Джон Локк (1632-1704) – танымал ағылшын философ-материалисі және педагогы. Оның философ ретінде үлкен еңбегі – адамзат білімінің тәжірибелік шығу тегі жөнінде ойлары болды. Ағылшын педагог, философ, ағартушы-ғалым, мемлекет қайраткері, эмпирикалық-сенсуализм таным теорияны қалаушы. Д. Локктың жаңа педагогикалық теориясында қоғамның әлеуметтік-саяси идеялары әсерін тигізді. Өзінің фундаментальдық еңбегінде «Адам санасының тәжірибесі» теориялық дәлелдемелер сипатталаған. Адам баласы туысынан «ақ тақта сияқты тап-таза» өз жеке тәжірибесі арқылы бала дамиды. Адам тәжірибесінің ішкі құрылымында білімнің екі қайнар көзі бар: материалдық орта, заттар мен құбылыстарды сезіну – бұл сыртқы тәжірибесінің сипаты; ішкі тәжірибе: адамның ойлау актісі, рефлексиялық іс-әрекеті. – адамның қорытынды жасауы, абстрактілікке алған білімдерін айналдыруы. Д.Локктың эмпирикалық (тәжірибелік) идеялары үлкен жаңалық болған, пікір-таласта көп талқыланған мәселелері болған.
Білім беру және тәрбиелеу тұжырымдамасы Д.Локктың «Тәрбие туралы ойлары» атты трактатында жарияланған. Бұл еңбегінде Локк тәжірибелік бағытындағы тәрбиені жақтайтынын көрсеткен. Білім беру саласындағы өзін нағыз реформатор ретінде әлемге танытып, реальды білім беру саласының бағдарламасын кеңінен жасаған. «Нағыз джентлменді» қалыптастыруда өмірге қажетті білімдермен қаруландыру керек, деген. Ақыл-ойын жетілдіруде жүйеге түскен ғылыми білімдер негіз болады: жаратылыстану, тарих, құқықтану, этика, бухгалтерия, стенография т.б. пәндер оқытылу керек. Адамның табиғатынан пайда болатын идеяларына сенбей, өз бостандығын қорғай білетін, өз ісіне жауапты, өз-өзін қамтамасыз ете алатын адамдарды тәрбиелеу. Адам мінезінің сақ болуы – сана-сезіміне байланысты. Тәрбиенің негізгі салалары – адамгершілік, ақыл-ой, енбек тәрбиесі. Тәрбиенің әлеуметтік талабы – азаматты, қоғам мүшесі ретінде жеке адамды қалыптастыру міндеттері басты болып табылады.
Дени Дидро (1713-1784) – танымал француз философ-материалистерінің қатарына кірді. Ол басқа ағартушылар тәріздес адам тұлғасын қалыптастыруда және әлеуметтік құрылымды игеруде тәрбиенің рөлін жоғары бағалады. Алайда, ол Гельвеций сияқты нақтылы пайымдауларға бейім болмады.
Белгілі француз ағартушы-педагог, философ, қоғам қайраткері Ж.Ж.Руссо (1712-1778) өзінің педагогикалық тұжырымдамасында сол кездегі білім беру-тәрбиелеу дәстүрлерін қатты сынға алып, жаңа қоғамға жаңа адамды тәрбиелеу қажет, деген. Өзінің прогрессивті идеяларын «Эмиль, немесе тәрбие туралы» еңбегінде жариялаған. Ж.-Ж. Руссоның дүниетанымы терең қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Мысалы, ғылым және өнер жүйесінің дамуы адамдардың мінезін жақсартпайды, қайта керісінше әсерін тигізеді.Оның өмірге деген көзқарасының мәні мына идеясында белгіленеді: табиғи қасиеттерімен әбден жетілген, ішкі сезімдері арқылы еркін өмір сүретін адамды тәрбиелеу.Ал қоғамдық қатынастар адамның табиғатын төмендетеді.
Ж.-Ж.Руссоның еркін тәрбие беру теориясы – оның педагогикалық тұжырымдамасының негізі болады. Ескерген діни тәрбиесіне қарсы болып, демократиялық жүйені қоғамдық тәрбиеге енгізу керек, деген. Бұл тәрбие баланың туа пайда болған дарынын белгілейді. Тәрбие табиғатқа сәйкес жүргізілу тиіс. Сонда ғана адам баласының екін дамуы, өз бетінше оның жеке өмірлік тәжірибесі және білімдері қалыптасады.Тәрбиенің басты факторлары – табиғат, адамдар, қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстары. Табиғи тәрбие – бұл адамның қабілеттері мен сезімдерін іштей дамыту болып табылады.
Өзінің басты шығармаларында феодалдық құрылыммен туындаған әлеуметтік әділетсіздікті талқыға салды:«Ғылым мен өнерден дамуы - әдет-ғұрыптың дамуы және төмендеуіне әсер етті ме?» (1750);«Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен қалыптасуын талқылау» (1755);«Қоғамдық шарт» (1762);«Эмиль немесе тәрбие туралы»;«Юлия немесе жаңа Элоиза» (1761)Ол балалардың рухани, ақыл-ой, физикалық дамуымен байланысты табиғи, еркін тәрбие теориясының негізін қалаушы.
Баланы тәрбиелеу туғаннан басталады. Руссоның ойы бойынша, баланың табиғи ерекшеліктеріне байланысты төрт кезеңге бөлінеді:сәбилік кезең – туғаннан 2 жылға дейін;
Достарыңызбен бөлісу: |