Есептердің құрылымдық түсінігі.
АЖ-лерді құру немесе топтастыру кезінде шешетін есептердін формалды-математикалық және алгоритмдік сипаттаумен байланысты мәселелер тууы мүмкін. Формальдау дәрежесінен барлық жүйенің жұмыс тиімділігіне, сонымен қатар алынып жатқан ақпараттар негізінде шешімді қабылдау үшін адамның қатысу дәрежесімен анықталатын автоматтандыру деңгейіне байланысты.
Есептерді математикалық сипатталуы неғұрлым анық болса, соғұрлым мәліметтердің компьютерлік өңдеуінің мүмкіншілігі жоғары және оны есептеу үрдісінде адамның қатысу дәрежесі соғұрлым аз болады. Бұл есептердің автоматтандыру дәрежесін анықтайды.
АЖ-лер құрылатын есептердің үш түрін ажыратады:
құрылымдық (формалдық),
құрылымдық емес (формалданбайтын),
жартылай құрылымдық.
Құрылымдық есеп – барлық элементтері мен олардың арасындағы өзара
байланыстары белгілі есеп.
Құрылымдық емес есеп – элементтерді анықтауға және оларды
арасындағы байланысты орнатуға мүмкін емес есеп.
Құрылымдық есепте дәл шешу алгоритімі бар, оның мазмұнын математикалық модельдер үлгісінде көрсетуге болады. Мұндай есептерді, әдетте бірнеше рет шешуге тура келеді. Құрылымдық есептерді шешу кезінде ақпараттық жүйелерді пайдалану мақсаты - олардың шешуін толық автоматтандыру, сондай-ақ адамның рөлін нөлге келтіру.
Сурет 10. Шешілетін есептердің құрылымдық белгісі бойынша ақпараттық жүйелердің топтастырылуы
Мысалы. АЖ-де еңбек жалақысын есептеу есебін іске асыру қажет. Бұл – шешу алгоритімі толығымен белгілі құрылымдық есеп. Осы есептің кертартпалық сипаты былай анықталады: барлық есептелген және бөлінген есептер өте қарапайым, бірақ көлемі өте зор, өйткені олар барлық санаттағы қызметкерлер үшін ай сайын бірнеше рет қайталануы тиіс.
Математикалық сипаты мен алгоритімін құру мүмкін еместігінен құрылымдық емес есептерді шешу үлкен қиыншылықтармен байланысты. Мұнда АЖ-ні пайдалану мүмкіншілігі зор емес. Бұл жағдайда шешім, адамның өзінің тәжірибесі негізінде эвристикалық ойынан және мүмкіншілігінде қарай әр түрлі қайнар көздерден жанама ақпараттар түрінде қабылданады.
Мысалы. Өздеріңіздің студенттік тобыңыздағы өзара қарым-қатынасты қалыптастырып көріңіздерші. Сіз бұны істей алуыңыз екіталай. Бұл есеп үшін психологиялық және әлеуметтік факторлар маңызды, оларды алгоритм түрінде сипаттау өте қиын. Кейін, қандай да болсын ұйымның жұмыс тәжірибесінде толығымен құрылымдық немесе мүлде құрылымдық емес есептер салыстырмалы түрде қолданылады. Көптеген есептер туралы тек элементтерінің бөлігі мен олардың арасындағы байланыстың белгілі болатының айтуға болады. Ондай есептер жартылай құрылымдық деп аталады. Осы жағдайда АЖ-ні құруға болады. Онда алынатын ақпарат адаммен талданады да, анықтайтын рөлді ойнайтын болады. Осындай ақпараттық жүйелер автоматтандырылған болып саналады, өйткені олардың қызмет істеуіне адам қатысады.
Жартылай құрылымдық есептерді шешу үшін пайдаланылатын АЖ-дің түрлері.
Жартылай құрылымдық есептерді шешу үшін пайдаланылатын АЖ екі түрге бөлінеді:
басқарушылық есеп берулерді құратын және ең алдымен мәліметтерді (іздеу, іріктеу, желімдеу, сүзгілеу) өңдеуге бағытталған. Осы есеп берулердегі мәліметтерді қолдана отырып, басқарушы шешім қабылдайды;
шешімнің мүмкіншілік баламасын өндейтін. Бұл кезде шешімді қабылдау ұсынылған баламаның ішінен біреуін таңдап алуға әкеп соғады.
Басқарушылық есеп беруді құратын АЖ пайдаланушының ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді, яғни мәліметтер базасындағы ақпаратқа енуіне және оны жартылай өңдеуіне рұқсат береді. АЖ-де мәліметтермен жұмыс жасау процедурасы келесі мүмкіншіліктерді қамтамасыз етуі тиіс:
әр түрлі көздерден алынатын мәліметтердің қисынын құру;
оны немесе басқа да мәліметтер көзін жылдам қосу немесе алып тастау және мәліметтерді іздеу кезінде көздерді автоматты түрде ауыстырып қосу;
мәліметтер базасымен басқару жүйелерінің мүмкіншіліктерін пайдаланумен мәліметтерді басқару;
ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне енетін, басқа да мәліметтер базасынан осы типтегі мәліметтердің қисынды тәуелсіздігін табу;
мәліметтер базасын толықтыру үшін ақпараттар ағымын автоматты түрде қадағалау.
Шешімнің баламасын әзірлейтін АЖ-лер модельдік немесе сараптық болуы мүмкін.
Модельдік АЖ-лер математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа модельдерді ұсынады, оларды пайдалану шешімнің баламаларын өңдеуді және бағалауды жеңілдетеді. Пайдаланушы шешімді қабылдау үшін жетіспейтін ақпаратты, оны зерттеу үрдісінде модельмен сұхбатты орнату арқылы ала алады.
Модельдік АЖ-дің негізгі қызметтері мыналар:
«қалай істеу керек, егер?», «егер, былай істесем не болады?» түрлеріндегі модельдеудің негізгі есептердің шешімін қоса отыра, типтік математикалық модельдер ортасында жұмыс істеу мүмкіншілігі, сезгіштікті талдауы және т.б.;
модельдеудің нәтижелерін жеткілікті жылдам және барабар түсіндіру;
оперативтік дайындық және кіріс параметрлер мен модельді шектеуін түзету;
модель динамикасының графикалық бейнелеу мүмкіншілігі;
пайдаланушыға қалыптастырудың қажет қадамдарын және модель жұмысын түсіндіру мүмкіншілігі.
Сараптық АЖ-лер білімді өңдеумен байланысты сараптық жүйелерді құру арқылы пайдаланушыға мүмкіндік баламаларды өңдеу мен бағалауды қамтамсыз етеді. Пайдаланушымен қабылданатын шешімдердің сараптық қолдауы екі деңгейде жүзеге асырылады. Сараптық қолдаудың бірінші деңгейдегі жұмысы «типтік басқарушылық шешімдер» тұжырымдамасынан шығады. Осыған сәйкес басқару процесінде жиі пайда болатын проблемалық жағдайларды басқарушылық шешімдердің кейбір біркелкі кластарына түйістіруге болады. Осы деңгейде сараптық қолдауды іске асыру үшін типтік баламаны сақтау мен талдаудың ақпараттық қоры құрылады. Егер пайда болған проблемалық жағдайлар типтік баламасы бар кластарымен байланыстырылмаса, онда жұмысқа басқарушылық шешімдердің сараптық қолдауының екінші деңгейі кіріседі. Бұл деңгей баламаны ақпараттық қорда бар мәліметтер, синтез жасалған баламаны бағалау процедурасы мен түрлендіру ережесі негізінде генерация жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |