И. А. Зимняя педагогикалық психология


Проблемалық ситуациядағы міндеттерді орындау кезеңдері



Pdf көрінісі
бет108/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

 
Проблемалық ситуациядағы міндеттерді орындау кезеңдері 
 
Оқу проблемалық жағдайындағы міндеттерді орындау бірнеше 
кезеңдерді ҧйғарады. Бірінші кезең – дайын тҥрде оқытушы 
тҧжырымдаған немесе ҥйренушілердің ӛзі анықтаған міндетті тҥсіну. 
Соңғысы - міндет проблемалықтың қай деңгейінде орналасуына және 
ҥйренушінің оны шеше алу қабілетіне байланысты.
Екінші кезең – ҥйренушінің міндетті «қабылдауы», ҥйренуші ҥшін 
ол тҧлғалық мәнді болып, ӛзі ҥшін орындалуы тиіс, тек содан кейін ғана 
тҥсініліп және шешімге алынуы тиіс.
Үшінші кезең міндетті орындау эмоционалдық уайым (ӛкініш пен 
ӛзіне риза болмаудан кӛрі қанағаттану дҧрыс) және ӛз міндетін қою мен 
орындау тілегін тудыруы тиіс. Міндетті дҧрыс тҥсіну ҥшін тапсырманы 
тҧжырымдаудың рӛлін атап ӛту маңызды. Егерде міндет «талдаңыз», 
«себебін тҥсіндіріңіз», «сіздің ойыңызша себебі неде» деген 
тапсырмалар формасында тҧжырымдалған болса, онда оқушы жасырын, 
латентті байланыстарды анықтайды, міндетті орындаудың белгілі бір 
логикалық бірізділігін іздейді. Егерде тапсырма «сипаттаңыз», «айтып 
беріңіз» формасында берілсе, онда студент міндетті тҥсіну мен 
қабылдау ҥшін, орындау ҥшін қажетті эксплициттік берілгенді 
мазмҧндаумен шектеледі (К. Дункер, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, 
Н.С. Мансуров). В.А. Малахова жҥргізген зерттеулерде кӛрсетілгендей, 
«тҥсіндіріңіз» және «сипаттаңыз» сияқты міндет формалары іс жҥзінде 


197 
баланың ойлауы мен оның сӛздік білдіруін белгілі бір жолмен 
бағыттайтын тҥрлі міндеттер болып табылады. Сонымен қатар, тҥрлі 
жас топтарында тапсырманың императивті және императивті емес 
формаларының әсері біршама тҥрліше болып келеді.
Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет 
 
Іс әрекеттің қҧрылымдық компоненттерінің бірі әрекет болып 
табылады – кез-келген іс-әрекеттің морфологиялық бірлігі. Бҧл адамзат 
іс-әрекетінің маңызды «қҧраушысы». «Адамзаттық іс-әрекет әрекет 
формасы немесе әрекеттер қатарынан ӛзгеше түрде бола алмайды, ... 
іс-әрекет әдетте ортақ мақсаттан бӛлінген жеке мақсаттарға 
бағынатын әрекеттердің қандай да бір жиынтығымен іске 
асырылады» [112, 154-155 б.]. А.Н. Леонтьев бойынша, «әрекет –
түрткісі оның затымен сәйкес келмейтін (яғни, ӛзі бағытталған 
нәрсемен), керісінше осы әрекетті қамтитын іс-әрекетте жататын 
процесс [111, 289 б.]. Сонымен қатар, «әрекет заты оның тікелей,
түсінілген мақсаты болып табылады» [111, 290 б.].  Басқаша айтқанда, 
егерде тҥрткі тҧтастай іс-әрекетпен байланыстырылса, онда әрекет 
белгілі бір мақсатқа жауап береді. Іс-әрекеттің ӛзі әрекеттерден кӛрінсе, 
ол мотивтенген және мақсатты болса, онда әрекет ретінде тек мақсатқа 
жауап береді.
А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясында кӛрсетілгендей «іс-әрекет 
пен әрекет арасында ерекше бір қатынас бар. Іс-әрекет түрткісі 
жылжи отырып әрекет затына (мақсатына) айналуы мүмкін. 
Нәтижесінде әрекет іс-әрекетке айналады... Дәл осы жолмен жаңа іс-
әрекеттер туындайды, шындыққа деген жаңа қатынастар пайда 
болады» [111, 290 б.]. Мҧндай айналуды А.Н. Леонтьев келтірген 
мысалмен кӛрсетейік: бала тапсырманы орындап отыр, оның әрекеттері 
шешім табу мен оны жазу болып табылады. Егер бҧл оқушы болса 
және оның әрекеттерін мҧғалім бағалайтын болса, және де ол оларды 
орындай бастаса, себебі шешім табу мен нәтиже алудың ӛзі оған 
қызықты, онда бҧл әрекеттер іс-әрекетке, берілген жағдайда – 
оқушының іс-әрекетіне «айналады». Егерде бҧл мектепке дейінгі 
жастағы бала болса және оның тапсырманы орындауы, нәтижесінде 
баланың ойнауға баратыны не бармайтынымен мотивтендірілсе, онда 
тапсырманы орындау тек әрекет болып қалады. Осылайша, кез-келген, 
соның ішінде оқу іс-әрекеті де әрекеттерден тҧрады және де оларсыз іс-
әрекет мҥмкін емес, ал әрекеттер болса іс-әрекеттен тыс бола алады. 


198 
Оқу іс-әрекетін осылайша қарастыруда тек оған енетін тҥрлі оқу 
әрекеттері ғана талданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет