І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Дәріс №13. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендіру



бет123/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Дәріс №13. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендіру
Жоспары:

  1. Танымдық белсенділіктің мәні, педагогика танымындағы даму жолдары

  2. Оқушылардың танымдық әрекетіндегі белсенділіктері және олардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.

  3. Мұғалімнің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың шарттары мен құралдары.



1.Танымдық белсенділіктің мәні. XX ғ. 70-80 жылдарында оқыту үдерісін белсендіруге бағытталған,оның балаға арналғаны, оқушының оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің көлемі көбейді. Оқыту үдерісіндегі радикалды өзгерістердің қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына Ж.Пиаже,Б.Блюм,Д.Ж Бруннер,Ж.Ганье,Ж.Ериксонның еңбектері куә.
Белсенділік деген (интенсивтендіру,мығымдық) оқушының іс-әрекеті мен пәнімен «қосылғандағы» дәрежесін анықтайды.
Белсенділік-бұл оқытушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті,мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын, шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған. Бұл ой еңбегінің құлдырау және тоқтап қалудан сақтайтын, жігерлі, мақсатты бағытталған жүйе.
Белсенділіктің негізгі мақсаты-оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің саласын көтеру.
Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін ұғындыратын екі әдіс анық белгілі болып отыр. Бір зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде қарайды, ал біреулер – сапа, жекелік білім деп ұғады. Берілген мәселеге «танымдық әрекет» және «танымдық белсенділік» ұғымдарының енуі тек әрекетті бірлікте қарайтын болсақ онда бұл жағдайда мәселе өзінен өзі шешілетін сияқты, себебі оқушылардың кез-келген әрекеті ойламды шешімді болуы керек.
Оқушылардың оқыту белсенділік мәселесі – терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны өңдеуге М.А.Данилов,Р.Г.Лемберг,И.Я.Лернер,М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин,И.Ф.Харламов,Т.И.Шамов,Г.И.Щукина,А.Х.Аренов үлестерін қосты.
Танымдық белсенділік жеке тұлғаның әрекетінде қалыптасады. Бұл ұғымдардың арасындағы қарым-қатынасты шамалы тура келгендік қатынас деп білуге болады. Бұл танымдық белсенділік оқытудың интенсивтендіруі мен мәнін белгілейді. Бұл танымдық әрекетте қалыптасып анықталады, бірақ бұл құбылыстар ұқсас деген нәрсе емес. Танымдық белсенділіктің құрылымында жеке тұлғаның сапасы ретінде келесі компоненттер ерекшеленеді: оқу тапсырмаларын дайындауға әзірлік; өзіндік әрекетке ұмтылыс; тапсырма орындаудағы саналылық; оқытудың жүйелілігі; жекелік деңгейді көтеруге ұмтылыс т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет