1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
Басқаруда және шаруашылық қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстар мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады.қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементі бейнелейді.
Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:
өнімді өткізуден түсетін табыс;
өткізілген өнімнің өзіндік құны;
жалпы табыс;
кезең шығысы;
негізгі қызметтен түсетін табыс;
табыс салығының сомасы;
таза табыс.
Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларды пайдаланылады.
Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады. Мемлекеттік қйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер бойынша шығыстырдың көрсеткіштері қолданылады.
Ұлттық шаруашылық деңгейдегі қаржылық көрсетікштер мемлекеттің қаржы ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігі жалпылама бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.
Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.
Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төменгі, орташа және жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе
- 18 -
орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда жеке дара нормалар мен
нормативтер пайдаланылады.
Қаржылық нормалар мен нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп қисаптық болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп қисаптарға аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын, негізгі қорларды жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сандай ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және сараланған түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері.
Көптеген қаржылық көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі қаржы қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де болып табылады. Қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау процестеріндегі қаржы механизімінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс қимылы байқалып отыр
- 19 -
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау.
2.1. Мемлекеттік бюджетті жоспарлау
Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесінбасқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың және оның маңызды құрамалы буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.
Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлағымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.
- 20 -
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
-
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
-
Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
-
Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;
-
Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
-
Бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
Бюджетті жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландырудың қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарларды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылық қарастырылады.
Мемлекеттік бюджетті болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағаларын анықтау процесі түсіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.
Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауланынесепке ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Мемлекеттің бюджетін жоспарлау мен болжаудың үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:
-
Кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша континенттердің болжамдық мөлшерін анықтау;
-
әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;
-
қаржылық жәрдем,бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебін жоғары,төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау;
- 21 -
Бюджеттік жоспарлау іс-әрекетінің негізгі шарты – ол жалпымемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдарды тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамасыз еру.
Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық, теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асылылады.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттер деңгейлері арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындау негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркемесімен қамтамасыз етіледі.
Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджеттік жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субввенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысақарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәйектемелік прицип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджетті жоспарлағанда аймақтар арасындағы табиғатты климаттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер пайдаланады. Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды нормативтер – ол бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және бекітіледі.
Жергілікті бюджеттерде қолданатын кірістерді бөлісу нормативтер – ол әр дейгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл нормативтер тұрақты сипаты бар, себебі олар орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықталады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуде байланысты.
- 22 -
Мемлекеттің алдағы жылғы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау Салық, Бюджет кодекстер мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеметтік-экономикалық даму жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштері, елдің ортамерзімді фискалдық саясаттың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдауда пайдаланатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының көлемі, импорттық-экспорттық операциялардың көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.
Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімді бюджеттік жоспарлау негізінде бюджеттік процесті іске асыруын анықтайды. Ал бюджеттік жоспарлауға стратегиялық бағытты беретін Үкімет тарапынан жасалып, алдымыздағы үшжылдық мерзімге салықтық-бюджеттік бағдарламаны анықтайтын арнайы құжат – ол Үкіметтің Орта мерзімді фискалдық саясат атты құжат. Бұл құжат елдің Орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспары мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын бір жылға ұзартылып отыратын үшжылдық мерзімге жасалады. Бұл құжаттың маңыздылығы мен қажеттілігі, ең алдымен елдің экономикалық дамуы көп жағдайда оның қаржы жүйесінің даму бағыттарына тәуелді екенімен, жүргізіп жатқан салықтық-бюджеттік саясаттың ахуалы мен оның бүгінгі талаптарға сәйкестігімен дәлелденеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкімет қамтамасыз етеді. Заң актілерінде көзделген жағдайларда републикалық бюджетке тауарлық немесе заттай бөліктегі түсімдерге және оларды республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттің мекемелердің жұмсауына байланысты операциялар республикалық бюджетте ақшалай нысанда көрсетіледі.
Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түскен түсімдердің олардың бекітілген көлеміне асып түсетін бөлігі мен республикалық меншіктегі және кен өндіруші әрі өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома республикалық бюджеттік атқарылу туралы есепке көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көздерін айқындайды және бюджеттің атқарылу барысында ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген бағдарламалар бойынша сомалардың шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылым мен функцияларын жетілдіру жөніндегі
- 23 -
іс шараларды жүзеге асыруға байланысты бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдар тізбесінде өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Бюджетті атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен: тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісіне және бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді; бюджетке түсетін нақты түсімдерді республикалық бюджет пен облыстық бюджетпен аудандар (қалалар) бюджеттердің арасында кірістерді бөлу нормативтері бойынша бөлуді жүргізеді.Бюджеттік бағдарламалардың паспортына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асырады.Растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жүргізілген операциялардың, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің, үкіметтік борыштың, жеке және заңды тұлғалардың республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерінің және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді.
Бюджеттік түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ақпарат береді. Ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді. Уақытша бос ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі салымдарына орналастырады; бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді; егер республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді; бөлінген қаражаттар рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарды кері қайтарып алуды жүргізеді.
- 24 -
Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспары республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына жатады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен: бюджеттік бағдарламаларды қаржыландару жаоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді; бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестігін қамтамасыз етеді; бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын табыс етеді. Мемлекеттік бюджеттің атқарылу жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттар шегінде бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерге рұсаттар береді, бюджеттік бағдарламаларды іске асырылу мониторингін және олардың бағалауды жүргізеді.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен:
-
бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын жасайды және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы;
-
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды;
-
бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды жүргізеді;
-
республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
-
бюджеттің атқарылу жөніндегі уәкілетті органға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді.
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде негізгі үкіметтік борышты өтеуге және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға пайдалануы мүмкін. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуы барысында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың арнаулы тәртібін белгілеуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік аумақтық бөліністер бюджеттің атқарылуын, бюджеттік қаражаттардың тиімді және нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын және жергілікті бюджеттік қаржыландырудың жиынтық
- 25 -
жоспарын жасаумен бекітеді. Жергілікті уәкілетті органдардың, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне рұхсат береді.
Жергілікті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергіліқті бюджетті бекіту туралы шешімін атқарушы органның актісіне, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына сәйкес жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді және оны бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне табыс етеді.
Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді. Бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін алдағы айларда міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы ақпарат береді.
2008 жылдан бастап экономиканың шикізаттық емес секторында шағын және орта бизнестің жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алудың хабарлау жүйесін енгізу.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді:
- стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін ықпалдастыру;
- бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау;
- бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету;
- бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды күшейту;
- бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың сапасын арттыру.
- 26 -
2.2. Бюджет түсімдерін болжамдау
Бюджеттік кірістері ол мемлекеттік функциялардың орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындарған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.
Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалады.
Бюджет түсімдерін болжау. Салық түсімдері контингентінің есеп әдісінің сипаттамасы. Корпарациялық табыс салығының болжауы бірнеше есептеу нұсқаларымен анықталады. Бірінші нұсқа бойынша есептік кезеңде тапсырылған салық декларацияларының мәліметтер жиынтығы пайдаланады. Бұл мәліметтер арқылы ең алдымен болжамдау мезіміне салық салынатын табыс анықталады. Сонымен бірге шешімдер көлемінің өзгерістері де есептеледі, яғни есепті мерзімі бойынша анықталған салық салынатын табыс ағымдағы жылғы инфляция деңгейі мен келесі салық жылына болжамдап отырған инфляция деңгейіне коррекцияланады. Сондай ақ, осыған қоса зияндар көлемінің өзгерістері мен оларды ауыстыру мерзімі есептелуге тиісті.
Бірінші вариант бойынша корпорация табыс салығының сомасы келесі формула арқылы анықталады.
Тб = Де*Ia /100%* Iб/100%* Сор., мұнда
Тб – корпорациялық табыс салығының болжамы;
Де – есепті жылға салық салынған табыс көлемі;
Іа-ағымдағы жылғы тұтынушылық бағалар индексі;
Іб-жоспарлаушы жылға тұтынушылық бағалар индексі;
Сор.-Есепті жылғы салықтың орташа мөлшерлемесі.
Екінші вариант бойынша әрбір аймақтағы ірі салық төлеушілер бойы корпорациялық табыс салығының есептелген және төленген сомасы мен салық декларациялар бойынша жылдық артық – ауыс нәтижесі және алым – салық қалдықтары сомалар өзгерістері жөніндегі ақпарат пайдаланады. Мұндай есептеуде күтілетін түсімдерден тұрақты сипатта емес және өндірістік іс - әрекетпен байланысы жоқ біржолғы төлемдералынады да
- 27 -
салықтың күтілетін сомасы жоспарлап отырған тұтынушылық бағалардың индексіне корреляцияланады. Болжамдап отырған түсімдер сомасы бұл арада келесі формула арқылы анықталады.
Тб = Со*Iб/100%*Ik/100%*Cop.
Дивиденттерден, сый берулерден, резидент еместердің қызмет көрсету бойынша қазақстандық көздерден түскен табыстарына түсетін салықтарды божамдау негізінде олардың ақырғы екі жыл боый түсімдерінің динамикасы мен болжамдап отырған мерзімдегі экономика дамуының макроэкономикалық параметрлерінің өзгерістері бойынша жоспарланады. Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығын болжамдау үшін салық органдарының тапсырылатын салық декларацияларының мәліметтері пайдаланады. Ең алдымен есептелген салық салынатын табыс сомасы мен жеке табыс салығының мөлшері пайдалана отырып, аймақтар бойынша өткен жылмен есепті жылды қалыптасқан салық алуының орташа пайызын келесі формула арқылы анықтау қажет:
Оа = Сж / To * 100%,
Оа – салық алудың орташа пайызы;
Сж – есепті жылдағы төлем көзінен салынатын жеке табыс сомасы;
То – есепті жылдағы салық салынатын табыстың есептелген сомасы.
Осы пайыз бен табыс сомасының негізінде ағымдағы жылдағы түсетін салықтардың сомасы анықталады. Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығының болжамы келесі формула арқылы есептеуге болады:
Сж = Тк*I / 100% * Oa / 100%
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу үшін салық салуға жатпайтын табыс сомасы мен салықтық шегерімдер сомасына азайтылған төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына орташа мөлшерлемені қолданылады. Бұл арада аймақ бойынша қалыптасқан орташа мөлшерлеме мөлшері әсер ететін факторларға коррекцияланған есепті мәліметтер арқылы анықталады.
Біржолғы талон бойынша қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жеке табыс салығын болжамдау үшін аймақ аумағында осындай тәртіппен іс әрекет атқаратын жеке тұлғалардың саны жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері мен жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген біржолғы талондардың құны пайдаланады.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығын болжамдау үшін ақырғы есепті мезгілдегі жеке тұлғалардың негізгі құралдары мен материалды емес активтерінің құны жөніндегі статистикалық мәліметтер пайдаланады. Есептеу маңында жалпы құнынан салық салынбайтын объектілер құны, мүлік салығын төлемейтін жеке тұлғалардың негізі құралдары мен материалды емес активтерінің құны алынады. Негізгі құралдардың салық салатын құны болашақ қайта бағалау коэффициентіне түзетілімделіп, Салық кодекснде бекітілген салық мөлшерлемесі негізінеде келесі формуламен есептеледі:
См = (Қнқ*К/100%)*Сс/100%
Жеке тұлғалардың мүлік салығының болжамы жеке тұлғаның меншік құқығында жеке кәсіпкерлік іс әрекетте пайдаланбайтын мүлігінің құны жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтер негізінде анықталады. Уәкілетті орган салық салатын мүлік құнын анықтау үшін тұрғын үй жайлардың бір шаршы метрінің базалық құны, оның көлемі, тозу коэффиценттерімен бекітілген мөлшерлемелерді пайдаланады. Сонымен қоса, есептеу жасағанда әрекеттегі заңнамаға сәйкес берілген жеңілдіктер де есептелуі қажет. Бұл арада болжамдық түсімдер сомасы келесі формула арқылы анықталады:
См = Қнқ* Сс/100%
Көлік құралдарының салығының болжамы көлік құралдарының двигатель көлемі, жүк көтергіштігі мен отыратын орындарына байланысты түрлері және топтары бойынша ішкі істер органдары дайындайтын олардың саны жөніндегі мәліметтері негізінде есептеледі. Осылай есептелген жалпы санынан салықтық заңнамаға сәйкес берілетін жеңілдіктері бар заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдары саны алынады. Автокөлік құралдарының әрбір түрі мен тобы бойынша салық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:
Ск = Кс* АЕК* Сс* К/ 100%
Әлеуметтік салық мөлшерін болжамдау үшін ағымдағы жылдың осы салық бойынша салық декларацияларының мәліметтерін пайдаланады. Салық салынатын табыстың нақты көлемі мен әлеуметтік салықтың орташа мөлшерлемесі анықталады:
Со = Ән / Тн * 100%
Салық заңнамада қарастырылған жеңілдіктерді есептей отырып, жер салығының болжамдық срмасы келесі формула арқылы анықталады:
Жж =Аж * Со * К
Жж – жер салығының болжамдық сомасы;
Аж – жер учаскесінің алқабы;
Со - әрбір жер категориясы бойынша орташа базалық мөлшерлеме;
К - заңнамаға сәйкес жеке төлеушілер үшін тағайындалған коэффициент.
Жер салығын жоспарлау келесі категория бойынша іске асырылады – а) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер; ә) елді мекен жерлері; б) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер.
Бірыңғай жер салығын болжамдау үшін де декларациялар мәліметтері пайдаланады. Бұл салықты есептеу базасы болып жер учаскесінің бағалау құны табылады, ал оның сомасы осы бағалау құнға заңнамада бекітілген мөлшерлемені пайдалану арқылы есептеледі.
Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы су ресурстары жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтері негізі мен төлемақы төленетін объектілер бойынша және су тұтыну мен арнайы су пайдалану түрлеріне байланысты Үкімет тағайындаған мөлшерлемелерді қолдану арқылы келесі формуламен есептеледі:
Тс = Сп * С
- 29 -
Салық түсілдерін контингентінің есеп әдісі келесі кезеңдермен сипатталады:
-
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы салық түсімдері бойынша барлық мәліметтерді қортындап, оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;
-
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган елдің орташа мерзімді әлеуметтік–экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде салық түсімдерінің контингенттерін болжамдап, оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға жеткізеді;
-
бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті аумақ бойынша кірістер шектелімдерін жоспарлауды іске асырады.
Бюджет кірістерінің шектелімдерін болжамдау процесінде әрекеттегі заңнамалық және нормативтік актілерге енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды есептеу қажет және түсімдер бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша кезекті жылға бекітілген республикалық бюджет жөніндегі Заңнын баптарына сәйкес болуы тиіс.
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау. Ішкі немесе жанама салықтар ол тауарлардың бағасы арқылы төленетін немесе тарифке енгізілетін сол тауарлар мен қызметке салынатын салықтар. Мұндай салықтардың нақты төлеушілері болып сол тауар немесе қызмет иелері салық сомаларын оларды өткізгенде алады. Ішкі салықтарға қосылған құн салығы мен акциздер жатады.
Қосылған құн салығы түсімдерін екі вариантпен болжамдау мүмкін. Бірінші варианттың есебі елдің орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму жоспарына сәйкес жалпы ішкі өнімнің болжамдық көлемі мен ҚҚС алуының орташа пайызына негізделеді. Екінші вариантының есебі ҚҚС түсуінің мониторинг жөніндегі салық органдарының мәліметтеріне негізделеді. Бұл арада ірі салық төлеушілер бойынша есептелген және төленген ҚҚС сомалары жөніндегі мәліметтер пайдаланады.
Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар бойынша акциздерді болжамдау үшін алдыңғы жылда акцизделетін тауарлардың өндірістік көлемі жөнінде мәліметтер пайдаланады. Өндіріс көлемі орташа мерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспарының көрсеткіштері арқылы анықталады. Тауарлардың әрбір түрлері бойынша акциз түсуінің болжамдық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:
Аж = Өк * Са , Аи = Иж * К
Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін болжау. Кедендік баждар, басқа салықтар, халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша болжамдау үшін есепті мәліметтер талдауы мен республика аумағында ағымдағы мерзімде сыртқы сауда айналысының
атқарылуы, өнімдердің экспорты мен импортталынған тауарлардың салық салынатын кедендік құны жөніндегі кеден органдарының мәліметтері және әрекеттегі кедендік баждар қолданады. Сонымен қаса, салық және кеден заңнамаларындағы өзгерістер мен теңгенің курсы есептеледі.
Шетке шығаратын тауарлар бойынша кеден баждарының түсімдерін болжамдау маңында салық салынатын база ретінде республика немесе аймақтың орташа мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында қарастырылған экспорт көлемі алынады.
Қол қойылатын бонус бойынша түсімдерді болжамдау жер қойнауын пайдалану жөніндегі қол қойылған өзара шарттар негізінде іске асырылады. Коммерциялық табу бонус бойынша түсімдерді болжамдау пайдалы қазбаларды өндіріп алу жөніндегі өзара шаттар негізінде жасалады.
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің болжамдық түсімдерін анықтау үшін роялтиді есептегенде қажетті көрсеткіштер керек, бірақ роялтидің орташа мөлшерлемесі орнына өзара шартта тағайындалған өнімдер бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлес мөлшерлемесі пайдаланылады. Үстеме пайда салықтың түсімдерін болжамдау есепті жылда әрбір өзара шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі пайда нормасы 20 пайыздың үстінен алынған таза табыс сомасына байланысты.
Бюджет кірістері салық түсімдерімен қатар салық емес түсімдер арқылы қалыптасады. Олардың көбі қатаң белгіленген мөлшерлеме арқылы есептелмейді және тұрақты фискалды сипатта емес. Сондықтан басқа түсімдерге қарағанда, салық емес түсімдерді жоспарлау мүмкіндігі төмен, бірақ тәжірибеде олар өткен жылғы деңгейде болжамдалады. Сондай болжамдау негізі болып салық емес түсімдердің төлеуін реттейтін нормативті-құқықты актілер табылады. Салық емес түсімдерді болжамдау манңында олардың бірнеше жыл бойы динамика мәліметтері және болжамды жылға есептелген тұтынушылық бағалардың индексі мен теңге курсының өзгерісі пайдаланады.
Бюджетке мемлекеттік баж түсімдерінің сомасын болжамдауы олардың өткен жылдардағы түсімдер динамикасы анықталып, ағымдағы жылғы түсімдері бағаланып, келесі жылдағы шамаланған өзгерістерге коррекциялану арқылы жүргізіледі.
Кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтер атқару үшін түсетінкірістердің болжамдық сомалары да олардың динамикасын талдау мен келесі жылдағы салық салынатын базаның шамаланған өзгерістеріне түзетілген ағымдағы жылғы түсімдер көлемінің негізінде есептеледі. Мұндай кірістерге мүлікті табыс, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы, адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы, төлем көзінен салық салынбайтын басқа табыстар жатады. Мүлікті табыс жылжымайтын мүлікті, құнды қағаздарды, қымбат бағалы тастар, металлдар мен олардың жасалған бұйымдарды, өнер туындылары мен антиквариаттарды сату құны мен олады сатып алу құндарының арасындағы оң айырма арқылы қалыптасады.
- 31 -
Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжау. Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжамдау осы төлемдерді төлеуді реттейтін заңнамалық актілерге негізделеді. Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті,смемлекеттің меншігіндегі материалды емес активтерді үшін ел мен аймақтардың орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму жоспарларының негізінде жасалған орталық, жергілікті және басқа да мемлекеттік органдардың болжамдық көрсеткіштері пайдаланылады.
Мүлік сатудан түсетін түсімдерді болжамдау олардың бірнеше жылғы түсімдері келесі жылғы тұтынушылық бағалардың индексінде түзетілген көлемінің негізінде іске асырылады. Бұл болжамдаудың ерекшелігі ол мемлекеттік мекемелер бойы бекітілген негізгі капиталды қаржыландыру көздеріне байланысты бөлу. Республикалық бюджетке осы бюджеттен қаржыландыратын мекемелердің мемлекеттік мүлігін сатудан түсетін түсімдер сомасы болжамдалады, ал облыс бюджетіне облыс бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің мүлігін сатудан түсетін түсімдер. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстың маңызы бар қалалар бюджеттеріне негізгі капитал сатудан түсетін түсімдер болжамы тиісті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерінің мемлекеттің мүлігі мен жер учаскелерін сатудан алынатын ақшадан есептеледі.
Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжамдаумен қатар бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінің кірістерінде ресми трансферттердің болжамдық сомалары көрсетіледі. Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджет пен облыс, республикалық манызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі әрбір жылға бөлінген үшжылдық мерзімге абсалюттік сомамен республикалық бюджет жөніндегі Заңмен,ал облыс пен аудан аралығындағы ресми трансферттер көлемі облыс маслихаттары шешімдерімен тағайындалады.
Республикалық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттерінің болжамдық көлемі мен арнауларын жергілікті бюджеттерге бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жеткізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қосымша бюджеттік тапсырыстар арқылы республикалық бюджеттен түскен арнаулы трансферттерді бюджеттік бағдарламалар бойынша бөледі.
Аудан бюджеттерінің түсімдер көлемінде облыс бюджетінен бөлінген ресми трансферттер есептеледі, ал облыс бюджетіне ресми трансферттер төмен тұрған бюджеттерден де, республикалық бюджеттен де түседі. Республикалық бюджет түсімдерінің көлемінде төменгі бюджеттер мен Ұлттық қордан түсетін ресми трансферттер есептеледі.
- 32 -
Достарыңызбен бөлісу: |