И. А. Зимняя педагогикалық психология


Ӛзіндік жұмыстың іс-әрекеттік сипаты



Pdf көрінісі
бет135/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Ӛзіндік жұмыстың іс-әрекеттік сипаты 
 
Мектеп оқушыларының жалпы іс-әрекет ретінде қарастырылатын 
ӛзіндік жҧмысы кӛпқырлы, кӛпфункционалды қҧбылыс болып 
табылады. Ол тек оқу ғана емес, сондай-ақ тҧлғалық және қоғамдық 
мәнге ие. Жалпы мойындау бойынша кҥрделі және кӛпмәнді бола 
отырып, ӛзіндік жҧмыс терминологиялық тҧрғыдан әлі анықталмаған, 
бірақ оның мазмҧны барлық зерттеушілер және оқыту практиктері 
тарапынан біржақты тҥрде оқушының мақсатты, белсенді және 
салыстырмалы еркін іс-әрекеті мағынасында тҥсіндіріледі. Іс-әрекеттік 
анықтауда ӛзіндік жҧмыс – бҧл мектеп оқушысының ӛзінің ішкі 
танымдық тҥрткілерінің кҥшіне сай, оның кӛзқарасы бойынша 
неғҧрлым ыңғайлы, ҧтымды уақытта ҧйымдастырылатын процесс 
кезінде ӛзі қадағалап отыратын және оны іс-әрекет нәтижесі бойынша 
мҧғалім тарапынан мектептен тыс жанама жҥйелік басқару негізінде 
қадағаланатын жҧмыс (ҥйретуші бағдарлама, дисплейлік техника).


239 
Басқарудың ӛзі оның психологиялық моделі контекстінде 
тҥсінілетін және де қҧру мҥмкіндігін Л.М. Фридман ашқанын атап ӛту 
маңызды [223]. Ол оқушының іс-әрекетін басқарудың субъектілік 
(объектілік емес) сипаты, қҧрылымы жайлы, осы басқарудың 
динамикалылығы, қаталдығы немесе йілімдігі жайлы, оқушының 
тҧлғалық қатысуы (оның мақсатты ҧйғаруының міндеттілігі), 
мҧғалімнің тҧлғалық жауапкершілігі және жҧмыстың ҧжымдылық 
формасының міндеттілігіне жайлы тҧжырымға негізделген.
Мектеп оқушысының ӛзіндік жҧмысын сырттай басқару сипатын 
анықтау ҥшін маңыздысы автордың осындай басқарудың қаталдық 
дәрежесі жайлы тҧжырымы болып табылады. Л.М. Фридман бойынша, 
оқушының әрекетінің бірізділігі неғҧрлым кӛп «... сыртқы басқарушы 
жүйемен берілсе, соғұрлым басқару қатал болады. Осы бірізділігі 
оқушы тарапынан мазмұны бойынша кӛп таңдалып және анықталса, 
соғұрлым оқушыны басқару йілімді болады... басқару қаталдығы 
оқушылардың ӛсуіне қарай азаюы керек».  Орта білімді аяқтап, жоғары 
оқу орнына ӛту мезгілінде басқару толықтай йілімді болуы тиіс [223, 
197 б.]. Осылайша, мектеп оқушыларының ӛзіндік жҧмыстарын 
басқарудың йілімдігі, аталған басқаруды жҥзеге асыратын каналдарға, 
яғни мҧғалімге, бағдарламаға, міндеттер жҥйесі ретіндегі оқу 
материалының мазмҧнына қатысты осы жҧмысты ҧйымдастырудың 
жеке әдістемелік проблемасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет