І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет37/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   151
. Қазақ тілі грамматикасының

Тотемизм (идеология) 
Ежелгі дәуір адамдары әр заттың нәрсенің не жақсы, не жаман иесі бар деп 
түсінген. Сондықтан жақсы жақтағыларды құдай, періште, пайғамбар, әулие деп 
атап, жаман жақтағыларды шайтан, албасты, пері (мұның да екі түрі бар) деп 
сенген. Алғашқы қоғамдағы адам бұларды нақты өмір сүретін нәрселер деп білген. 
Осы күнге дейін «ҚазПИ пәлен қылып жатыр» деуіміз бұған дәлел. Төрт түліктің 
пірі, қолдаушысы ретінде сиыр атасын – Ойсылқара, түйе атасы – Зеңгі баба
жылқы иесі – Қамбар ата, қой малының иесі – Шопан ата, ешкінің пірі – Шек-
шек ата деп атау сол кезден қалған. 
Ол заманда әйелдер құдайының аты Ұмай болған. Кейіннен сөз басындағы 
қысаң ұ дыбысы түсіп қалып, май деп айтылып кеткен. Қазақтың: «От ана, май 
ана, жарылқа!» дейтін және «Май әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие?» – 
деген мақалдары да осы ұғымнан туған (Ұйғыр мақалы...). 
Құт сөзінің бақыт мағынасында екені белгілі. Құт=құдай=бақыт – бұлар 
мағыналас. «Құтыр» деген сөздің түбірі де сол құт; соңғы =ыр үстеу (жұрнақ). 


Осы ұғым-түсініктерге сай адамға ат қойылған (Қасым: Мұны туғызған 
шаруашылық пайдасы болу керек). 
Адам баласы: әлемде бір күш бар, біз соның құралы, – деп түсінген. Ол 
заманда «Қойшы ән салды» дегенді әлгі күш қойшымен ән салады деп түсінгенбіз. 
Дүниеге көзқарас арқылы да нәрсеге ат қойылады 
Біз ол кезде дүниедегі заттың біріне пассив, екіншісіне актив деп қарағанбыз. 
Рама бұрын әйел жынысты сөз емес, пассив болған. Бұл мәселе Пайыздың кітабы 
деген мысалды еске түсіреді. Бұрын біз бірінші сөзді (Пайыз) актив деп 
ұғынғанбыз, қазір не деп ұғамыз. Қазір екінші сөзді (кітап) пассив деп ұғынғанбыз, 
қазір мүлік деп ұғамыз. Бұлайша түсінуіміздің өзгеріп кетуі тұрмыста «ие», 
«мүлік» ұғымдарының пайда болуынан. Әуелі көзқарасымызды тұрмыс өзгерткен 
бұрынғы сөзге жаңа мағына теліген. Әрине мұның да кері әсері бар – ол өрлемелі 
әсер. Аналық дәуірде женский род, аталық дәуірде мужской род пайда болған 
(Пайыз). 
Пайыздың кітабы дегенде оның иелік мағынасы да, мүліктік мағынасы да 
бар дегенді түсінеміз. 
Себебі: меншік тұрмысты жақында ғана басымыздан өткеріп бара 
жатқандығымыздан. Бұл екі сөздің бірі – «производитель», енді біреуі – «продукт» 
мағынасында екендігін ұмытқанбыз. Себебі, ол мағынаны соңғы иелік мағына 
басып озған. Сөйтіп ескі формаға жаңа мағына беру жолымен де тіл өрлеп 
отырған. 
Тіл идеологияның бірі; сондықтан оның сөздігі бұрын туған болады да, талай 
мағынаны ішіне алып отырады. Тілдің грамматикасы өте жай өзгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет