И. А. Зимняя педагогикалық психология


Ӛзіндік жұмысты оның субъектінің



Pdf көрінісі
бет137/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Ӛзіндік жұмысты оның субъектінің
іс-әрекеті ретінде анықтау
Ӛзіндік жҧмыстың оқу іс-әрекеті ретіндегі психологиялық 
сипаттамасын назарға ала отырып, іс-әрекет субъекті тҧрғысынан осы 
қҧбылыстың неғҧрлым толық суреттемесін беруге болады. Осы 


241 
кӛзқарас бойынша ӛз бетінше жҧмыс субъект тарапынан орындалған 
әрекеттер жиынтығында мақсатталған, іштей мотивтендірілген, 
қҧрылымданған және іс-әрекет процесі мен нәтижесі бойынша 
тҥзетілетін жҧмыс ретінде анықталуы мҥмкін. Оны орындау ӛзіндік 
сана сезімнің, рефлексиялықтың, ӛзіндік тәртіптіліктің, тҧлғалық 
жауапкершіліктің жеткілікті жоғарғы деңгейін талап етеді, оқушыға 
ӛзін - ӛзі жетілдіру және ӛзін-ӛзі тану процесі сияқты қанағаттануды 
береді.
Жұмысты ұйымдастыру және ӛзін-ӛзі ұйымдастыру
 
Айтылғандардың барлығы арнайы, осы қҧбылыстың психология-
лық табиғатын есепке ала отырып ӛз бетінше жҧмысты қаншалықты 
мҧғалімнің, соншалықты оқушының ӛзін-ӛзі ҧйымдастыруының 
қажеттілігін атап кӛрсетеді. Осындай ҧйымдастыру процесінде оқу 
пәнінің ӛзгешелігі
назарға алынуы тиіс: математика, тарих, шет тілі 
және т.б. Сонымен бірге, ӛзіндік жҧмысты ҧйымдастыру бірқатар 
сҧрақтарды кӛтереді, олар оқушының ӛзінің осы іс-әрекет формасының 
субъекті ретіндегі дайындығын куәландырады.
Бірінші сҧрақ – мектеп оқушыларының басым кӛпшілігі ӛзіндік 
жҧмыс атқара ала ма? Кӛптеген зерттеулердің материалдары 
кӛрсеткендей, бҧл сҧраққа жалпы теріс жауап алынған, оқушылар 
туралы айтпағанда, студенттердің ӛздері де ӛзіндік жҧмыс атқара 
алмайтынын кӛрсетті. Мысалы, М.И. Дьяченко мен Л.А. Кандыбовичтің 
жалпыланған мәліметтері бойынша студенттердің 45,5% ӛзіндік 
жҧмысты ҧйымдастыра алмайтындарын мойындайды; 65,8% мҥлдем ӛз 
уақыттарын дҧрыс бӛліп, пайдалана алмайды; 85% оны дҧрыс бӛліп, 
пайдалануға болатынын мҥлдем ойламайды [71]. Тіпті шамалы ӛзіндік 
жҧмыс алғанның ӛзінде студенттер оқу материалын есту арқылы және 
оқу 
мәтіндерін 
оқығанда 
және 
конспектілегенде 
баяу 
қабылдайтындарын айтады. Қажетті оқу ақпаратын қабылдау, 
мағыналау, қайта ӛңдеу, тҥсіндіру және белгілеу оларда елеулі 
қиындықтар тудырады. Олай болса, оқушыларда ӛз бетінше жҧмысқа 
деген психологиялық дайындықтың қалыптаспағандығын, олардың 
ҧйғарған әрекеттерді жҥзеге асыра алмайтындығы жӛнінде айтуға 
болады. Егер бҧған бірқатар оқу пәндеріне деген жоғары деңгейдегі
танымдық қызығушылықтың жеткіліксіздігін қоссақ, онда бірінші
сҧраққа теріс жауап алатынымыз айдан анық. Осы жерде екінші сҧрақ 
туындайды: тиімді ӛз бетінше жҧмысқа дайындық, содан кейін 
қабілеттілік тек ҥй тапсырмасын орындау тәсілін ғана емес, іс-әрекеттің 


242 
жаңа формасын анықтай ала ма? Оған оң, бірақ екіжақты жауап аламыз. 
Себебі, біріншіден, ондай қабілеттің қалыптасуы мақсатты ҧйғаруды, 
ӛзіндік сана сезімді, ойлаудың рефлексияланғандығы, ӛзіндік тәртіпті, 
ӛзін жалпы іс-әрекет (мысалы, мақсатты ажырату, қоя білу және жҥзеге 
асыру іскерлігінің, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін ӛндіру, 
нәтижелерді сәйкес бағалау іскерліктерінің қалыптасуы) субъекті 
ретінде дамытудың ӛзін-ӛзі жетілдірілу тҧрғысынан жалпы тҧлғалық 
дамуды ҧйғарады. Екіншіден, бҧл қабілеттілік тек жаратымды оқу 
мотивациясы мен оқуға қызығушылық танытқан
оқушыларда ғана 
тиімді және ӛздігінен қалыптасады. Зерттеулердің нәтижелері тіпті
студенттердің ӛздерінде (бірінші курс студенттерінің 77% және екінші 
курс студенттерінің 12,8%) оқуға деген кӛзқарас теріс екенін кӛрсетті 
[243]. 
Әрине, оқушыларда ӛзіндік жҧмысқа қабілетті қалыптастыру 
проблемасы (әсіресе, іс-әрекет процесіне және нәтижесіне деген ішкі 
мотивация), 
оқу 
мотивациясын 
алдын 
ала 
кӛтеру, 
оқуға 
қызығушылықты тәрбиелеу проблемасына айналады. Зерттеушілердің 
атап кӛрсетуінше, «мақсатты қалыптастыру барысында... танымдық 
белсенділікпен 
байланысты 
түрткілердің 
барлығы 
неғұрлым 
саналанған және әрекетті бола бастайды, олардың оқу іс-әрекетіндегі 
алдын алушы
, реттеуші рӛлі күшейеді, оқушылардың мотивациялық 
саланы қайта құрудағы белсенділігі, оқу жұмысының ӛз бетінше және 
йілімді мақсаттарын қоюдағы белсенді тырысулары жоғарылайды, 
ішкі түрткілердің сыртқы түрткілерден үстемділгі байқалады» [221, 
27 б.]. Сонымен бірге, зерттеушілер оқуға деген позитивті 
мотивациялық ӛзгерістер, қызығушылықтың қалыптасуы мектеп 
оқушысының тҧтастай тҧлғасының ӛзгеруі, жетілдірілуі нәтижесінде 
болатынын атап кӛрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет