203
ретінде анықталады (П.К. Анохин). Алыну керек нәрсенің нәтижесі мен
алынған нәрсені салыстыру нәтижесі әрекетті жалғастыру (олар сәйкес
келген жағдайда) немесе тҥзету ҥшін негіз болып табылады. Осылайша,
бақылау ҥш буынды ҧйғарады деп бекітуге болады: 1) ҥлгі, қалаулы,
қажетті әрекет нәтижесінің бейнесі; 2) осы бейне мен шынайы әрекетті
салыстыру ҥрдісі; 3) әрекетті жалғастыру немесе тҥзету туралы шешім
қабылдау. Осы ҥш буын субъектінің ӛз іс-әрекетінің жҥзеге асуын іштей
бақылауының қҧрылымын кӛрсетеді.
Іс-әрекеттің әр буыны, оның әр
әрекеті іштей кӛптеген арналармен, кері байланыс «ілгектерімен»
бақыланады. Дәл осы жайлы, И.П. Павловтың ізінше, адам ӛзін-ӛзі
реттеуші, ӛзін-ӛзі оқытушы, ӛзін-ӛзі жетілдіруші машина ретінде айтуға
болады. О.А. Конопкина, А.К. Осницкий және басқалардың
жҧмыстарында бақылау (ӛзіндік бақылау) проблемасы тҧлғалық және
заттық ӛзіндік реттеудің жалпы проблематикасына қосылған.
Іс-әрекет қҧрылымындағы бақылау (ӛзін-ӛзі бақылау) мен бағалау
(ӛзін-ӛзі бағалау) рӛлдерінің маңыздылығы былайша себептеледі: ол
сыртқының ішкіге, интерпсихикалықтың интропсихикалыққа ӛтуінің
ішкі механизмін ашады (Л.С. Выготский), яғни мҧғалімнің бақылау мен
бағалау әрекеттері оқушының ӛзіндік бақылау мен ӛзіндік бағалау
әрекеттеріне ӛтуі.
Сонымен қоса, Л.С. Выготскийдің психологиялық
тҧжырымдамасы ӛзінің ішкі бақылауының немесе, нақтырақ айтқанда,
ӛзіндік бақылаудың қалыптасуын сатылы ӛту ретінде тҥсінік беруге
мҥмкіндік береді. Бҧл ӛту мҧғалімнің сҧрақтарымен, неғҧрлым
маңыздыны, негізгіні бекітумен әзірленеді. Мҧғалім бақылаудың ӛзіндік
бақылауға да негіз болатын жалпы бағдарламасын дайындайды.
П.П. Блонский материалды меңгеруге қатысты ӛзін-ӛзі
бақылаудың кӛрінуінің тӛрт сатысын белгілеген. Бірінші саты ешбір
ӛзін-ӛзі бақылаудың болмауымен сипатталады. Осы сатыдағы оқушы
материалды меңгерген жоқ және сондықтан ештеңені бақылай алмайды.
Екінші саты – толықтай ӛзін-ӛзі бақылау. Осы сатыда оқушы меңгерген
материал қайта жаңғыртуының дҧрыстығын және толықтығын
тексереді. Ҥшінші сатыны П.П. Блонский таңдаулы ӛзін-ӛзі
бақылау
сатысы ретінде сипаттайды, мҧнда оқушы сҧрақтар бойынша тек
бастысын ғана бақылайды, тексереді. Тӛртінші сатыда кӛрнекті ӛзін-ӛзі
бақылау жоқ, ол ӛткен тәжірибе негізінде, қандай да бір мәнсіз
бӛлшектер, белгілер негізінде жҥзеге асады.
Ӛзін-ӛзі бақылауды оның шет тілін сӛйлеуді игеруге араласуы
мысалында қарастырайық. Ары қарай келтірілген есту арқылы
бақылаудың қалыптасуы схемасында шет тілде сӛйлеуге оқытуда тӛрт
деңгей белгілеген. Олардың әрқайсысында сӛйлеушінің қатеге
204
қатынасы, сӛйлеушінің ҧйғарған әрекеттерінің тҥсіндіруі,
яғни есту
арқылы бақылау механизмі және қате әрекет жасаушының вербалды
реакцияларының сипаты бағаланады. П.П. Блонский бойынша,
сӛйлеушінің реакциясы ӛзіндік бақылау деңгейімен теңестірілуі мҥмкін.
Атап кететін жайт, алғашқы екі деңгей мҧғалімнің сыртқы
бақылаушы әсер етуімен сипатталады, бҧл ішкі есту арқылы кері
байланыстың қалыптасуына себеп болады, екі соңғы деңгейлер –
қателерді тҥзеуде сондай әсер етудің болмауымен сипатталады. Бҧл
деңгейлер шет тіліндегі сӛздік әрекеттердің
орындалуын саналы
қадағалау сатысынан тілдік бағдарламаны сӛздік жҥзеге асыруды
санасыз бақылау сатысына, яғни сӛздік автоматизм сатысына ӛтудегі
ӛтпелі деңгейлердей болып табылады.
Есту арқылы кері байланыстың шет тілін оқыту процесінде сӛйлеу
процесін реттеуші ретінде қалыптасуының ӛзінің оқытушының сыртқы
басқарушы әсерінің сӛйлеушінің ӛзінің осы ҥрдісті іштей басқаруымен
байланысын айқын кӛрсетеді. Сонымен бірге, есту арқылы бақылау
механизмі іс-әрекеттің ӛзінде қалыптасады. Тағы да маңыздысы, есту
арқылы бақылау ойды шет тілі арқылы қалыптастыру мен
тҧжырымдаудың барлық буындарын дҧрыс іске асыруын реттейді.
Осылайша, шет тілінде сӛйлеуге ҥйретуде мҧғалім оқушының сӛйлеу
әрекеттерін сырттай бақылаудан олардың ӛздерінің ішкі есту арқылы
бақылауына мақсатты тҥрде ӛте отырып, сӛйлеу
іс-әрекетінің
барлығына ортақ механизмді қалыптастырмауы мҥмкін емес.
Ӛзін-ӛзі бақылауға ҧқсастық ретінде іс-әрекет қҧрылымында
заттық ӛзін-ӛзі бақылаудың қалыптасуы да жҥреді. А.В. Захарова
кӛрсеткендей, бҧл ҥрдістегі ӛте маңызды ерекшелік – ӛзін-ӛзі
бағалаудың іс-әрекет субъектінің сапасына, мінездемесіне ӛтуі – оның
ӛзін-ӛзі бағалауына. Бҧл бақылаудың (ӛзін-ӛзі бақылау), бағалаудың
(ӛзін-ӛзі бағалаудың) оқу іс-әрекетінің жалпы қҧрылымына маңызды
тағы бір позициясын анықтайды. Ол немен шартталады десек, іс-
әрекеттік пен тҧлғалықтың байланысы, заттық процессуалдық әрекеттер
тҧлғалық, субъективтік сапаларға, қасиеттерге ӛтуі дәл осы
компоненттерде жҥзеге асады. Осындай
жағдай білім беру процесіне,
оның мақсаттылығы мен шынайылығына деген тҧлғалық-іс-әрекеттік
ықпалдың екі компонентінің ажырамастығын кӛрсетеді.
***
Оқу іс-әрекеті 6-7 жастан 22-23 жасқа дейінгі адамдардың
қоғамдық болмысқа енуінің негізгі формасы бола отырып, заттық
205
мазмҧн мен сыртқы қҧрылымының ерекшелігімен сипатталады, мҧнда
ерекше орынды оқу міндеттері мен оны шешудегі оқу әрекеттері алады.
Ӛ з і н - ӛ з і т е к с е р у г е а р н а л ғ а н с ҧ р а қ т а р
1. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмҧнына не жатады?
2. Оқу іс-әрекетінің қҧрылымында оқу әрекеттерінің қандай тҥрлері
бӛлінеді және оған не негіз болады?
3. Мҧғалімнің бақылауы, бағалау мен оқушының ӛзіндік бағалауы
арасында қандай байланыс бар?
4. Оқу міндеттерінің қҧрамына не жатады?
Ә д е б и е т
Достарыңызбен бөлісу: