ауылдан, қалаға дегендер қайдан? қайда? деген сұрауларға жауап болып, шыққан я
маңдайланған орынды көрсететін болғандықтан мекен пысықтауышы да болу
керек. Cонымен қатар, сұрауына қарай (қайда? қайдан?) толықтауыш та болу
керек. Әкем үйде десеңіз, үйде деген сөз баяндауыш болады. Бірақ, «Тіл құралша»
пысықтауыш та болады. Сөйтіп, «Тіл құралдың» жолымен сөйлем мүшелерін
сұрауға ғана сүйеніп табамын десеңіз, шешілмейтін шие түйінге қаласыз.
Шонанов Телжанның жазған кітаптарында сөйлем мүшелерін айыру мәселесі
«Тіл құралдағыдан» оңайланбаған, қайта онан көрі де шатақты көбейтіңкіреген.
Өйткені, Телжан өзінің баяғы «Сырттан оқытатын техникум» деген, «Тіл дамыту»
деген кітаптарында грамматиканы формашылдық жолына салмақ болған еді.
Грамматика категорияларын белгілегенде мағынаны есепке алмай, тек формаға
сүйеніп қана белгілемек болған еді. Осылай формашыл, сыңар езуліккке түскенінің
үстіне формашыл грамматиканың басты–бастыларымен таныс болмағандықтан
және қазақ тілінің өз формаларын жеткілікті түрде тексермей, басқа тілдердің
формаларын негізге алғандықтан, бұл талабынан іс шықпаған еді. Осы күнгі 3-4
класқа арналған грамматикасында Телжан ондағы формашылдығының ізімен түгел
кетіп отыра алмай, бір жағынан Афанасьев, Шопошниковтардың кітаптарына
еліктеп, мағынашыл ағымға түсіп, оған бұрынғы формашылдығын қоса қабаттап,
екеуін араластырып, қойыртпа жасап алыпты. Сондықтан, сөйлем мүшелерін
белгілегенде, бірде мағынашыл түрде, бірде формашыл түрде белгілеп, бір ізбен
шыға алмай, адасумен болыпты. Кейде өзінің не айтып отырғанын ұмытып кетіп,
бұрынғы «Тіл құралдан» көргеніне де кетіп қалып, өзіне-өзі қайшы да соғып
отырыпты. Бұл сөзіміз жалаңаш жала сияқтанып көрінбес үшін мысал келтірелік.
Телжан 3-4 кластарға арнаған «Қазақ тілі» деген кітабының 16-17-18-19
беттерінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жайын түсіндірмек болған. Бірақ,
мұндағы түсіндіргені тұрлаусыз мүшелер емес, сұрауға жаттықтыру ғана болып
шыққан. Өйткені, кітабының атын грамматика деп атай тұрса да, шынында
грамматика қылып жазбай, бағыты теріс бақылау әдісімен жазып, сөйлемнің
тұрлаусыз мүшелерін бұл арада бақылаумен ғана тынған. Мұнда тұрлаусыз
мүшелерді жіктемеген де, атын да қоймаған. Бұл кітаптың 59-60 беттерінде сөйлем
мүшелерінің жайын сөз қылып, тұрлаусыз мүшелер анықтауыш және толықтауыш
деген екі жікке айырылатындығын айтқан. Бұған қарағанда, Телжан бұрынғы
пысықтауыш деп аталатын тұрлаусыз мүшені осы екеуіне теңеп, бөліп жіберген.
Сөйтіп, «Тіл құралдың» пысықтауыш деп атайтын мүшесін Телжан керексіз деп,
шығарып тастаған. Бірақ, сөйте тұрып, сол кітабының 85-бетінде сөйлем
мүшелерінің тұратын орындары жайында сөз қылғанда былай дейді: «кімді? нені?
деген
сұрауларға
жауап
беретін
табыс
жалғаудағы
толықтауыш,
анықтауыштың тіке алдында тұрады. Қимыл пысықтауыш болмаса,
баяндауыштың тіке алдында тұрады» (34 жылғы басылуы, 85-бет. Мұндағы
сөйлем мүшелерінің орындары жайында айтқан сөздерінің бәрі де дұрыс емес.
Онысын бұл арада сөз қылмай қоя тұрып, қимыл пысықтауыш дегенін ескерсеңіз,
Телжанның өзіне-өзі қарсы келгенін байқауға болады. Өйткені, ол пысықтауыш
деген болады деп, еш жерде де жазбайды. Тұрлаусыз мүшелер не анықтауыш, не
толықтауыш қана болады дейді. Сөйтіп отырып, бұл арада қимыл пысықтауыш
дегенді қайдан әкелгенін, кім білсін? (әрине, оны «Тіл құралдан» алғанын айтып
жатудың да қажеті жоқ қой).
Енді Телжанның анықтауыш пен толықтауышты қалай түсіндіргеніне
келелік. Кітабының 59-бетінде былай деп жазады: «Сөйлем басқа мүшелерінің
белгісін, санын, сан ретін анықтайтын сөзді анықтауыш дейді.
Анықтауыш қандай? қалай? қайтіп? не қылған? неше? (қанша?) ненің?
нешінші? қай? (қайсы?) деген сұрауларға жауап береді. Көбінесе сын есім
анықтауыш болады». Кітабының 60-бетінде толықтауыш жайын әңгіме қылып
келіп, былай дейді: « Баяндауышты толықтыратын тұрлаусыз мүшені
Достарыңызбен бөлісу: |