Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары



бет13/26
Дата05.05.2024
өлшемі54.45 Kb.
#500586
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
стандарттар 2023 (2)

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Кювезді электр тоғынан өшіріңіз, баланы палатадан шығарып, жақсы желдетіліп тұрған, бактериацидті шамы бар бөлмеге шығарыңыз;

  2. Кювезді тазалау мен залалсыздандыруға дайындаңыз: оттегі түтігін өшіріңіз, дымқылдату бөшкесіндегі суды төгіңіз, матрасты алып тастаңыз, оны тексеріңіз, фильтрді алып тастаңыз.

4.13. Стандарт «Кювезді (инкубаторды) залалсыздандыру»
Мақсаты: залалсыздандыру, санитарлық-гигиеналық режимді ұстану
Көрсеткіші: -жаңа көвезді орналастыру
-әр 3 күн, бала көп уақыт жатқан кезде
-жаңа бала еңгізгенде
-бала 5 күн аралығында жатпаған кезде
Дайындаңыз: кювез, залалсыздандыруға арналған жуу ерітіндісі, дистильденген су, халат, қолғап, стерильді ветошы бар бикс, бактериацидті шам, қаламсап, этикетка.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Кювезді электр тоғынан өшіріңіз, баланы палатадан шығарып, жақсы желдетіліп тұрған, бактериацидті шамы бар бөлмеге шығарыңыз;

  2. Кювезді тазалау мен залалсыздандыруға дайындаңыз: оттегі түтігін өшіріңіз, дымқылдату бөшкесіндегі суды төгіңіз, матрасты алып тастаңыз, оны тексеріңіз, фильтрді алып тастаңыз.

  3. Таза арнайы киімді киініз: халат, қолғаптар.

  4. Дезинфекциялық жуатын ерітіндіге батырылған ветошьпен кювездің үстін, матрастың астын, кювездің ұстағыштарын, сөрелерін, одан кейін сыртқы бетін 15 минут сайын 2 рет сүртіңіз.

  5. Кювезді жауып, 1 сағатқа қалдырыңыз.

  6. Халат пен қолғаптарды ауыстырыңыз.

  7. Кювезді ашып дистилденген суға батырылған ветошпен жоғарыда айтылған реттілікпен кювездің сыртқы бетін қайтара жуыңыз.

  8. Стерильді ветошьпен кептіріп сүртіңіз.

  9. Фильтрлерді дистильденген сумен жуып, стерильді ветошьпен кептіріп өңдеңіз де, орнына салыңыз.

  10. Кювезді жинақтап, камерасын ашыңыз.

  11. Кювезден 0,5 -1 м арақашықтықта бактериацидті шамды қосып, жарығын ашық камераға беттеп 60 минутқа қойыңыз.

  12. Дымқылдандыратын резервуарға дистильденген су құйыңыз.

  13. Кювездін камерасын жауып, «Тазалау» режимін босып, кювезді 5 сағатқа қосып қойыңыз.

  14. Ауыстырғышты 0-ге қойып, кювезді электр тоғынан өшіріңіз.

  15. Кювезге залалсыздандыру жүргізілген күнді, қолданылған дезинфекциялық ерітіндінің атауы, дезинфекцияны жүргізген мейірбикенің қолы қойылған нұсқаулықты кювезге жабыстырыңыз.

  16. Кювезді балалар палатасына апарып, тоққа қосыңыз.

  17. Дәрігер тағайындаған параметрлерді қойыңыз: температура, ылғалдылық, оттегіні беру жылдамдығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет