына жылдам айнала бастады.

Жеңіл және тоқыма өнеркәсіп кәсіпорындарында ауыр, қорғаныс өнеркәсіптерінен ерекше барлық әскери міндетті ер адамдар әскерге шақырылды. Мысалы 1941 жылы 20-қарашасында қарғалы шұға фабрикасынан 100 қызметкер майданға аттанды. Ал Алматы аяқ-киім фабрикасынан 1942 жылдың аяғында жұмыскерлер санының 75%-і әскерге шақырылды. Кейбір кәсіпорындардан майданға қыздар да кетіп жатты. Соғыстың басында Қостанай тігін фабрикасынан майданға өз еріктермен 200 жас қызметкер қыздар аттанды. Осының нәтижесінде соғыс басында барлық кәсіпорындарда жұмысшылар саны төмендеп кетті. Сонымен қоса, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарының кәсіби маман жұмысшыларға деген зәрулік мәселесі бұл саланың білікті жұмысшыларының ауыр, қорғаныс өнеркәсіптеріне ауыстырылуымен күшейді. Майданға кеткендерді жылдам жаңа жұмысшылармен алмастырып, оларды жедел түрде жаңа өндірістік біліктілікке үйрету сияқты өте жауапты тапсырма тұрды. Бұл тапсырманы сәтті орындау үшін Қазақстанның партия-кеңестік және шаруашылық ұйымдары үлкен жұмыстар ұйымдастырғанын баса атап көрсетуіміз қажет. Қалалардағы барлық еңбекке жарамды тұрғындар есепке алынып, өндіріс жұмыстарына жіберілді. Партиялық ұйымдардың басқаруымен барлық жерлерде өткізілген митингілерде әйелдерге-олардың әкелері, ағалары, күйеулері және ұлдары майданда қорқынышсыз күресіп, Отанының абыройы мен бостандығын қорғап жүргенде, тылда қалғандарға жанкешті еңбегімен тылды күшейтіп, оның күшті әскери арсеналға айналуына белсенді араласу керектігі түсіндірілді. /15/

Алматының №2 тігін фабрикасында 1941 жылдың 22-шілдесінен бастап 1942 жылдың 1-қаңтарына дейін 807 жаңа жұмысшы қыз қабылданып, оқытылды. Қарғалы шұға фабрикасында 1941 жылдың 22-маусымынан 20-қараша аралығында соғысқа шақырылғандар орнына 101 әйел жұмысқа алынды. Семейдің «Большевичка Украины» тігін фабрикасына 1140 әйелдер алынды.

Соғыс жұмысшы кадрларды дайындау мен оқыту жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді. Жұмысшылар арасынан кәсіби маман дайындау қалыптары мен толықтырулар көздері өзгерді. Соғыс жылдары жұмысшы қатарын толықтырудың негізгі көздері үй шаруасындағы әйелдер, командирлер мен майдандағы қызыл әскерлер жанұяларының басқа да мүшелері, жұмысшы әйелдер, әскери міндетті емес ер адамдар мен жасөспірімдер, сонымен қатар эвакуацияланған және қоныс аударған тұрғындар болды.

1941 жылы 15-қараша тек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша аттанған жұмысшыларды алмастыру үшін 1055 әйел дайындалды, оның 495-і бұрын жұмыс істемеген үй шаруасындағы әйелдер болатын. Барлық дайындалған әйелдер санының 294-і бұрын өндірістің қызмет көрсету және көмекші операцияларында жұмыс істеген, ал 474 әйел әскерге шақырылғандар отбасыларының мүшесі. Дайындалғандардың жалпы санының 962-сі тікелей өндірісте қызмет атқарды. 1942 жылы қаңтарда өткен Қазақстанның КП(б)-ның ОК VI Пленумы әйелдердің өндіріске жаппай тартылуының маңызын тағы да атап айтты.

Республиканың Жеңіл өнеркәсіп халық комиссары өз кәсіпорындарында әйелдер есебінен 8495 адам дайындау керек болды. Облыстық және қалалық партия ұйымдары, республиканың Ауыр өнеркәсіп халық комиссариаты мен Жеңіл өнеркәсіп халық комиссары басшылары әркез әйелдерден жаңа жұмысшы кадрларды дайындаумен айналысты. 1942 жылы тек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында 5411 әйел дайындалды, оның 526-сы қазақ әйелдері болатын. Барлығы 998 әйел оқуды жалғастырды. /16/

Кадр мәселесінде Отан соғысы мүгедектерін жұмысқа орналастырудың маңызды мәселесі болды, тек 1944 жылы барлық жеңіл өнеркәсіпте 430 мүгедек жұмысқа орналастырылды. Олардың көбі техникалық оқудан өтіп, негізгі өндіріс жұмысшыларының санын арттырды.

Жұмысшы кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру маңызды мәселе болып қала берді. Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсібі жүйесінде Отан соғысы кезеңінде барлығы 25529 адам оқытылды, оның ішінде 20974 адам қайта дайындалып , 8555 адам біліктілігін жоғарылатты.

Республиканың жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері халық комиссариаттары оқтын-оқтын басқарушы кадрлардың курстық және семинарлық оқуларын өткізіп тұрды. Директорлар, бас бухгалтерлер, бас инженерлер, директор орынбасарлары, бас экономистер арнайы жасалған бағдарлама бойынша техникалық-экономикалық анализ жасау, өндірістік және еңбек көрсеткіштерін көтерудің қосымша қорларын айқындауға үйретілді.

Орта деңгейдегі техникалық мамандарды жоспарлы түрде дайындау үшін 1945 жылы 17-қыркүйекте Семейде тігін, аяқ киім және былғары-тері кәсіпорындары үшін маман даярлайтын үш бөлімді Жеңіл өнеркәсіп техникумы ашылды. Бірінші жылы техникумға 250 оқушы қабылданды. Техникумның ұйымдастырылуы республика өмірінде маңызды оқиға болып табылды және Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі үшін кәсіби техникалық білікті кадрларды дайындауда маңызды роль атқарды.

Әскер қатарын жаппай мобилизациялауға қарамастан Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері жүйесінің жұмысшылар саны соғыс жылдарында көбейді. 1943 жылы ол 219,9%-ті құрады, ал 1945 жыл 1940 жылдың деңгейіне қарағанда 162,3% өсті.

Жұмысшылардың жалпы көпшілігінде әйелдердің үлес салмағы жылдам өсті. Егер 1941 жылы мамырда жеңіл өнеркәсіп өндірісінде әйелдер саны жалпы жұмысшылар санының 65,1% деңгейінде болса, 1945 жылы олар 80,7% -ті құрады, ал жасөспірімдердің үлес салмағы 21,2% -ке жетті. Тоқыма өнеркәсібінде әйелдердің үлес салмағы 1941 жылы 30% болса, 1943 жылы 78%-ке дейін жоғарлады, ал жасөспірім жұмысшылар соғыстың аяғында барлық жұмысшылардың 30%-ін құрады. /17/

Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсіптерінің Отан соғысының бірінші жылдарында қарқынды дамуы инженер-техникалық жұмысшылар санының айтарлықтай өсуіне алып келді. Бірақ эвакуацияланған ИТЖ-лар мен қызметкерлердің бұрынғы жұмыс орындарына қайтып келуі тоқыма өнеркәсіптерінің өндірісінде бұл кадрлардың жеткілікті болуына кері әсер етті. 1943 жыл республиканың тоқыма өнеркәсібі эвакуацияланған мамандар есебінен инженер-техникалық жұмысшылармен толық қамтамасыз етілген болса, көп кешікпей 1944 жылбасталған кері қайтулар нәтижесінде ИТЖ-мен қамтамасыз етілу 50,7%-ға төмендеп кетті, ал 1945 жыл ИТЖ-ның жас мамандар келуі есебінен өсуі байқалды.

Соғыстың бірінші жылдарында жұмысшылар мен қызметкерлерді әскерге жұмылдырумен байланысты коммунистер саны төмендеп кетті, бірақ соғыстың аяғына қарай олардың саны эвакуацияланған мамандармен және озат жұмысшылар мен стахоновшылар есебінен көбейді. /18/

Отан соғысының басынан республиканың және елдің барлық еңбекшілері сияқты Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің жұмысшылары да партиялық ұйымдардың басқаруымен социалистік жарысқа белсенді түрде араласты. Кәсіпорындарда жарысқа байланысты келісім шарттар жасалды. Социалистік міндеттемелер қабылданды, социалистік жарыстардың барысы мерзімді басылымдарда жарық көрді.

Социалистік жарысты ұйымдастыру қабылданған міндеттерді сәтті орындау мен ның жалпылауына жетуімен кеңінен талқыланды. Мысалы, жүнді алғашқы өңдеуден өткізетін Семей фабрикасының бастауыш партия ұйымы соғыстың бірінші күнінен бастап ұжымдағы социалистік жарысты дамытып, әр жұмысшымен жұмыс жүргізді, коммунистерді өндірістің маңызды аумақтарына орналастырды, әрқашан жарыс барысын қадағалап отырды. Нәтижесінде барлық 496 жұмысшы күнделікті өнімділік мөлшерін орындап, кейде одан асыра орындап та отырды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінде социалистік жарыс, еңбектің стаханов әдісі үшін күрес жұмысшылардың қалың бұқарасын белсенділігін арттырып, дамып отырды.

1941 жылдың аяғына қарай Қазақстанның тек жеңіл өнеркәсібі бойынша Стаханов қозғалысының әр түрлі қалпымен барлық жұмысшылардың 46,3% қамтылды, Стахановшылар мен екпінділер саны 1940 жылы 2200 ден 2967 адамға өсті. /19/

Социалистік жарысты ұйымдастыру мен дамуы айтарлықтай жақсарды. 1942 жылдың мамырында елдің бастауыш кәсіпорындары ұжымдардың бастамасымен Бүкілодақтық социалистік жарыс басталды. Майдандық вахта үшін, өнімділік мөлшерін бірнеше есеге асыра орындау үшін қозғалыс дамыды.

Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсіптерінің жұмысшылары бүкілодақтық социалистік жарысқа белсене араласты. Қазақстанның КП(б) ОК, облыстық, қалалық, аудандық және бастауыш партиялық ұйымдар жарысты ұйымдастыру мен өткізу жағдайларын жақсаруын еске ала отырып, бағыттап және басқарып отырды. Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсіптерінің жұмысшылары бүкілодақтық социалистік жарысқа қатысып еңбекші және саяси шынықтырудың өте жақсы мектебінен өтті. Жанкешті, екпінді еңбек оларды озаттар, стахановшылар деңгейіне көтерді. 1941 жылдың аяғында стахановшылар мен екпінділер тоқыма саласында 95,8%-ті , былғары-тері саласында 75%-ті құрады. Семей былғары комбинатында жұмысшылардың 96%-і стахановшы болды. «Большевичка Украины» тігін фабрикасында 90%-ті құрады.

1943 жылы жазы мен күзінде кеңес әскерінің сәтті шабуылы еңбекшілерді жаңа еңбек жасауға жігер берді. Майдандағы жауынгерлердің өшпес жауынгерлік ерліктерін еңбек сыйлықтарымен есте қалдыру үшін 1943 жылы 20 қыркүйегімен 20 қазанына дейін республикалық майдан айлығы өткізілді.

Бұл маңызды шараны сәтті өткізу үшін Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсіп өндірістерінде ұйымдық жұмыстар дамыды. Семейдің жүнді алғашқы өңдеуден өткізу фабрикасында «майдан айлығы» бұрын соңды болып көрмеген ынтамен басталды. Бұндағы жұмысшы әйелдер «Тапсырманы орындап болмай цехтан кетпейміз, әрқайсымыз екі-үш адамның орнына жұмыс істейміз» деп мәлімдеді. Олар өз сөздерінде тұрды. Көптеген жұмысшылар жоспарларын бір жарым, екі есе асыра орындады, ал Медведева үш адам орнына жұмыс істеудің бастаушысы болды.

«Майдан айлығы» күндері Алматы тері фабрикасының көп жұмысшылары мөлшерді екі-үш есе артық орындады, ал комсомол белсендісі Клочкова маусымдық мөлшерді орындауды 500%-ке жеткізді, гарнитура зауытында Чернышева бригадасы айлықтың кезеңінде тапсырманы 400%-дан аса орындады, ал майдангерлердің әйелдері Петухова, Александрова және тағы басқа тапсырманы 500-600%-ға орындады. Алматы №1 тігін фабрикасында Естафьева күніне мөлшерді 5 есе артық орындауға міндеттеме алды, бірақ шындығында мөлшерді 7-8 есе артық орындады./20/

Республикалық «Майдан айлығының» өткізілуіне байланысты республика өндірісінің жұмысы айтарлықтай жақсарды. Жеңіл өнеркәсіп халық комиссариаты жоспарлық тапсырманы 110%-ке орындады. Әскери тапсырыстарды орындау айтарлықтай жақсарды.

Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсіптерінде комсомол жастар бригадалары 1943 жылдың желтоқсанында ұйымдаса бастады. 1943 жылдың басында 11 комсомол жастар бригадасы құрылды. 1944 жыл қаңтар-ақпанында олар 16 жетті, наурыздың бірінші он күндігінде тағы да 10 құрылды. 1944 жыл тоқыма өнеркәсібі жүйесі бойынша 225 мүшесі бар 22 комсомол жастар бригадасы еңбек етті.

Партиялық ұйымдар комсомол жастар бригадаларымен өткізілетін жұмыстарға үлкен көңіл бөлді. Олар комсомол жастар бригадаларының ұйымдасуы, олардың жұмыстарының жақсаруына қажетті жағдайларды жасау үшін, тәжрибе алмасу үшін қозғалысты дамытуды көздеді. Мысалы, 1944 жылы 24-ақпанда Шымкент қалалық коммунистік партия ұйымы комсомол жастар бригадаларының жұмыстарын жан-жақты талқылап, жетеудің орнына он төрт станокта жұмыс істеп, жасап шығару мөлшерін 215%-ке орындаған шұлық-ұйық фабрикасының комсомол белсендісі Сейдахметованың бастамасын басқа да кәсіпорындарға таратуды ұсынды.

1944 жылдың аяғында жеңіл өнеркәсіпте 100 комсомол жастар бригадалары болды, ал 1945 жыл аяғында олардың саны 1684 адамды қамтып, 180-ге өсті. 1945 жылы қазанда тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарында 338 мүшелі 81 бригада болды.

Алматы №1 тігін фабрикасының №5 комсомол жастар бригадасы өндірістік тапсырмаларды жүйелі түрде асыра орындап отырды. Әрі бұл бригада жоспарлы 33-тің орнына шындығында 23 адам жұмыс істеді. Орташа жасап шығару мөлшерін 179%-ке орындады, ал кейбіреулері жоспарды 3-4 есе асыра орындады. «Большевичка Украины» Семей тігін фабрикасның комсомол жастар бригадаларында жоспарды орындаудың орташа саны 200-250%-ті құрады, ал бригаданың жеке мүшелері жоспарды орындауды 400%-ке дейін жеткізді.

Еңбектің жоғары өнімділік үлгілерін Шымкент шұлық фабрикаларының озаттары көрсетті. Ал комсомол жастар бригадасының бригадирі Рахат Юлдашева өз мөлшерін 1944 жылдың қаңтарында 185,5%-ке, маусымда 25 % -ке, қыркүйекте 308%- ке жеткізе орындап, бір күнде шұлық дайындауды 164 ондық жұпқа жеткізді, бұл кезде Бауман атындағы Мәскеу шұлық фабрикасы сияқты елдің озат кәсіпорындары күніне 70-75 ондық жұп беріп отырды. Рахат Юлдашеваның жеткен деңгейі КСРО-ның барлық трикотаж өнеркәсіптері үшін бұрын болмаған рекорд болып табылады. Сондықтан трикотаж өнеркәсібінің бас басқармасы оның жетістігін бүкілодақтық рекорд деп танып, бұл озық тәжірибені елдің барлық трикотаж өнеркәсіптеріне таратуды ұсынды. 1944 жылдың желтоқсанында Орал зауыттарының Е.Агарков пен А.Федотов бастаған бригадалары маңызды бастама көтерді. Олардың еңбек өнімділігін арттыру мен кадрларды дұрыс қолдану, өндірістің жақсы ұйымдасуы үшін бригадаларды ірілендіру мен бөлімдерді біріктіру туралы ұсынысы Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері кәсіпорындарында да қолдау тапты. Осылайша, Семей тері зауытында жеке бөлімдерде өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыру қайта қаралды, екі жеке цехтан бір тері илейтін цех ұйымдастырылды. Бұл өндіріст басқаруды айтарлықтай жақсартып, он бес жұмысшы, үш шебер және бір цех бастығын босатуға септігін тигізді. Еңбекақы төлеу қорының үнемі жылына 64 мың сомды құрады, комсомол жастар бригадалары ірілендірілді. Алтаудың орнына төрт ірілендірілген бригада жұмыс істей бастады. Олардың еңбек өнімділігі 135-140%-ға көтерілді. Бұл уақытта социалистік жарыста көп жаңалық пайда болды. Бұрыннан қалыптасқан жұмысшылардың жеке және топтық жарыстарымен қатар жабдықтарды тиімді қолдану, шикізат, энергия үнемдеу және тағы басқа бағытта жарысу үшін социалистік жарысты жаңа түрлері пайда болып, кеңінен дамыды.

1945 жылдың көктемінен Қазақстанның жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің жұмысшыларының еңбек белсенділігі мен ынтасы республиканың басқа да жұмысшыларындағыдай КСРО-ның 25 жылдығына дайындықпен байланысты жоғарылады. Бұл мәнді датаны лайықты қарсы алу үшін кәсіпорындарда, жаңа жоғарылатылған социалистік міндеттемелер қабылданды.

Партия ұйымдарының басқаруымен жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері өндірістерінде Ұлы Отан соғысы жылдары дамыған социалистік жарыстар өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға, еңбек өнімділігін жоғарылатуға шикізат, жанармай және энергияны үнемдеуге, өндірілетін өнімнің бағасының төмендеуіне, оның сапасының жақсаруына себеп болды. Тылдағы жеңіл және тоқыма өнеркәсіптерің жұмысшылары, ИТЖ мен қызметкерлері екпінді, стахановшыл еңбектерімен майданға көмектесті.

Ұлы Отан соғысы жылдары кәсіптік техникалық оқу орындарының өсіп-жетілуі мен нығаюы тарихындағы маңызды кезең болды. Бұл жылдарда оқу орындары ұйымдық жағынан нығая түсті, маман жұмысшылары дайындауда белгілі тәжірибе жинақтады.

Жұмыс кадрлары мен кәсіби маман даялау ісінің өзі саясаттандырылды. Сол кезеңдегі саяси тәрбие жұмысының негізгі бағыттары әлеуметтік серіктестік пен жалпы ұлттық келісімді орнықтыру болған еді. Өйткені, бұл бағыттардың өткір идеологиялық тұрғыда қойылуы репрессия құрығына іліккен адамдар мен депортацияланған халықтың шоғырланған жері Қазақ жері болғаны белгілі. Мысалы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеңес халқының ерлік әрекеті мен достығының шынайы үлгісі қазіргі кезде біздің еліміздің жалпы ұлттық келісімді берік орнықтыру бағытындағы ішкі саясатының басым бағытының негізіне айналып оты

Сiлтеме



  1. Очерки истории профессионально- технического образования в Сибири, 1917-1980/ Редкол.: Костенков П.П. и др. –М.: Высш. шк., 1985.- 248 б.- Библиогр.: б. 242-246.

  2. Сейтешев А.П., Абдыкаримов Б.А. Научные основы профессионально- технической педагогики/ Под ред. С.Я. Батышева. – Алма-Ата, 1993. – 431 б.

  3. Жаманбаев К. Высшая школа в Казахстане А: 1972 г. 184 б.

  4. Табылдиев Х.Б. Қазақстандағы сауатсыздықты жою тарихы: тажірибе және тағылым (1917-1941 жж) тар. ғыл. докт. дисерт авторефераты, А: 1997 ж.- 50 б.

  5. Беткенбаев Ш.К. Борьба за осуществление ленинского декрета о ликвидации безграмотности среди населения в казахском ауле (1917-1940 гг.) А: 1983 г.

  6. Мышко Н.С. Рост образовательного уровня населения Казахстана в период построения социализма (1917-1937 гг.) Автореферат диссерт. канд. ист. наук А: 1984 г.

  7. Кунантаев К.К. Развитие народного образования в Казахстане (1917-1990 гг.) А: 1997 г. 183 б.

  8. Народное образование в СССР Сборник документов 1917-1973 гг. М: 1974 г. 377 б.

  9. Абишева Б.Н. Подъем культурно-технического уровня рабочих угольной промышленности Казахстана (1946-1963 гг.) А: 1965 г. 250 б.

  10. Козыбаев Историография Казахстана А: 1990 г.

  11. Вопросы истории 1955-1960 гг.

  12. Азия транзит 2001 г. № 7

  13. Кәсіби біліктілікті арттырудың өзекті мәселелері: (Білім беру орталықтарында) //Қазақстан мектебі- 2000, №9, 28-30 беттер.

  14. Кәсіптік білім туралы жаңа сөз. //Егемен Қазақстан, 2002, 27 наурыз

  15. Кәсіби біліктілікті арттырудың өзекті мәселелері. Білім жетілдіру орталықтарында. // Қазақстан мектебі -2000, 9

  16. Аманбаев Қ. Алғаш ұстаздар ұшырған ұя. Сарап ғылыми-техникалық коледжіне - 80 жыл //Орталық Қазақстан газеті, 2002, 16 қазан

  17. Қазақ тарихы, 2003, № 6, 67-69 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет