И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Педагогикалық қиындықтардың педагогқа әсері



бет166/188
Дата03.12.2023
өлшемі2.28 Mb.
#485251
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   188
Педагогикалык психология китабы толык Зимняя - копия

Педагогикалық қиындықтардың педагогқа әсері

Қарым-қатынасқа түскендердің біреуінің қиындықтары тек осы процестің өзіне, осы қиындықтарды бастан кешіріп отырғанның іс-әрекетіне, жағдайға ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынастың басқа да мүшелеріне, атап айтқанда, кері байланыс арнасы арқылы және де осы жағдайда болып тұрған педагогқа да әсер етеді. Педагог не қиындықтарды жеңіп, қарым-қатынас пен іс-әрекетті жалғастырады, не жайсыздық сезімін сезіне отырып, коммуникативтік жағдайдың ерекшеліктерін есепке алмау, дайындықтың, ұйымдастырудың жеткіліксіздігі үшін ыңғайсыздана отырып, жаңа коммуникативтік жағдайларды және іс-әрекеттің жаңа формаларын жасайды, не бірқатар жағдайларда қоршаған шындықты бағалаудың сәйкестілігін өзгерте отырып сыртқы кінәлаушы позицияны ұстанады. Педагогтың қиналу кездерінің саны және оның «неғұрлым көп болса – соғұрлым жақсы» (жауапкершілік пен қызығушылық азырақ) қатынасы бойынша оқушылардың жауапкершілігі мен қызығушылығын бағалауы арасында жағымды мәнді байланыс бар екені көрсетілді (А.А. Реан). А.А. Реан бұл фактіні психологиялық қорғаныс ретінде қарастырады, ол «өзіндік педагогикалық іс-әрекеттегі субъективтік қиындықтардың молшылы-ғы оқушы тұлғасындағы түрлі объективті жағымсыздықтармен түсіндірілуінен («қиын контингент», «жауапсыз тұлғалар», «кәсіп үшін кездейсоқ адамдар» және т.б.)» көрінеді [188, 75б.]. Әрине, үйренушілерді бағалаудың осындай сәйкессіздігі, өз кезегінде, оларда қарым-қатынас жасау, педагогпен контакт орнатуда қиындықтар тудырады.




Педагогикалық қиындықтар
проблемасының жалпы
психологиялық контексті
Жалпы қарым-қатынастағы қиындықтар серіктердің ерекшелік-терін, қарым-қатынас сипатының коммуникативтік жағдайын, адамдардың педагогикалық өзара әрекеттесу ерекшеліктерін бейнелейді. Қиындықтарды тудырушы себептердің көпфакторлығына қарай, осы проблеманың жете талдауы бір мезгілде көптеген психологиялық проблемаларды және ең алдымен, «қатынас» (В.Н. Мясищев, Б.Г. Ананьев, Н.В. Кузьмина); әлеуметтік перцепция, яғни адамның адамды қабылдауы (А.А. Бодалев, В.А. Лабунская); танымдық іс-әрекеттің когнитивті стилі (У. Найссер, С.Д. Смирнов, Г.А. Берулава) сияқты проблеманы қарастыру болып келеді. Жалпы, жас ерекшелік психологиясы, тұлға психологиясы, қақтығыстану, әлеуметтік психология курстарын жете және қызығушылықпен оқымайынша олардың негізгі механизмдері мен заңдылықтары түсінілмейді.
Жоғарыда аталған салалардың басым көпшілігіндегі қарым-қатынас қиындықтарын не өз бетінше түзетулер енгізу арқылы, не арнайы тренингтер арқылы жеңуге болады (Ю.Н. Емельянов, Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, В.А. Кан-Калик, Л.М. Митина және т.б.). Сонымен бірге, педагогтың өзінің коммуникативтік ерекшеліктерінің деңгейінде алғашқы бағдарлануының қажеттілігі жалпы жұртшылықпен мойындалған. В.А. Кан-Калик мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті-нің қалыптасуының маңыздылығын атап көрсете отырып, осы процесте алғашқы қадамдардың бірі өзін «коммуникант» ретінде анықтау болып табылады деп белгілейді.
Төменде В.А. Кан-Калик бойынша В.Ф. Ряховскийдың адамның коммуникативтік ерекшеліктерін анықтауға арналған тесті және алынған мәліметтерді өңдеу тәртібі келтірілген [82, 52-54 б.]

ТЕСТ (СҰРАҚТАМА)



  1. Сіздің алдыңызда ерекше немесе іскери кездесу тұр. Ол кездесуді күту сізді күнделікті өмір ағымынан тыс қалдыра ма?

  2. Сіз дәрігерге баруды ақырғы кезге дейін созбайсыз ба?

  3. Қандай да бір кеңесте, жиналыста немесе тағы сондай шараларда баяндамамен, хабарламамен, ақпаратпен шығып сөйлеу тапсырмасы сізде күйзеліс және риза болмау сезімін тудырмай ма?

  4. Сізге бұрын бармаған қалаға іс-сапарға баруды ұсынады. Сіз осы іс-сапардан құтылу үшін барынша күш жұмсайсыз ба?

  5. Сіз өз уайымдарыңызбен кіммен болса да бөлісуді ұнатасыз ба?

  6. Егер көшеде сізге танымайтын адам өтініш айтса (жолды көрсету, уақытты айту, қандай да бір сұраққа жауап беру) сіз ашуланасыз ба?

  7. Сіз «әкелер мен балалар» проблемасы бар дегенге және әрбір ұрпақ өкілдерінің бір-бірін түсіну қиын дегенге сенесіз бе?

  8. Сіз танысыңызға осыдан бірнеше ай бұрын сізден алып, қайтаруды ұмытып кеткен 10 тенге туралы есіне салуға ұяласыз ба?

  9. Мейрамханада немесе асханада сізге сапасы анықсыз тамақ әкелді. Сіз үндемей, тек ренішпен тарелкені сиыра саласыз ба?

  10. Танымайтын адаммен бетпе - бет қалған кезде, сіз онымен әңгімелеспейсіз және егер ол бірінші болып сөйлесе қынжыласыз. Солай ма?

  11. Қай жерде болмасын ұзын кезек сізді шошытады (дүкенде, кітапханада, кинотеатр кассасында). Сіз өз ниетіңізден бас тартуды қалайсыз ба?

  12. Сіз қақтығыстық ситуацияны қарастыру бойынша қандай-да бір комиссияға қатысудан қорқасыз ба?

  13. Сізде әдебиет, өнер, мәдениет туындыларын бағалаудың жеке өзіңізге тән өлшемдері бар және осыған қатысты ешкімнің де пікірін жаратпайсыз. Солай ма?

  14. Бір жерлерде, кулуарларда сізге жақсы таныс сұрақ бойынша жаңсақ көзқарасты естіген кезде, сіз дауласпай, үндемей қалғанды қалайсыз ба?

  15. Кімнің болмасын қайсыбір қызметтік сұрақтар немесе оқу тақырыбы бойынша көмек сұрауы сізде реніш тудыра ма?

  16. Сіз өз көзқарасыңызды (пікіріңізді, бағалауыңызды) ауызшаға қарағанда, жазбаша түрде мазмұндауды ұнатасыз ба?

Енді өзіңізге өз жауабыңызды бағалауды ұсынамыз: әр «иә» жауабы үшін – 2 ұпай, «кейде» – 1 ұпай, «жоқ» – 0. Содан кейін ұпайлардың жалпы саны қосылады және жіктегіш бойынша сіз адамдардың қандай категориясына жататыныңыз анықталады.


30-32 ұпай. Сіздің коммуникабельді еместігіңіз анық, және бұл сіздің осал жағыңыз, өйткені бәрінен бұрын одан сіз зардап шегесіз. Бірақ сіздің жақын адамдарыңызға да оңай емес. Топтасып күш жұмсайтын істе сізге сену қиын. Қарым-қатынас үйір болуға тырысыңыз, өзіңізді бақылаңыз.
25-59 ұпай. Сіз тұйықсыз, ашық емессіз, жалғыздықты ұнатасыз, сондықтан сізді достарыңыз да аз болар. Жаңа жұмыс және жаңа контакттарға түсу қажеттілігі сізді байбаламға түсірмесе де, көп уақытқа дейін сіз тепе-теңдікті жоғалтасаыз. Сіз өз мінезіңіздің осы ерекшелігін білесіз де өзіңізге наразысыз. Бірақ наразылықпен шектеліп қана қоймаңыз – мінезіңізді осы ерекшеліктерін жою сіздің өз қолыңызда. Қандай да бір күшті әуестік кезінде сіз аяқ астынан коммуникабельділікті көрсетіп кететін кездеріңіз болмай ма? Тек серпілсеңіз ғана болғаны.
19-24 ұпай. Сіз белгілі дәрежеде ашық адамсыз және де бейтаныс жағдайда өзіңізді әбден сенімді сезінесіз. Жаңа пробеламалардан сіз қорықпайсыз. Сөйтсе де жаңа адамдармен байқап араласасыз, дауларға және пікірталастарға салғырт қатысасыз. Сіздің білдірген ойларыңызда кейде ешқандай негізсіз мысқылдау көп болады. Бұл кемшіліктерді түзетуге болады.
14-18. Сізде коммуникабельділігіңіз жақсы деңгейде. Сіз танымпазсыз, қызықты әңгімелесушіні ықыласпен тыңдайсыз, басқалармен қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз ойыңызды ашуланбай дәлелдей аласыз. Жаңа адамдармен кездесуге уайымсыз барасыз. Сонымен бірге шулы отырыстарды (компанияны) ұнатпайсыз; шектен тыс қылықтар мен көп сөз сізде ызалану сезімін тудырады немесе жалықтырады.
9-13 ұпай. Сіз тым ашық (кейде мүмкін шектен тыс) адамсыз. Сіз әуесқойсыз, сөз құмарсыз, түрлі сұрақтар бойынша сөйлеуді ұнатасыз, бұл кейде маңайыңыздағы адамдардың наразылығын тудырады. Жаңа адамдармен ықыласпен танысасыз. Елдің назарында болғанды ұнатасыз, ешкімнің өтінішін орындай алмасаңыз да кері қайтармайсыз. Кейде ашулансаңыз тез қайтасыз. Сізге жетіспейтін нәрсе бұл - күрделі проблемаларға тап болған кезде орнықтылық, шыдамдылық және қайсарлық. Бірақ, қажет жағдайда сіздің өз дегеніңізден қайтпауға қабілетіңіз жетеді.
4-8 ұпай. Сіз тым ақкөңіл адам болуыңыз керек. Сіз үнемі оңды-солды қарым – қатынас жасап жүретін адамсыз. Сіз әрқашанда барлық істің мән жайын біліп отырасыз. Барлық пікір таластарға қатысқанды ұнатасыз, алайда күрделі тақырыптар сіздің басыңызды ауыртып, налып кетесіз. Кез-келген сұрақ бойынша, тіпті ол туралы үстірт ғана білсеңіз де өз ойыңызды білдіресіз. Барлық жерде өзіңізді еркін сезінесіз. Кез-келген істі қолға аласыз, бірақ оны үнемі аяғына дейін жеткізе алмайсыз. Дәл осы себепке байланысты жетекшілер мен әріптестеріңіз сізге сенімсіздікпен қарайды. Осы туралы ойланыңыз.
3 ұпай. Сіздің шектен тыс қарым-қатынас жасауыңыз сізге зиян келтіреді. Сіз сөзшеңсіз, артық сөйлейсіз, сізге қатысы жоқ нәрселерге араласасыз. Мүлдем хабарыңыз жоқ проблемаларды талқылауға кірісесіз. Еркіңізбен немесе еріксіз сіз жиі-жиі өз маңайыңыздағы түрлі қақтығыстардың себебі боласыз. Ашушаңсыз, өкпешілсіз, көбінесе объективті емессіз. Күрделі жұмысқа жарамайсыз. Жұмыста да, үйде де, жалпы барлық жерде адамдарға сізбен болу өте қиын. Иә, сізге өзіңізді және өзіңіздің мінез–құлығыңызды өзгертуге тырысуыңыз керек! Ең алдымен өз бойыңыздан төзімділік пен ұстамдылықты тәрбиелеңіз, басқа адамдарға құрметпен қараңыз; соңында, өз денсаулығыңыз жайлы да ойланыңыз – мұндай өмір сүру салты ізсіз қалмайды.
***

Педагогикалық қарым-қатынас, оқу-педагогикалық іс-әрекет, көптеген сыртқы және ішкі факторлардың әсер ету объекті бола отырып, өзіне психологиялық кедергілер ретінде болатын күрделі қарама-қайшы сәттердің, қиындықтардың үлкен санын қамтиды. Осы қиындықтарды жеңу өзара әрекеттесуге қатысушылардан оларды туғызған себептерді өз бетінше жұмыс процесінде немесе арнайы тренингтерде саналы түсіну және коррекцияны талап етеді.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар





  1. Құбылыс күрделілігі (процесс) және оларды жеңу ауырлығы түсініктерінің арасындағы айырмашылық қандай?

  2. Қарым-қатынас қиындықтарының қарастырылған аймақтарының қайсысы тікелей сырттық, ал қайсысы ішкі факторларға жатады?

  3. Қарым-қатынастың үш жақтарының қайсысы – ақпараттық, перцептивтік, интерактивтік – педагогикалық өзара әрекеттесуде неғұрлым көп қиындықтарды тудырады.

Әдебиет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет