Феноболин (Нандролон, Ретаболил және т.б.) белсенділігі күшті және өте ұзақ уақыт әсер ететін дәрі. Мысалы, бір рет қолдағанның өзінде әсері 7 күннен 15 күнге дейін созылады. Барлық қалған әсерлері метандростенолонға ұқсас келеді. 1% және 2,5% майлы ерітіндісі 1 мл-ден бұлшық етке егіледі.
Rp.: Sol.Phenobolini oleosae 2,5%-5 ml
D.t.d. № 10 in amp.
S. Бұлшық етке аптасына1 рет.
12.2. Дәрумендік дәрілер.
Құрамында коферменттер болуына байланысты олардың көбі зат алмасу жүрісіне қатысады. Көптеген дәрумендер денеде түзілмейді. Дәрумендердің көзі ас-тағамдары болып саналады. Адамның денесінде Д дәрумені ультракүлгін сәулелерінің әсерінен теріде де құрастырылады. Никотинамид триптофан, ал К дәрумені ток ішек микробтарынан пайда болады. Тағамдарда дәрумендердің аздығынан гиповитаминоз, кейде авитаминоз болуы мүмкін. Асқорыту жолдарындағы дәрумендер сіңірілуінің бұзылуынан да гиповитаминоз пайда болады. Жүкті әйелдерде тиреотоксикозда, дене қызуы көтерілгенде дәрумендердің қажеттілігі артады, сондықтан гиповитаминоз болуы мүмкін. Дәрумендердің аздығын толықтыру үшін жеміс-жидектер қолданылады. Дәрумендерді дәрі ретінде қабылдау ең қолайлы, ыңғайлы жол болып табылады.
Дәрумендік дәрілер екі топқа бөлінеді:
1. Суда еритін дәрумендік заттар: В1 дәрумені - тиамин бромиді (Thiamini bromidum) және тиамин хлориді (Thiamini chloridum), В2 дәрумені - рибофлавин (Riboflavinum), В6 дәрумені - пиридоксин гидрохлориді (Piridoxini hydrochloridum), РР дәрумені – никотин қышқылы (Acidum nicotinicum) және никотинамид (Nicotinamidum), аскорбин қышқылы (Acidum ascorbinicum), рутин (Rutinum), В5 дәрумені - кальций пантотенаты (Calcii pantothenas), Вс дәрумені - фоль қышқылы мен В12 дәрумені – цианокобаламин және т.б.
2. Майда еритін дәрумендік заттар: дәрумен А - ретинола ацетат (Petinoli acetas), Д дәрумені - эргокальциферол (Ergocalciferolum), Е дәрумені - токоферол ацетаты (Tocopheroli аcetas), К дәрумені – викасол (Vicasolum).
12.2.1. Суда еритін дәрумендік заттар.
Тиамин бромиді (В1 дәрумені , тиамин хлориді, тиабене және т.б.) –кетоқышқылдардың, транскетолазалардың коферменті. Гиповитаминозда, әсіресе жүйке жүйесі қатты зақымданады. Гипо- және авитаминоз, микроциркуляцияның бұзылуы, жүрек, бүйрек, бауыр ауруларына, асқазан және 12 елі ішек жараларына, метаболиттік ацидоз, аритмия, полиневрит, тиреотоксикоз, гипотрофия, операциядан кейінгі жағдайлар кезінде қолданылады. Аллергиялық реакция және анафилактикалық шок болуы мүмкін, сондықтан бұндай жағдайда қолдануға болмайды.
Тиамин бромиді түймедақ түрінде 0,00258, 0,00645 және 0,0129 г; ампуласы 3% және 6% ерітіндісі 1 мл-ден егуге арналған.
Rp.: Sol. Thiamini bromidi 3% - 1 ml
D.t.d. № 10 in amp.
S. Бұлшық етке күніне 1 реттен егуге.
Рибофлавин (В2 дәрумені, рибофлавин мононуклеотиді және т.б.) – жетіспегенде ауыздың қыртысы, ерні, тілі, мұрын, құлақ терілері жараланып кетеді, көзден жас ағады, күн сәулесінен қорқады. Сондықтан бұл дәруменді гиповитаминозда, кератитте, конъюнктивитте, иритте және тері ауруларында қолданады. Ұнтақ және түймедақ түрінде 0,005 және 0,01 г күніне 2-3 реттен беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |