Дыбыстарды екі түрге бөліп қарастыруға болады: 1) Гармониялы дыбыс
(гармонический звук); 2) гармониясыз дыбыс (ангармонический звук).
Бірінші
түріне музыка дыбысы, екіншісінде салдыр (шуыл) естіледі. Схемамен көрсеткенде
бірінші түрін былайша көрсетуге болады:
екінші түрін былайша көрсетуге болады:
Дауыстылар гармонды дыбыс, бірақ шуылдан таза емес; дауыссыздар шуыл
дыбыс, бірақ гармоннан таза емес. Мысалы:
А мен
Ы бір-бірінен басқа бола тұрып,
екеуі бір-біріне жақын; Себебі екеуі де гармонды. Гармонды не гармонсыз
дегеніміз дыбыстың бір қалыпқа түсуі не түспеуі.
Құлаққа естілгенде дыбыстар жалаң күйінде емес, көп заттардың
қозғалысының жинағынан шыққан, белгілі бір тәртіппен қайта формаланған
дыбыстардың қосындысы ретінде естіледі. Бұны
схемамен көрсеткенде былай
болады:
Демек ашшылық, қоңырлығы бірдей, бірақ күші екі еселенген екі дыбыстың
қосындысы қатты айтылады да, алысқа естіледі.
толқындар қарама-қарсы келіп, күші де, жиілігі де бірдейлескен кезде, бірін-бірі
жоқ қылады (асылы екінші толқынды «қарама-қарсы» деп атаған жөн секілді).
Қозғалыстың қаншалықты шапшаңдығына қарай дыбыстың түрі өзгереді.
Қозғаушы күштің әлді-әлсіздігіне қарай да дыбыстың түрі өзгереді. Толқынның
жиілігі мен сиректігіне қарай да дыбыстың түрі өзгереді. Бұлар дыбыс түрін
жасайды.
Дыбысты таратушы жағдайдың түрі көп, сондықтан дыбыс түрі де көп.
Бұның өзі қозғалыс жағдайының көптігін білдіреді.
Толқын деген не? Нәрсе
бөлшектерінің біресе жиналып, біресе сиреуі
(таралуы) толқын туғызады. Толқынның жиілігіне мысал:
(ашшы дауыс, әйел даусы); Толқынның сиректігіне мысал:
(бұл қоңыр дауыс).
,
.
Суға тас тастасаң, су жайылады, дөңгеленеді, толқын осыдан пайда болады.
Суға үлкен не кішкене тас тастағаныңа қарай толқын күші де түрліше болады.
Толқын жасаушы күштің шамасы – толқын шамасы болады. Толқынның құлашы
(орысша амплитудасы). →
Толқын күші ашшы дауысты пайды қылады (высота голоса).
Қозғалыстың қандай түрі толқын туғызады? Толқынның белгілі түрде
қайталап отыратыны бар (периодический). Ол бір қалыпқа соғып отырады.
Қайталап кездесіп отырады (арба дөңгелегіне қыстырылған зат). Периодты
қозғалыстағы толқын тудыру үшін белгілі күш, белгілі өлшеу, белгілі уақыт керек.
Жоғарыда дыбысты таратушы жағдай туралы айттық. Толқынның төңірегі,
толқынның қандай нәрсе арқылы өтетіндігі, немесе оны қоршаған орта дыбыстың
анық-қанығын, жетіліп-жетілмеу жағдайын белгілейді. Дыбыстың ашшы болуы
мен қоңыр болуы толқынның жиілігі мен сиректігінен, қозғалушы нәрсенің қандай
екендігінен (мысалы,
домбыра шегінің жуан, жіңішкелігінен, пернесінің аз,
көптігінен) болады.
Домбыра бармақпен баспай (пернені) шертсе, ішек аз қозғалады, ішекті орта
жерінен басса, екі есе көп қозғалады, ашшы дауыс шығады.
Күшті мен ашшының айырмасы: – мысал
Әлсіз бен қоңырды айыру керек: берілмеген
Құлаш ұзындығы
Дауыстың күші
(громкость)
Дыбыстың жалаң түрінен басқа бұлардың қосынды түрі бар. Шынында «ф»
деген бір дыбыстың өзі әлденеше дыбыстан құралған. Құлаққа естілген дыбыстың
бәрі дерлік қосынды жалаң емес. Дауыс құрамының (состав) түрлілігіне қарап,
тембріне қарап, кімнің даусы екендігін қараңғыда тұрып-ақ танимыз. Қобыз бен
скрипка тембрі екі басқа. Сондықтан дауыстары да екі басқа.
Күші мынадай бір дыбысты алайық – – – – }
ашшылығы
мынадай бір дыбысты алайық, осы екеуінің қосындысынан
үшінші бір дыбыс естіледі, ал жоғарыдағы екі графадағы екі дыбыстың екеуі де
естілмейді. Мысалы, мына екі түрлі дыбыстан:
Дауыстың естілуінен көп нәрсені білуге болады: жерді бұрғылау арқылы,
жерде қандай металл барлығын білеміз; эхолот арқылы теңіздің тереңдігін білеміз;
атылған зеңбірек даусының қайдан шыққанына қарап,
қаншалықты қашықтықта
екендігін білеміз; мотор даусына қарап, машинаның қай жері бүлінгенін білеміз;
акустикасына қарап, аудиторияны қалай салу керектігін білеміз. Қосынды
дыбыстар арасындағы біреуі әрі күшті, әрі гармонды болса, бөтендері оған өз
бояуын береді. Дыбыстың тембрі де осы бояу. Күші де, ашшылығы да бірдей екі
адамның дауыстарын айырып, тануымыз әлгі бояушы
дыбыстардың қызметіне
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: