Әдістерді оқыту және оның классификациясы туралы ұғым.
Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.
Оқыту әдісі танымдылықты-оқыту іс-әрекетіне байланысты, диактикалық құбылыстың мәндік әзара байлаиысы және сөздік байланысы, олардың қозғалысын, өзгертілуін сапалы және бір жүйедегі таным үдерісі деп қарастыруға болады. Бұл оқыушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жолы мен ғылыми-практикалық тиімділігі болады. Оқыту әдістерін классификациялау, оларды белгілі бір мәтінде бөліп негіздеу, класстарға бөлу, разрядқа бөлу, оқыту мақсатына байланысты түрлі авторлар мен белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылуы, оқушылардың танымдық іс-әрекетін, оқыту мәндерінің мазмұнын, оқу үдеріссінің логикасын, сонымен қатар басқа да ұқсас жалпы ерекшеліктерін, түрлі қажетті жақтарының көрсетілуі.
И.П. Подласый әдістерді классификациялауды исгіздеуді білім көзінен (практика, көрнектілік, сөз) карастырады. Ол мәдени прогресс негізінен кітапты және келесі он жылдықта бейне таспамен бірлескен жаңаша компютерлік жүйе негізін жаңа апараттық білім көзі ретінде ұсынады. Соның негізінде И.П. Подласый әдісті бес топқа бөлді:
а) практикалық; іс-тәжірибие, жаттығу, оқу- өндірістік еңбек;
б) көрнекілік: иллюстратция, демонстрациялау, оқушылардың бақылауы;
в) сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция, дискуссия, диспут;
г) кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттау, реферировать, жалпы қарап шығу, цитаттау, мазмұндау жоспар кұру, конспектілеу;
д) бейне таспа әдісі: көру оқыту, "электронды мұғалім" бақылаушы мен жаттығу, бақылау.
Ю. К.Бабанский оқыту әдісін үлкен үш топқа бөледі:
І.топ. Ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін іске асыру әдістері.
Олар: а) оқытудың сөздік әдісі: (әңгіме, оқыту лекциясы, сүхбат);
б) оқьітудың көрнектілік әдісі: иллюстрациялау әдісі (плакаттар, карталар, тақтадағы педогогикалық сурет, картиналар ғалымдар портреттері т.б.), демонстратциялау әдісі (приборлар мен жұмыс, іс-тәжірибе жасау, техникалық құралдар, препораттар). Оқу киносын демонстратциялау әдісі, оқу теледидарын пайдалану әдісі. в)практикалық оқыту өдісі (жазба, жаттығу, лабароториялық жүмыс, шеберханадағы еңбек таисырмасы, өндірістік оқу цехтары, окушылар бригадасы, дыбысты жазу және дыбыстап көрсету аппаратурасымен жұмыс, оқу машинасы мен сабақ өткізу, репетитор және тренажер машинасы т.б);
Достарыңызбен бөлісу: |