4.6. Стандарт «Жаңа туылған баланы таңертеңгі тазалауды жүргізу»
Таңертең баланы жуындыру:
Базданудың алдын алу
Көз күтімі
Мұрын қуысы күтімі
Құлақ күтімі
Мақсаты: Балаға гигиеналық күтім көрсету, кіндік қалдығының және іріңді-септикалық аурулардың алдын алу, балаға жеке гигиенаны ұстану дағдыларын қалыптастыру.
Көрсеткіші: Жаңа туылған және емізулі жастағы бала күтімі.
4.6.1. Стандарт «Базданудың алдын алу мақсатында баланы жуындыру»
Дайындаңыз: стерильді мақта шариктері, салфетка, қысқыш, стерильді өсімдік майы, таза жөргектер, баланың таза киімі, қолғап, ағын су, лотоктар, клеенкалы алжапқыш, КБУ, дезинфекциялық ерітінді, ветошь.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсатын және жүргізу барысын түсіндіріңіз.
2. Кранды ашып, судың температурасы 37-380 С шамасында болатындай етіп ағызыңыз.
3. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.
4. Халатыңыздың сыртынан клеенкалы алжапқышты киіңіз.
5. Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.
6. Баланы үстелдің үстіне жатқызып, киімдерін шешіп, терісін және тері қатпарларын қараңыз.
7. Баланы сол жақ иығымен жатқызып, басын сол иығына тақап, сол қолыңызбен баланың сол жақ жамбасын ұстаңыз.
8. Суды қосып, оң қолыңызды ағынды суға жуып, қыз баланы алдынан артқа (жоғарыдан төменге) қарай қимылдар жасай отырып жуындырыңыз, баланы жұмсақ жөргекпен жабыңыз.
9. Баланы жөргек үстелге жатқызып, жөргекпен терісін құрғатыңыз, әсіресе тері қатпарларына аса назар аударыңыз.
10. Стерильді мақта шаригін стерильді өсімдік майына батырыңыз.
11. Мақта шаригін оң қолыңызға алып шат және бөксе қатпарларын сүртіңіз.
12. Қолданылған мақта шариктерін КБУ-ға тастаңыз.
13. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз, қолданылған қысқышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
15. Баланы киіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |