І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет132/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   151
. Қазақ тілі грамматикасының

1. Хабар сазы. Сөйленген сөздің тек хабар болу жағын ғана көздеп, өзіне 
бұл хабардың қандай әсер еткенін сөйлеуші білдірмесе, немесе білдірмегенін, сөз 
осы хабар сазымен айтылады. Мұнда дауыс тыныш бір қалыппен, әр сөз 
сөйлемнің қай мүшесі екеніне, өзінің байланысқан сөзінен қаншама аулақ 
тұрғанына қарай ғана (сөйлемнің жетек мүшесі, жетекші мүшесінің өз әні болады; 
қай орында тұрғанына, хабарда қандай орын ұсталғанына қарай, бұл әнінің өзі тағы
өзгеріп отырады (әнделіп қояды), әрине. Бұлай аталған сөздің өзінің түрлі бояуы 
болмақ. Онысын елемедік. Сөйлем осы сазбен айтылса хабар сазды сөйлем дейміз. 
Жазуда мұндай сөйлемнің аяғына ноқат (.) қоямыз.
2. Леп сазы. Cөйленген сөздің тек хабар болу жағын ғана көздеп қоймай, 
оның үстіне, бұл хабар сөйлеушінің өзіне белгілі бір түрде әсер еткенін – 
қуантқанын, мұңайтқанын, таңдандырғанын, опындырғанын т.т. да қоса білдіргісі 
келсе, сөйлеуші сөзін осы леп сазымен айтады. Мұнда дауыс, анағыдай тыныш 
әнделмей не көтеріңкі, не басыңқы, шұбалыңқы, не жиылыңқы түрде, әйтеуір, бір 
есеппен айтылады. 
Сөйлем осы сазбен айтылса, леп сазды сөйлем дейміз. Жазуда мұндай 
сөйлемнің аяғына леп белгісін (!) қоямыз.
3. Сұрау сазы. Cұрала сөйленген сөз осы сазда болады. Сұрау есімдік, сұрау 
қосалқыларды сөзге қосып айтсақ та, қоспасақ та, бәрібір, сұрай сөйленсе, сөз осы 
әнмен айтылмақ. Осы сазбен сөйленген сөйлем сұрау сазды атанады. Жазуда 
мұның соңынан сұрау белгісін (?) қоямыз. 
Сөйтіп, дауыс сазы деген – қосалқы, қосымша қосып білдіретініміз сияқты,
сөз мағынасының түрленгенін білдіретін бір амал болып шығады. Сөйлемді хабар 
сазды, леп сазды, сұрау сазды деп таптастыру, сөйтіп, берген хабарына айтушының 


өзі қалай қарайтындығын, өзінің көңілін қандай сазбен білдіргеніне қарай
қысқасы, сөйлемді дауыс сазына қарай таптастыру болады. 
Жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, сабақтас сөйлем т.т. әрқайсысы хабар сазды 
да, леп сазды да, сұрау сазды да бола береді. Мұның керісінше бұл соңғылардың 
әрқайсысы жалаң да, жайылма да, сабақтас та т.т. бола береді. Өйткені сөйлемді 
жалаң жайылма, күрделі жеткіліксіз деп таптастыру – сөйлемнің мүше 
құрылысына, сөз құрылысына қарай таптастырғанымыз да, хабар сазы, сұрау сазы 
деп жіктеу – сөйлемнің дауыс құрылысына, әніне, сазына қарай 
таптастырғанымыз. Сондықтан мүше құрылысы, тіпті сөздігі (лексикасы) жағынан 
бір-ақ түрлі болатын сөйлем, сазы жағынан түрлі-түрлі болуы мүмкін. Өйткені бір 
сөздің өзі түрліше әнделе береді. Мүше құрылысына қарай жіктеу мен дауыс 
құрылысына қарай таптастырудың екеуі бір сөйлемнің басына сыймастай нәрселер 
емес, бұл – тек бір нәрсенің өзін екі түрлі өлшеуішпен өлшегендік қана. Ұзын 
бойлы қараша жігіт деп бір жігіттің өзін екі айырып сыпаттауға болады. Сонда 
ұзын бойлы болған жігіт қараша болмайды екен деп ойласақ, дұрыс болмас еді. 
Өйткені ұзын бойлылық пен қарашалық бір жігіттің басына сыймастай сыпаттар 
емес; бір жігіттің өзі-ақ әрі ұзын бойлы, әрі қараша болуы мүмкін. Бұл екі түрлі 
сыпаттау бір жігітті белгісіне қарай айырғандық. Бірі – ұзын бойлы деу – бойына 
қарай, екіншісі – қараша деу түсіне қарай сыпаттағандық. Осы сияқты бір 
сөйлемнің өзін екі түрлі белгісіне қарай екі түрлі жіктеуге болады.
Ал, енді, бұларды тек хабарлы, лепті, сұраулы деп бұрынғыша атай салмай, 
«саз» деген сөзді енгізіп, терминді шұбалтудың қанша қажеті болады? 
Бұлай аталған себебі – сөйлемді бұлайша таптастырудың негізі терминнен-ақ 
көрініп тұрсын дегендік. Жалаң, жайылма, жеткіліксіз, бастауышсыз деп таптастыру – 
сөйлемнің мүше құрылысына жіктелгенін білдіріп тұратын болса, бұларда да дауыс 
сазына қарай таптастыру барлығы ашылып тұрсын дегендік.
Бұрынғы грамматикаларда бұлардың қандай принципке сүйеніп жасаған 
топтастыру екенін не ашпай кететін еді, немесе мағынасына қарай таптастыру 
дейтін мәселен «Тіл құралда».
Қандай негізге сүйеніп таптастырылғаны ашық айтылмаса, мұның не екенін 
айыра алмай, ана мүше құрылысына қарай таптастырудан мұның нендей айырмасы 
барын біле алмай, оқушылар бірімен-бірін шатастырып, араластырып алады.
Мағынасына қарай таптастыру десе, дұрыс болмайды. Өйткені, сөйлемнің 
мағынасы тек дауыс сазы түрленгенде ғана тyрленіп отырмайды, сөздері өзгерсе де 
өзгереді. Бала оқиды деген жалаң сөйлем мен бала жақсы оқиды деген жайылма 
сөйлемнің мағынасы бір деуге болмайды. Сөйлемнің дыбысын қозғасаң да, сөзін 
қозғасаң да, әнін қозғасаң да, бәрібір, оның мағынасы да осымен бірге 
қобалжымақ. Екінші жағынан, тек лепті сөйлемнің өзі бірде қуану мағынасын,
бірде мұңаю мағынасын т.т. бере береді. Сондықтан мұны мағына жағынан бір 
тапқа жатқызып, бір атпен атау дұрыс болмас еді. Ал, сазына қарай айырғанда, 
леппен сөйлеудің түрі де, мағынасы да көп болғанмен, әнінде, сазында бір тектілік 
бар. Мұның бәрі де не қызғын, не солғын әуезбен – әйтеуір тепе-теңдіктен 
айырылған сазбен айтылады. Мағынаға қалғанда сұрау форманың өзі де тек сұрау 
мағыналы бола бермейді. Әңгіме мағынаның өзінде емес. Өйткені біздің 
қарайтынымыз мағына жүйесі семантика емес, грамматика.Сондықтан, біздің 
мақсатымыз мағынаны баяндау емес, мағынаны қандай амалмен білдіреміз – 


осыны баяндау болу керек. Сөйлемнің бұл жағы мағынаны дауыс сазымен білдіру 
жағы. Сондықтан таптастыру да, термин де осы негізге құрылуға тиіс. 
«Саз» деген сөзді қосқан себебіміз осы.
Бұрынғы аңызды сөйлем деп аталып жүрген түрді хабар сазды деу себебіміз 
– оңайына, ұғымдысына қашқандық. Аңыз деген сирек қолданылатын сөз. Оның 
мағынасы жұрттың көбіне анық емес. Термин арнаудың мағынасы тек бір 
категорияны екінші категориядан айыру ғана емес, ненедей категория екенін де өзі 
айтып тұратын қылу, категорияны түсінуге де ат салысу. Көптен келе жатқан 
әдебиеті бар елге бұл соңғы мақсатты орындап отыру қолайлы соға бермейді. 
Бірақ, біз сияқты грамматика категориялары енді-енді байқалып келе жатқан 
жұртқа мұның қиындығы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет