I. 2012-2016 жылдарға арналған Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі462.75 Kb.
#10049
1   2   3   4

Ағымдағы нысаналы трансферттер Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарыныѕң ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған. Мысалы, тұқым шаруашылығын қолдау, білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге және тағы басқа.

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрєан бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

 Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.


Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әлі аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде.Жалпы білім беру мектептердің, мектепке дейінгі балалар ұйымдардың, аураханалардың, перинаталдық орталықтың, дәрігерлік амбулаториялардың, мәдениет үйлердің, спорттық алаңдардың және әлеуметтік нысандың құрылыстары жүргізілуде.
Білім беру
Барлығы ауданның бекітілген бюджеті бойынша білім беру саласына үш жылға 8942,6 млн теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 2012 жылға – 2875,5 млн. теңге, в 2013 жылға – 3009,2 млн. теңге, в 2014 жылға – 3057,9 млн. теңге. Ағымдағы жылдың нақтыланған бюджеті нысаналы трансферттерді қосқанда 2961,0 млн.теңгені құрайды.
2012-2014 жылдарға білім беру саласы шығындары

млн.теңге

Атауы

2012 жылға арналған бюджет

2013 жыл

2014 жыл

Бекітілген

Нақтыланған (01.07-не.)

Барлық шығындар:

2875,5

2961,0

3009,2

3057,9

Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту

 431,2

476,3

 436,8

442,7 

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

2407,8

2401,7

2535,5

2576,8

Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер

36,5

83,0

36,9

38,4

Ағымдағы 2012 жылы 3 мектептің құрылыстары жүргізілуде, «Қармақшы ауданында 150 орындық сауықтыру және демалыс орталығы құрылысы» жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаты әзірленуде.


Денсаулық сақтау
2012 жылы денсаулық сақтау саласына ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға кент ауылдық округ әкімінің аппараттарына 176,0 мың теңге қаралған. Аудандық бюджеттің шығыстары денсаулық сақтау саласына 2013 жылға 188,0 мың теңге, 2014 жылы – 202,0 мың теңге бекітілген.

2012 жылы ауданымызда 1 емхана, 2 фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылысы жоспарлануда.


Әлеуметтік қолдау

2012-2014 жылдарға әлеуметтік комекке және әлеуметтік қамсыздандыруға шығындары

млн.теңге

Атауы

2012 жылға арналған бюджет

2013 жыл

2014 жыл

бекітілген

нақтыланған
(01.07.)


Барлық шығындар:

484,6

543,7

491,7

522,0

Әлеуметтiк көмек

441,8

501,0

448,2

477,8

Өзге де шығындар

42,8

42,7

43,5

44,2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет