І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Оқыту – педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі. Оқытудың атқаратын қызметі



бет97/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

2. Оқыту – педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі. Оқытудың атқаратын қызметі.
Тиісті ғылым салаларына қарай оқу пәндерінің мазмұны сандық және сапалық параметрлері бойынша әр түрлі болып келеді. Оқу курсы үшін базалық білімдер таңдалып алынады, курстың қолданбалы аспектілері мамандықты ескере отырып жасалады, яғни мамандандыру курстары, сонымен қатар орындалатын оқу тапсырмалары тиісті түрде құрастырылады. Базалық білім курсты оқытуға арналған негізгі педагогикалық мақсаттардың жиынтығы болып табылады.
Педагогикалық теориядағы басты қағида: оқыту – білімдендіру мен тәрбиенің құралы. Олай болса, тәрбиелей отырып оқыту барысында шәкірттің өркені өсіп, аңғарғыштығы мен байқағыштығы, зейіні жетіліп, қиялы қанат жайып әр жақты дамиды. Ой-түсінігінің өрістеуі негізінде іс-әрекетке, еңбекке, әлеуметтік қарым-қатынасқа дағдылану бастау алады. Оқыта отырып тәрбиелеу – оқушының ғылыми-танымдық көзқарасы мен білімін және оны дұрыс ұғына білуін қалыптастырумен қатар шәкірттің тәлім-тәрбиелік, танымдық санасын жетілдіріп, адамгершілік түсініктің беки түсуіне игілікті әсер ететін, мүмкіндігі уақыт талабына орай үнемі өрістеп отыратын құбылыс.
Оқыту үдерісінің атқаратын қызметіне келер болсақ, ол білімдендіру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру қызметтерін атқарады. Білімдендіру қызметінде оқыту үдерісінде білім, білік, дағдының қалыптастырылуы көзделеді. Білім – нақты айғақтарды, мәліметтерді, ұғымдарды, ережелерді, заңдарды, тәжірибелерді есте сақтау.
Білік – ережелерге сүйене отырып, кез келген іс-әрекетті жүзеге асыра білу немесе білімді тәжірибеде қолдана білу.
Дағды – саналы іс-әрекеттің автоматтандырылған компоненті.
Тәрбиелеу қызметі әлеуметтендіру үдерісінің табиғи жағдайына байланысты туындайды. Оқыту үдерісінде алынған білімдеріна сай олардың көзқарастары, ғылыми дүниетанымы, құндылық дүниесі, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады.
Дамытушылық қызметі тұлғаны әр жақты дамытуды, яғни ойлау, сөйлеу, іс-әрекет және т.б. қасиеттердің дамуын көздейді. Бұл мәселеде дамыта оқытуға байланысты П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин және т.б. жүйе құрған.
Ұйымдастырушылық қызметі оқыту үдерісінің тиімді нәтиже беруіне байланысты ұйымдастыру жолдарын белгілейді. Педагогикалық мақсаттан туындайтын оқыту үдерісі ұстаз тарапынан меңгертіліп, шәкірт тарапынан игерілуге тиісті, ғылыми таным-түсінік, білімдік біліктерді жүзеге асыру жолындағы іс-әрекет болып табылады.
Сонымен, оқытудың басты қызметі – адам баласын білім байлығының негіздерімен қаруландырып, оны өз бетімен дамытып, игерген білімін өмірде қолдана білуге бағдарлау, әрбір тұлғаны өздігінен ізденіп, өздігінен еңбектене алуға дағдыландыру. Мұндағы басты талаптар:

  • білімнің негізгі идеяларын түсіну, оны танымық ұғымға айналдыру;

  • меңгерген білім арқылы ойын дамытып, өздігінен ізденудің жолын ашу;

  • білімнің жүйелілігі, қисындылығы, бірізділігі, түсініктілігін қамтамасыз ету;

  • меңгерген білімнің шеңберін кеңейтіп, жаңа білімге деген құлшынысқа жол ашу.

Демек, қазіргі кезеңдегі білім берудегі басты шарт тұлғаны өздігінен іздене білуге, уақыт талабына үйлесімді шешім таба білуге қалыптастыру болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет