Телжанның кітабының айтуына сүйенгенде, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін
табудың өзі тұрлаусыз. Мысалға толықтауышты алалық. Телжанша,
толықтауыш
баяндауышпен байланыста болу керек. Бұл – бір! Екінші, септеу сұрауларына
жауап беру керек. Бұл септеу сұрауларының ішінде ілік жалғау жоқ-ақ болсын.
Кәне, осының бәрін де дұрыс деп-ақ танылды. Сонда осы өлшеумен толықтауышты
табуға болар ма? Мәселен, бір сөз септеу сұрауларына жауап бере тұрып, өзі
баяндауышқа байланысты болмаса қайтеміз? Онда мұны анықтауыш демекпіз бе,
толықтауыш демекпіз бе? Телжанның кітабында бұған жауап жоқ. Ал, бұл мүмкін
нәрсе. Өйткені, қазақ тілінде септеу сұраулары тек баяндауышқа байланысты сөзде
ғана болмай, басқа жерде де ұшырап отырады.
Мен сенен бұрын келдім дегенде,
Достарыңызбен бөлісу: