И. А. Зимняя педагогикалық психология


Мотивациялардың (түрткілердің) негізгі жіктеулері



Pdf көрінісі
бет116/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Мотивациялардың (түрткілердің) негізгі жіктеулері 
Адамның мотивациялық саласын жалпы жҥйелік тҥрде кӛрсету 
зерттеушілерге тҥрткілерді жіктеуге мҥмкіндік береді. Жалпы 
психологияда мінез-қҧлық (іс-әрекет) тҥрткілерінің (мотивациялардың)
тҥрлерін тҥрлі негіздер бойынша шектейтіні белгілі. Осындай негіздер 
ретінде болатындар: а) іс-әрекетке қатысу сипаты (тҥсінікті, белгілі 
және шынайы жҥретін іске асатын тҥрткілер, А.Н. Леонтьев бойынша); 
б) іс-әрекетке себепші болу уақыты (алыс – қысқа мотивация, Б.Ф. 
Ломов бойынша); в) әлеуметтік мәнділік (әлеуметтік – жеке тҧлғалық, 
П.М. Якобсон бойынша); г) оларды іс-әрекетттің ӛзіне араласу немесе 
одан тыс болу фактісі (кең әлеуметтік тҥрткілер – жеке тҧлғалық 
тҥрткілер, Л.И. Божович бойынша); д) іс-әрекеттің белгілі бір тҥрі, 
мысалы оқу мотивациясы және т.б. 
Жіктеу негіздері ретінде Х. Мюррейдің, М. Аргайлдың, А. 
Маслоудың және т.б. сызбаларын қарастыруға болады. Тҥрткілерді 
қарым-қатынас сипаты бойынша шектеу еңбегі
П.М. Якобсонға тиесілі. 
Зерттеудің осы желісін жалғастыра отырып, топтық ықпалдасу мен 
қарым-қатынасты анықтаушы әлеуметтік қажеттіліктерді А.А. Леонтьев 
бойынша ҥш негізгі қажеттіліктерге бӛлуге болады олар мыналарға 
бағытталады: а) ӛзара әрекеттесу объекті мен мақсатына; б) 
коммуникатордың ӛзінің мҥддесіне; в) басқа адмның немесе тҧтастай 
қоғам мҥддесіне. Қажеттіліктердің (тҥрткілердің) бірінші тобының 
кӛрінуіне мысал ретінде ӛндірістік топ мҥшесінің жолдастарының 
алдында ӛзінің ӛндірістік іс-әрекетінің ӛзгеруі жайлы сӛз сӛйлеуін 
келтіруге болады. Әлеуметтік тҧрғыдағы қажеттіліктер, тҥрткілер 
«...тұтастай қоғамның мүддесі және мақсатымен байланысты...»
Тҥрткілердің бҧл тобы адамның мінез-қҧлқын топ мҥшесі ретінде 
шарттайды, қоғам мҥддесі тҧлға мҥддесіне айналады. Осы тҥрткілер 
тобы мысалы, тҧтастай оқу ҥрдісін сипаттай отырып, оның субъектін 
де: педагогты, оқушыларды алыс, жалпы, тҥсінікті тҥрткілер 
тҧрғысынан сипаттауы мҥмкін екені анық. Коммуникатордың ӛзіне 
бағыттылған тҥрткілер (қажеттіліктер) жайлы айтқанда А.А. Леонтьев 
«не тікелей қандай да қызықты немесе маңызды нәрсені білу тілегінің 
қанағаттануына бағытталған, не ары қарай мінез-құлық тәсілін, 
әрекет тәсілін таңдауға бағытталған» тҥрткілерді есепке алады. 
Тҥрткілердің бҧл тобы оқу іс-әркетінде ҥстем ететін оқу мотивациясын 
талдауда неғҧрлым қызығушылық тудырады.
Іс-әрекеттің ҥстем мотивациясын анықтауға субъект ретінде 
тҧлғаның ӛзінің интеллектуалдық-эмоционалдық-ерік саласының 


212 
ерекшелігі тҧрғысынан келген жӛн. Осыған сәйкес, адамның жоғары 
рухани қажеттіліктері имандылық, интеллектуалдық-танымдық және 
эстетикалық тҧрғыдағы қажеттіліктер (тҥрткілер) ретінде бола алады. 
Бҧл тҥрткілер адамның рухани сҧраныстарының, қажеттіліктерінің 
қанағаттандырылуымен байланыстырылады, олармен П.М. Якобсон 
бойынша сезімдер, қызығулар, әдет және т.б. сияқты тҥрткілер ҥздіксіз 
байланысты. Басқаша айтқанда жоғары әлеуметтік, рухани тҥрткілер 
(қажеттіліктер) шартты тҥрде тҥрткілердің (қажеттіліктердің) ҥш 
тобына бӛлінуі мҥмкін: интеллектуалдық-танымдық, имандылық-
этикалық және эмоционалды-эстетикалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет