Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы бойынша 2022-2023 оқу жылындағы


-ші сынып оқушыларының бейімделу анализі



бет2/2
Дата10.11.2022
өлшемі1.5 Mb.
#464429
1   2
бейімделу

5-ші сынып оқушыларының бейімделу анализі


Мақсаты: 5 сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға ауысу кезінде психологиялық диагностика арқылы әр оқушыны жеке зерттеп, психологиялық көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже: Жаңа оқу бағдарламасын меңгеруі, әрі оқушылардың мінез-құлықтарын, өзін-өзі бағалаулары, өзара қарым-қатынас жағдайлары дұрыс бағытта қалыптасады.
Оқушыларда біраз өзгерістердің болуына байланысты, мектеп бағдарламасының күрделенуі, жаңа пәндердің еңгізілуі сияқты, жаңа мұғалімдердің сабақ беруі, осы өзгерістерге бейімдеу мақсатында оқушылармен «5-ші сынып деген не?», «Өзіңді таны» атты психологиялық тренингтер қыркүйек айында өткізілді.
Оқушыларға «Түймедақ» (авторы:Н.Бизақова) әдістемесі диагностикасы жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың пәндерге деген көзқарастарын анықтау.
Барысы: оқушылар ақ параққа түймедақ гүлін салып, гүлдергге пәндерді яғни, өте жақсы-қызыл түспен бояу, жақсы-көк түспен, орташа-сары түспен, ұнамайтын пәнін-қара түспен бояу ұсынылады.
Нәтижесінде: оқушыларға ұнамайтын пәндерді анықтап, пән мұғалімдеріне оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында, сабақты одан әрі қызықты етіп және технологияларды қолдана отырып, өткізілуі туралы ұсыныс берілді.
Оқушылардың ұнамайтын пәндері төмендегідей:
Математика – 2 оқушы,
Ағылшын тілі – 3 оқушы,
Информатика – 4 оқушы
Өлкетану – 3 оқушы
Қазақстан тарихы – 3 оқушы
Жаратылыстану – 3 оқушы
Дүние жүзі тарих – 1 оқушы
Музыка – 1 оқушы
Қазақ тілі – 2 оқушы
Орыс тілі – 1 оқушы
Оқушылардың сыныптағы қарым-қатынастарын анықтау мақсатында (авторы:Дж.Морено) «Социометрия» әдістемесі жүргізілді.
Қатысқаны: 20 оқушы.
Қазақ сыныбы:14 оқушы. Орыс сыныбы:6 оқушы.
Мақсаты: топ оқушылар арасындағы қарым қатынасты анықтау.
Зерттеу барысы: оқушыларға мынадай сауалнама:

  1. Кіммен бір партада отырғың келеді?

  2. Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?

  3. Кімді туған күніне шақырғың келеді? деген сұрақтар үлестіріледі.

Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, сыныптастарының ішінен бір оқушыдан таңдап шығады.
Таңдалған оқушыларды 4 шеңберден тұратын Социограммаға енгізіледі.
Нәтижесі:
1-ші дөңгелекке (ортаңғы) ең көп таңдалынған оқушылар – 6. Олар: Іңкәр, Али, Ақерке, Жадыра, Ярослав, Алихан.
2-ші дөңгелекке орташа таңдалған оқушылар – 14. Олар: Азамат, Дана, Нұрияш, Дильназ, Мирас, Қайсар, Айсұлтан, Назерке, Жамиля, Алишер, Санат, Алишер, Никита, Аружан.
3-ші дөңгелекке елеусіз балалар орташа саннан төмен таңдалған оқушылар: 2 оқушы. Олар: Әлімжан, Арсений.
4-ші дөңгелекке оқшау қалған, шеттелген, бірде-бір рет таңдалынбаған оқушылар-жоқ. Сыныптағы қарым – қатынастың жақсы екені, оқшау қалған оқушылар анықталынбады.
Ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата–ананың рөлі» баяндама оқылып, кеңестер берілді.
Қазан айында оқушылардың жағымсыз мінез-құлықтан арылту, жақсы сезімдерінің арттыру мақсатында «Сезім әлемі», мұғалімдермен қарым–қатынастарын арттыру мақсатында «Біздің мұғалімдеріміз», сыныппен қарым – қатынастарын арттыру мақсатында «Біз және біздің сынып» атты коррекциялық сабақтар өткізілді.

Оқушылардың отбасымен қарым – қатынастарын анықтау «Менің отбасым» (авторы: А.Ассин) проективті тесті алынды. Нәтижесінде оқушылардың отбасы мүшелерімен қатынастары жақсы екені анықталынды.
Психологиялық жұмыстар жүргізілу нәтижесінде оқушылардың мектепке бейімделгені және сыныптағы қарым-қатынастарының артқаны байқалды.

Ұсыныс:


5-сыныптың мектепке бейімделуіне байланысты жүргізілген жұмыстар барысында 5а сынып оқушысы-Қазбек Ерали. Оқушының сабақ үлгерімі төмен
Оқушымен жеке психологиялық жұмыс жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде. Сынып жетекшісіне және пән мұғалімдеріне оқушыға аса назар аударып, көңіл бөлу керек екеніні жайлы айтылды.

5б сынып оқушысы-Брикотнин Никитаның бойында агрессия белгілері басым екені байқалып, мектепішілік қиын оқушылар есебіне алынды. Оқушымен жеке психологиялық жұмыс жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде. Сынып жетекшісіне және пән мұғалімдеріне оқушыға аса назар аударып, көңіл бөлу керек екеніні жайлы айтылды.


5б сынып оқушысы Сташков Арсений-сабақ үлгерімі, танымдық қабілетінің төмен екені байқалды. Сынып жетекшісіне және пән мұғалімдеріне оқушыға жеке жұмыстар жүргізу, қосымша тапсырмалар беру, үйірмелер, факультатвитерге қатыстыру жайлы ескертілді.


Педагог – психолог: З.Жексембинова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет