Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


АЖ-ді қызмет ету белгілері және басқару деңгейлері бойынша топтастыру



бет12/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

3.6 АЖ-ді қызмет ету белгілері және басқару деңгейлері бойынша топтастыру.




Қызмет ету белгі дегеніміз не?
Қызмет ету белгі ішкі жүйелердің міндеттерін, сонымен қатар оның негізгі мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын анықтайды. АЖ-нің құрылымы оның фунционалдық ішкі жүйелер жиынтығы ретінде ұсынылуы, ал қызмет ету белгісі АЖ-ді топтастыру кезінде пайдаланылуы мүмкін. Өндірістік және коммерциялық объектілердің шаруашылық тәжірибесінде АЖ тобының қызмет ету белгілерін анықтайтын, қызметтің типтік түрлері: өндірістік, маркетингтік, қаржылық, кадрлық болып табылады.


Өндірістік қызмет тікелей өнімді шығарумен байланысты және өндіріске ғылыми-техникалық жаңалықтарды құру мен енгізуге бағытталған.

Маркетингтік қызметке мыналар кіреді: шығарылатын өнімдердің өндірушілері мен тұтынушыларының нарығын талдау, сатуды талдау; өнімдердің ілгері қозғалуы бойынша жарнамалық компанияларды ұйымдастыру; материалдық-техникалық жабдықтарды ұтымды ұйымдастыру.

Қаржылық қызмет бухгалтерлік, статистикалық, оперативтік ақпараттардың негізінде фирманың қаржылық ресурстарын бақылауды және талдауды ұйымдастырумен байланысты.

Кадрлық қызмет фирмаға қажетті мамандарды таңдап алуға және орналастыруға, сондай-ақ әр түрлі аспектілер бойынша қызметтік құжаттарды жүргізуге бағытталған.
Қызметтердің көрсетілген бағыттары ақпараттық жүйелердің типтік жиынтығымен анықтады:

  • өндірістік жүйелер;


  • маркетинг жүйелер;


  • қаржылық және есепке алу жүйелері;


  • фирма қызметтерінің ерекшеліктеріне тәуелді қосалқы функцияларды орындайтын, басқа да типтер.


Ірі фирмалардағы функционалдық тағайындаудың негізгі ақпараттық жүйесі функциялардың бөлігін орындау үшін бірнеше ішкі жүйелерден тұруы мүмкін. Мысалы, өндірістік ақпараттық жүйенің келесі ішкі жүйелері бар: қормен басқару, өндірістік үрдіспен басқару және т.б.



Ақпараттық жүйелердің түрлері.
АЖ-нің түрі, оның қандай мүддеге қызмет көрсетуіне және қандай басқару деңгейінде екеніне байланысты. 11 суретте басқару деңгейі мен персоналдың біліктілік деңгейін есепке ала отырып, қызмет ету белгісі бойынша ақпараттық жүйелерді топтастырудың мүмкіншілік нұсқасының бірі көрсетілген.

11 суреттен маңыздылық бойынша басқару деңгейі тым жоғары болса, мамандар мен менеджерлердің АЖ арқылы орындалатын жұмыс көлемі соғұрлым төмен болатының көруге болады. Бірақта, осыған байланысты АЖ - нің зияткерлік мүмкіншіліктері мен қиыншылықтары және менеджермен қабылдаған шешімінің рөлі өседі. Басқарудың кез келген деңгейі барлық функционалдық жүйелердегі ақпараттарға тапшы, бірақ әр түрлі көлемде және әр түрлі жинақтап қорыту дәрежесінде.




Сурет 11. Басқару деңгейлері мен қызметкерлердің біліктілігін есепке ала отырып, қызмет ету белгілерінен байланысты ақпараттық жүйелердің түрлері
Пирамиданың негізі қызметші - орындаушылар мәліметтерді операциялық өңдеумен, ал төменгі буындағы менеджерлер оперативтік басқарумен айналысатын АЖ-ді құрайды. Пирамиданың жоғары жағында стратегиялық басқару деңгейінде АЖ өзінің рөлін өзгертеді және қойылған міндеттердің нашар құрылымдық жағдайларында шешім қабылдау бойынша жоғары буындағы менеджерлердің қызметтерін стратегиялық тұғырдан қолдауға шығады.

Оперативті (операциялық) деңгейдің АЖ-лері.
Оперативтік деңгейдегі АЖ-лері келісімдер мен оқиғалар (есептер, тауар құжаттамасы, жалақы, кредиттер, шикізат және материалдардың ағымы) туралы мәліметтерді өңдей отыра, мамандар мен орындаушыларды қолдайды. Осы деңгейде АЖ-дің міндеті ағымдағы жағдайлар туралы сұраныстарға жауап беру және оперативтік деңгейге сәйкес келетін фирмадағы келісімдердің ағымын қадағалау. Осыны орындап шығу үшін ақпараттық жүйе оңай түсінуге, үздіксіз әрекетте болу және анық ақпаратты беру керек.
Операциялық деңгейдегі ақпараттың міндеттері, мақсаттары мен көздері алдын ала анықталған және жоғары дәрежеде құрылған. Шешім берілген алгоритмменен сәйкес программаланған.
Оперативтік деңгейдегі АЖ фирмамен және сыртқы ортаның арасындағы байланысу буыны. Егер жүйе нашар жұмыс істесе, онда ұйым ақпаратты сырттан ала алмайды, немесе ақпаратты бере алмайды. Сонымен қатар, жүйе – бұл ұйымдағы АЖ -нің қалған түрлері үшін ақпараттардың негізгі жабдықтаушысы, өйткені ол оперативтік және мұрағаттық ақпараттарды сақтайды. Осы АЖ-ні ағытып тастау қайтымсыз негативті салдарға әкеп соғар еді. Мысалы: оперативтік деңгейдің АЖ- і: бухгалтерлік, банктік депозиттер, тапсырыстарды өңдеу, авиабилеттерді тіркеу, жалақы төлеу және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет