Лабораториялық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игерту, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру.
Практикалық әдіс. Бес этапқа бөлінеді. Бұнда оқуышлардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі.
а)мүғалімнің түсіндіру жұмысты теориялы кезендермен үйрету;
ә)көрсету (инструктаж);
б)жұмысты жасап көру (екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жіберілсе қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзеуі; в)жұмысты әркімнің өзі орындауы;
в)бақылау оқушылардың жұмысы тексеріліл, бағаланады. Орындалу сапасы ескертіледі, уақытты, материалдарды ұнемдеуі, жүмысты дұрыс және жылдам жасауы (Е.Я. Голант);
Танымдық ойындар. Танымдық (дидактикалық) ойындар-оқушылардың өздері шешімін табатын, модельдейтін, арнайы ситуациялар құру. Негізгі мәні танымдық қызметті стимуляциялау. Оқушылар ойынға белсенді түрде қатысады. Ойындарға тоқталсақ болсақ математикалық, лингвистикалық ойындар, саяхат-ойыны, электронды викторина түрінде, тақырьгптық приборлармен ойындар "Конструктор", "Шеберлер", "Жас маман" т.б.
Бағдарламалық оқыту әдісі. Бағдарламалап оқытуда ақпарат машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу матералы программаланған оқулық кітаптарында беріледі, екіншіде дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын программалап оқытудың үш жүйесі бар; бір бағытты материал кішкене порцияларға бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игертуге бағытталады. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда тармақталған бағдарламаларға қосымша түсініктемелер беріледі.
Мұғалімнің таңдап алған әдістері, жұмысындағы дидактикалық шеберлігі оқу танымдық стилімен ерекшеленеді, стандартты емес оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық-шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік және демократиялық көз- қарасын жетілдіретіндігін байқатады. Мұғалімнің оқыту әдістері басқа да дидактикалық қызығушылығы, оларға оқыту формасы мен принциптерге оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тематикасының көлемінің күрделігіне, техникалық оқу құралдары мен жабдықтануы сынып оқушыларының саны мен олардың дене тәрбиесі психикалық және интелектуалды денсаулығының деңгейі, оқу сабақтарының құрылымы, өзара қарым-қатынас ерекшелігі мүғалімнің әлеуметтік-кәсіби жеке басының даярлығы, сонымен қатар басқада өлшемдер, көрсеткіштер мен талаптар мен қоса жаңаша технология, оку танымдылық іс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылықта дамуына байланысты.
Сынып – сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сндықтан ол күрделі және жауапты кезенң, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жкақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, оқыту мақсаты және міндеттері, оқу үдерісінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.
Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, ұй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарые, т.б жатқызады.
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаңан жөн:
Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен үштастыру;
Тиісті тныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ыеталандырып, ілтипат аудару;
Сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау;
Қажетсіз мағлұматтарданг сақтанып, баланын ілтипатын оятатын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу;
Алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.
Достарыңызбен бөлісу: |