Осыдан келіп бір құрылымның екі сөз болуы немесе екі құрылымның бір сөз
болуы сияқты өзара қайшылықтар туады. Бұның өзі – тілдің дыбыс құрылысының
сүйегіне біткен қайшылық. Негізінде сөздің дыбысы мағынасына қарай өзгеру
керек: мағынасы бір болса, екі сөздің дыбысы да бір болып, мағыналары түрліше
болса, дыбыстары да түрленіп немесе қосымшалары өзгеріп,
екі сөз болып,
егізделіп отыруы керек. Нәтижесінде осы екі сөздегі байланыс әлсіреп отыруы тиіс.
Өсу үшін тіл жаңа сөздер шығарады. Ол үшін бұрынғы ескі сөздерді
пайдаланады. Бір сөз сол бір сөз күйінде қалмай, екі сөз болуы үшін олар бір-
бірінен барынша қашықтауы керек. Дыбыстарында
айырмашылық болуы керек,
әйтпесе сөз байлығы артпайды. Сондықтан
бас (голова) мүшені атағанда «
бас»
десек, сол бастан өрбіген
басақты атағанда
масақ деппіз (
мақ+ақ=колос, головка;
татар, анатолы түріктері
келдекбасты басақ дейді. Бұл
мойын=ақ, түб=ек
cөздерімен құрылыстас). Мағыналары сәйкесетін «
б» дыбысының «
м» болып
өзгеруі бұл жерде басақ
сөзін масақтан қашықтатып, ізін жасырып тұр. Болмаса,
басақ сөзінің
масақ болып өзгеруінде дыбыс алмасуын тудыратын жағдай жоқ. Ал
жап сөзінің
жамыл болып өзгеруі дыбыс құбылыстарының заңдылығынан туған.
Сиық сөзінің
сиақты болып тұлғалануында жоғарыда айтылған екі халдың
екеуі де бар:
ы өзгеріп а болған,
л өзгеріп
т болған.
Адым, атта, аттау
дегендердің бәрі бір түбірден өрбісе де,
атым болмай
адым болуы
т дыбысының
екі дауысты арасынан қалуынан:
адым – аттау мөлшері.
Тіл тенденциясы екі сөздің бір-бірімен байланысы жоқ сияқты етіп көрсетіп,
сол арқылы аулақтату тенденциясын байқатып отыр. Ол бір сөзден екінші сөздің
сыртқы көрінісінің басқалығы. Бұл тенденция күш алса, бір сөз екінші сөзге
ұқсамас еді, түбір дыбыстарына да өзгелік кіргізер еді (бұған да
таңбасын басар
еді), қосымшалар арқылы ғана бір-бірінен айырылмас еді. Бірақ мұны жуықтық
тенденциясы тұсаулайды.
* * *
Достарыңызбен бөлісу: