І аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: Тарихи деректану ұғымы



бет16/21
Дата04.05.2023
өлшемі52.11 Kb.
#473221
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
І аралы ба ылаулар мен емтихандарды с ра тары Тарихи деректан

27. Шежіре-тарихи дерек
Шежіре-құрғақ хронология немесе адам аттарының жалаң тізімі емес, ол-ұрпақтардың өткен өмірінен алуан түрлі тарихи мағлұматтар беретін құнды дерек. Шежіре деректері ру мен тайпалардың, жүздердің өзара, сол сияқты қазақтардың көршілес елдермен арасындағы қарым-қатынастары, қандастық, туысқандық жөн-жоралғы, әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, моральдық-этикалық, нормаларынан да мәліметтер береді. «Шежіре» деген термин арабтардың «шаджарат» яғни «бұтақ», «тармақ» деген ұғымнан туындап, рудың, тайпаның, бүкіл бір халықтың шығу тегін, таралуын баяндайды.
Шежіре-ерекше этномәдениеттік құбылыс. Ол-көшпелі этностардың қоғамдық-саяси жүйесінің бір бөлігі ретінде қазақ халқының өміріне негізделіп қоғамдық сана-сезіммен қалыптасқан дерек.
Көп заманнан бергі жазба түрге түсірілген шежірелерден қазақ ойшылдарының жақсы білгендерінің алғашқысы - Иранның ғұлама ғалымы, тарихшы Рашид ад-Диннің(1247-1318) парсы тілінде жазылған «Жами ат-тауарихы»(«Жылнамалар жинағы». Бұл шежіре Монғолдардың, Шыңғыс ханның және моңғолдар құрған мемлекеттердің тарихына арналып парсы, моңғол, қытай елдері ғалымдарының қатысуымен жазылған. Сонымен бірге онда моңғолдар жаулап алғынған дейінгі мұсылман елдерінің халықтары туралы да мол ақпарлар берілген. Атап айтқанда, «Жами ат-тауарихта» үйсін, қаңлы, арғын, дулат жалайыр, найман, керей, қыпшақ, қоңырат т.б ру-тайпалары, олардың елдерінен өзара және моңғолдармен, қытайлықтармен қарым-қатынастары сөз етіледі.
XVI ғасырдың 40-шы жылдары парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» шежіресінің қазақ халқының тарихына тікелей қатысты бар дерек. Оның авторы-Жетісудың ертедегі Дулат тайпасының әмірі Мұхаммед Хайдар Дулат (1499-1551). Шығармада, негізінен, XIV-XVI ғасырларда Моңғолстан мен Қашғарияда болған тарихи уақиғалар баяндалады, қазақ тарихының көптеген мәселелері туралы құнды материялдар берілген. Жәнібек пен Керейдің қоныс аударуының себептері, қазақтардың этникалық атаулары туралы Мұхаммед Хайдардың пікірлері хабарланған. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы кезендеріндегі қазақ хандары туралы кейбір мағлұматтар келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет