І бөлім. Жалпы фармакология


Қатерлі ісіктерге қарсы әсер ететін ферменттер



бет117/117
Дата03.11.2022
өлшемі1.02 Mb.
#463898
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Farmakologia kitap

7. Қатерлі ісіктерге қарсы әсер ететін ферменттер.
L – Аспарагиназа (лейназа және т.б.) 3000 және 10000 ХБ флакондағы ұнтағы егуге арналған. Жедел лимфобластомалық лейкозға, қайталанған жедел миебластомалық лейкозға, лимфосаркомаға, ретикулосаркомаға, Т-клеткалық лимфомаға қарсы қолданылады. 6000 – 10000 ХБ/м күніне 1 рет қан тамырға немесе бұлшық етке немесе күнара 1 рет беріледі, емі көпке созылады, жалпы емге арналған мөлшері 300000 – 400000 ХБ болады. Жанама әсерлері: қызба, лоқсу, құсу, бас ауыру, аллергиялық өзгерістер, бауыр, бүйрек және ұйқы безінің жұмысының бұзылуы байқалады. Бауыр, бүйрек, ұйқы бездің және орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылғанда, жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.

8. Қатерлі ісіктерге қарсы қолданылатын белсенділігі үлкен ішкі - иммуномодуляторлық және вирусқа қарсы әсері бар заттар (цитокиндер – интерферондар мен интерлейкиндер).


Альдеслейкин (пролейкин және т.б.) 1,2 мг (18000000 ХБ/мг) флакондағы ұнтақ, ерітіндісін (5% - 500 мл глюкозамен) дайындаған соң тез егіледі, 1 реттен 5 күн бойы, содан соң 4-5 күн демалыс, сосын тағы да 5 күн беріледі. Бұны бүйректің қатерлі ісігіне және меланомаға қолданылады. Жанама әсерлері: гипотензия, аритмия, стенокардия, қан ұюдың бұзылысы, тромбозы, тіл күрмелуі, есі кетуі, өкпе, бауыр, бүйрек жұмысының бұзылуы, лейкопения, тромбоцитопения, анемия және т.б. бұзылыстар байқалады. Өте ауыр жүрек-тамыр ауруларында, тыныс алу бұзылысы байқалғанда, індетті және аутоиммундық ауруларда, лейкопения, тромбоцитопения, жүкті және емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.
Rp.: Aldesleukini 0,0012 (18000000 ХБ/мг)
Sol. Glucosae 5% - 500 ml
M.D. Ex tempore !
S.Тамырға күніне 1 реттен 1 мг/м 5 күн қатарынан.
Мазмұны.

Кіріспе.
І. Жалпы фармакология.


ІІ. Жалпы рецептура.
ІІІ. Жеке фармакология.
1 тарау. Шеткі жүйке жүйеге әсер ететін дәрілер.
1. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер.
1.1. Жергілікті жансыздандыратын дәрілер.
1.2. Тұтқыр дәрілер.
1.3. Қаптаушы дәрілер.
1.4. Тұтқыш дәрілер.
1.5. Тітіркендіргіш заттар.
2 тарау. 2. Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер.
2.1. Холинергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер.
2.1.1. М- және Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар.
2.1.2. Антихолинэстеразды (М- және Н-холиномиметиктер) дәрілер.
2.1.3. М-холиномиметиктер (қуаттаушы).
2.1.4. М-холиноблокаторлар (тежегіштер).
2.1.5. Н-холиномиметиктер.
2.1.6. Ганглиоблокаторлар.
2.1.7. Миорелаксанттар.
3 тарау. 2. Адренергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер.
3.2.1. Адреномиметикалық дәрілер.
3.2.2. Адреноблокаторлар.
3.2.3. Симпатолитиктер.
4 тарау. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын реттейтін дәрілер.
4.1. Наркоздық дәрілер.
4.1.1. Ингаляциялық дәрілер.
4.1.2. Ингаляциялық емес дәрілер.
4.2. Этил спирті.
4.3. Ұйықтататын дәрілер.
4.4. Ауырсынуды басатын дәрілер – анальгетиктер.
4.4.1. Наркотикалық анальгетиктер.
4.4.2. Наркотикалық емес анальгетиктер.
4.5. Қояншыққа қарсы қолданылатын дәрілер.
4.6. Паркинсонизмге қарсы қолданылатын дәрілер.
5 тарау. Психотропты дәрілер.
5.1. Антипсихозды (нейролептиктер) дәрілер.
5.2. Антидепрессантар.
5.3. Көкіректікке (мания) қарсы қолданылатын дәрілер.
5.4. Транквилизаторлар.
5.5. Тыныштандыратын дәрілер.
5.6. Психиканы қуаттаушылар.
5.7. Ноотропты (адам есін қуаттайтын) дәрілер.
5.8. Аналептиктер.
6 тарау. Тыныс жүйесіне әсер ететін дәрілер.
6.1. Тынысты қуаттаушы дәрілер.
6.2. Жөтелге қарсы қолданылатын дәрілер.
6.3. Қақырықты шығаратын дәрілер.
6.4. Демікпе кезінде қолданылатын дәрілер.
6.5. Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
7 тарау. Жүрек-тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер.
7.1. Жүрек гликозидтері (кардиотониктер).
7.2. Аритмияға қарсы қолданылатын дәрілер.
7.3. Стенокардияға қарсы қолданылатын дәрілер.
7.4. Артериялық қысымды төмендетін дәрілер.
7.5. Артериялық қысымды жоғарылататын дәрілер.
8 тарау. Асқорыту жүйесінің қызметіне әсер ететін дәрілер.
8.1. Тәбетті жақсартатын дәрілер.
8.2. Тәбетті төмендететін дәрілер.
8.3. Сілекей бездерінің қызметіне әсер ететін дәрілер.
8.4. Антацидтік дәрілер.
8.5. Гастропротекторлар.
8.6. Асқазан қимылына әсер ететін дәрілер.
8.7. Құстыратын дәрілер.
8.8. Құсуға қарсы дәрілер.
8.9. Гастропротекторлар.
8.10. Өт айдайтын дәрілер.
8.11. Ұйқы безі сөлінің сыртқа шығуы бұзылғанда қолданылатын дәрілер.
8.12. Іш жүргізетін дәрілер.
9 тарау. Зәр айдайтын дәрілер (диуретиктер).
10 тарау. Жатырдың бұлшық етті қабатына (миометрий) әсер ететін дәрілер.
11 тарау. Қан түзілуін реттейтін дәрілер.
11.1. Эритропоэзге әсер ететін дәрілер.
11.2. Лейкопоэзге әсер ететін дәрілер.
12 тарау. Қан ұюына әсер ететін дәрілер.
12.1. Тромбоциттің агрегациясына қарсы қолданылатын дәрілер.
12.2. Қанның ұюын төмендететін дәрілер. (Антикоагулянттар).
12.3. Фибринолиздік (тромболитиктер) дәрілер.
12.4. Қан тоқтатын дәрілер (Гемостатиктер).
12.5. Антифибринолиздік дәрілер.
13 тарау. Гормондық дәрілер.
13.1. Гипофиздің гормондық дәрілері.
13.2. Қалқанша және қалқанша маңы безінің гормондық дәрілері.
13.3. Ұйқы безінің гормондық дәрілері.
13.4. Бүйрек үсті безінің глюкокортикоидтық дәрілері.
13.5. Жыныс бездерінің гормондық дәрілері.
13.5.1. Эстрогендік дәрілер.
13.5.2. Гестагендік дәрілер.
13.5.3. Андрогенді дәрілер.
13.5.4. Анаболикалық стероидты дәрілер.
14 тарау. Дәрумендік дәрілер.
14.1. Суда еритін дәрумендік дәрілер.
14.2. Майда еритін дәрумендік дәрілер.
15 тарау. Қабынуға, аллергияға және иммунитетке әсер ететін дәрілер.
15.1. Қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер.
15.2. Аллергиға қарсы әсер ететін дәрілер.
15.3. Иммунитетке әсер ететін дәрілер.
15.3.1. Иммунодепрессантар
15.3.2. Иммунитетті қуаттаушы дәрілер.
16 тарау. Микробтарға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер.
Антисептикалық және дезинфекциялық дәрілер.
17 тарау. Химиотерапиялық (бактерияларға қарсы) дәрілер.
17.1. Антибиотиктер.
17.1.1. Құрамында β-лактам сақинасы бар антибиотиктер.
17.1.1.1. Пенициллиндер.
17.1.1.2. Цефалоспориндер.
17.1.1.3. Карбапенемдер.
17.1.1.4. Монобактамдар.
17.1.2. Макролидтер және азалидтер.
17.1.3. Тетрациклиндер.
17.1.4. Левомицетин тобы.
17.1.5. Аминогликозидтер тобы.
17.1.6. Циклді полипептидтер (полимиксиндер).
17.2. Сульфаниламидтік дәрілер.
17.3. Жасанды антибактериялық дәрілер.
17.4. Мерезге қарсы қолданылатын дәрілер.
18 тарау. Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер.
19 тарау. Вирусқа қарсы қолданылатын дәрілер.
20 тарау. Протозойға қарсы қолданылатын дәрілер.
20.1. Безгекке қарсы қолданылатын дәрілер.
20.2. Амабиазды емдеугге арналған дәрілер.
20.3. Лямблиозға қарсы қолданылатын дәрілер.
20.4. Трихомонозды емдеуге арналған дәрілер.
20.5. Токсопдазмозға қарсы қолданылатын дәрілер.
20.6. Балантидиазға қарсы қолданылатын дәрілер.
20.7. Лейшманиозға қарсы қолданылатын дәрілер.
21 тарау. Микоз ауруларына қарсы қолданылатын дәрілер.
22 тарау. Ішек құрттарына қарсы қолданылатын дәрілер.
23 тарау. Қатерлі ісік ауруларына қолданылатын дәрілер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет