И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет187/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

тік іскерліктерінің ерекшеліктері, б) педагог пен тәрбиеленушілердің 
қалыптасқан ӛзара қатынас сипаты, педагогтың шығармашылық 
даралығы, г) оқушылар ұжымының ерекшелігі ӛз кӛрінісін табады» [82, 
97 б.]. Қарым–қатынас стилі адамдардың бір-бірімен ӛзара әрекеттесу 
тәсілдері мен қҧралдарының тҧрақты формасы, берілген жағдайда ол 
педагогикалық ӛзара әрекеттесу. Оқытушының (мҧғалімнің) ӛзінің 
қарым-қатынас стилін «1) оқушының (оқушылардың) ойлау процесіне 
аса зейін аудару, ойдың қалт еткен қозғалысы дереу қолдауды талап 
етеді, тіпті кейде ойды байқадым деген белгі де жеткілікті; 2) 
эмпатияның болуы – ӛзін оқушының орнына қоя білу ептілігі, оның іс-
әрекетінің мақсаттарын, түрткілерін және оның ӛзін түсіну, бұл 
белгілі бір дәрежеде оқушы іс-әрекетін болжауға және оны «post 
factum» емес, алдын ала басқаруға мүмкіндік береді;3) ақкӛңілділік, 
үлкен әріптестің (достың) оқушы табысына деген қызығушылық 
позициясы; 4) рефлексия – оқушылардың танымдық іс-әрекетін 
басқаратын педагог ретінде ӛз іс-әрекетін қатаң түрде үздіксіз 
талдау және оқу процесіне неғұрлым мол, жылдам түзетулер енгізу» 
[186, 61б.].
Қарым-қатынас стилінің оқытудың прогрессивті беталыстарына 
сәйкес келетін осы кӛрсеткіштерімен танысу, олардың бҧрын 
кӛрсеткендей, іс-әрекеттік келіс негізінде оқытуды ҧйымдастырушы 
мҧғалімде болуы керек сапалармен ҧқсастығын кӛруге мҥмкіндік 
береді. Бҧл жерде Л.В. Путляеваның зерттеулерінде оқушылардың 
мҧғалімнің жоғарыда қарастырылған қарым-қатынас стилінен туған
мінез-қҧлығының жауап реакциялары ең алғаш рет ашылып 
кӛрсетілгені маңызды. Сенім, бостандық, еркіндік, қорқыныштың 
болмауы, мҧғалімге, оқуға деген қуанышты қатынас, топтағы ақжарқын 
ӛзара тҥсіністікке ҧмтылу – мҧғалімнің қарым-қатынас стилін дҧрыс 
таңдауының нәтижесі. Мҧндай стильдің болмауы, айқайлау, кекету, 
мҧғалімның мінез-қҧлығы мен оның қарым-қатынас стилінде орын 
алатын оқушыны сыйламау бҥкіл оқыту жҥйесі қаншалықты мазмҧнды 
және әдістемелік дҧрыс ҧйымдастырылса да, оны жоққа шығарады. 
Қарым-қатынасқа жҥргізілген талдау келесі жағдайлар туралы айтуға 
мҥмкіндік береді: 


328 

педагогикалық 
қарым-қатынас 
жайлы 
оқудағы 
ӛзара 
әрекеттесу, педагог (оқытушының) пен оқушылардың (студенттердің) 
еңбектестігінің формасы ретінде; 

педагогикалық қарым-қатынаста бір мезгілде оның ҥш 
жағының - комуникативтік, интерактивтік және перцептивтік 
жақтарының болуы; 

педагогикалық қарым-қатынаста вербалдымен қатар басқа да 
тәсілдердің, яғни кӛркемдік, кинетикалық, символикалық тәсілдердің 
кең кӛрінуі жайлы.
Тағы атап ӛтейік, оқудағы еңбектестік пен қарым-қатынас 
оқытушы мен студенттің (студенттер тобының) кӛп деңгейлі ӛзара 
әрекеттесуі ретіндегі психологиялық талдауы осы жақтардың 
әрқайсысын оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде және екеуін де 
сипаттаушыны қарастыруды қамтиды. Оларды сипаттаушының бірі – 
бҧл іс-әрекеттің мақсаттылығы, белсенділігі және тҥрткілігі, алайда 
олардың әрқайсысының іс-әрекет мақсаты мен тҥрткісі әртҥрлі. Екінші 
сипаттама еңбектестік пен қарым-қатынас субъекттерінің екеуінің де 
рӛлдік позицияларымен теңестіріледі: бірінші позиция мҧғалімнің, 
оқытушының тәрбиешінің рӛлін айқындайды; екіншісі – оқушының 
студенттің рӛлін айқындайды. Осы рӛлдердің комплетарлығын (ӛзара 
толықтыруларын), олардың ӛзара шартталуын атап ӛту маңызды.
Субъекттердің екеуін де анықтайтын ҥшіншісипаттама – оқу және 
педагогикалық 
іс-әрекеттің 
бір 
жағынан, 
олардың 
даралық-
психологиялық ерекшеліктерімен шартталуы, екінші жағынан, олардың 
әрқайсысы оқытушылар немесе студенттер ҧжымында қатысатын 
қатынастармен шартталуы.
*** 
Қарым-қатынас кӛпжақты және кӛпфункционалды қҧбылыс, оның 
сипаты ӛзара әрекеттесудің ӛзін анықтайды. Қарым-қатынасты 
қарастырудағы тҥрлі келістерді талдау негізінде қарым-қатынастың 
неғҧрлым сәйкес стилі іс-әрекетшіл, демократиялық, достық стилі 
болып табылды.
Ӛ з і н - ӛ з і т е к с е р у г е а р н а л ғ а н с ҧ р а қ т а р
1. Қарым-қатынастың ақпараттық моделі мен оқытудың субъект-
объекттік схемасы қалай байланысқан? 


329 
2. Мҧғалім ҥшін қарым-қатынастың репрезентативтік функциясы 
дегеніміз не? 
3. Педагогикалық 
қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы мен 
ӛзгешелігі қандай? 
4. Қарым-қатынастың демократиялық стилі ҥнемі педагогикалық ӛзара 
әрекеттесуде жағымды әсерге ие бола ма? 
Ә д е б и е т


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет