Сарколизин (рацемельфолан және т.б.) түймедақтары - 0,05 г; 0,02 және 0,04 г, ал флакондағы ұнтағын 10-20 мл изотоникалық ерітіндісімен қосып, қан тамыр арқылы аптасына 1 рет 40-50 мг мөлшерде 60-70 кг салмағына қарай егу керек. Ем ұзақтығы 4-7 апта.
Сарколизинді миелома, жұмыртқа семиномасы, Юинг саркомасы, созылмалы лейкоз, лимфогранулематоз, лимфо- және ретикулосаркома, өңеш пен асқазанның қатерлі ісігі кезінде колхаминмен бірге қосып беріледі. Сарколизиннің жанама әсерлері: қан түзілуінің төмендеуі, лоқсу және құсу. Осы кезде адам әлсірейді, жүдейді. Лейкопения, тромбоцитопения, анемия, бауыр, бүйрек және жүрек-тамыр жүйесінде өте ауыр бұзылыстар байқалса, сарколизинді қолдануға болмайды.
Rp.: Sarcolysini 0,04
D.t.d. № 7
S. Флакондағы ұнтағын (40мг) NаCI изотоникалық
ерітіндісімен бірге қан тамыр арқылы егу керек.
Допан (хлорэтиламиноурацил және т.б.) түймедақтары - 0,002 г №35. Лимфогранулематоз, миелолейкоз, спленомегалия және созылмалы лимфолейкоз кезінде қолданылады. Допан 6 – 10 мг мөлшерде 5 күнде 1 рет қолданылады, ол 5-7 рет беріледі. Бұл кезде лоқсу, құсу, лейкопоэздің және тромбоцитопоэздің тежелуі байқалады. Лимогранулематоз кезінде сүйек кемігінде қан түзілу төмендегенде, жедел лейкоз және анемиямен асқынғанда допанды қолдануға болмайды.
Циклофосфан (циклофосфамид, цитоксан, эндоксан және т.б) түймедақтары - 0,05 г; 0,1 және 0,2 г, флакондағы ұнтағын ерітіндімен қан тамырға және бұлшық етке егеді.
Циклофосфанды жедел лимфолейкоз, сүт безінің қатерлі ісігі, өкпенің ұсақ торшалық қатерлі ісігі, жыныс ұрығының қатерлі ісігі, көптеген миелома, сүйектің ретикулосаркомасы, Юинг саркомасы, ангиосаркома, жұмсақ ұлпа саркомасы, жұтқыншақ пен кеңірдектің қатерлі ісіктері кезінде қолданады. Аптасына 2-3 рет, 200 – 400 мг-нан бұлшық етке егеді, емі 3-4 аптаға созылады. Циклофосфанды күн сайын 50-200 мг-нан ішу керек, ем ұзақтығы 2-3 аптаға созылады.
Циклофосфанды пайдаланғанда жанама әсерлері кездеседі: лоқсу, құсу, бас айналу, көз қарауытуы, шаш түсу, нефропатия, кардиотоксикалық әсер, гематурия, анемия, геморрагиялық және аллергиялық өзгерістер. Лейкопения, анемия, жүрек және бүйрек аурулары кезінде, хал-жағдайы ауыр кезде, жүдегенде, жүкті және бала емізетін әйелдерге циклофосфанды қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |