I. Бөлім. Логикалық есептер 1 -сыныпқа арналған логикалық есептер


-ші сыныпқа логикалық ойлауға арналған тапсырмалар



бет14/14
Дата18.04.2024
өлшемі3.13 Mb.
#499179
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Логикалық есептер

3-ші сыныпқа логикалық ойлауға арналған тапсырмалар

  1. Көпес плащ, қалпақ және голош сатып алды. Осының барлығына 140 теңге төледі. Плащ қалпаққа қарағанда 90теңге қымбаттау, ал қалпақ пен плащ бірге галошке қарағанда 120 теңгеге қымбаттау. Әрбір зат жеке неше теңгеден тұрады?



  1. Бір үйдің 3ұлы бар. 3ұлдың әрқайсысының бір әпкесі, бір қарындасы бар. Бұл үйдің баласы нешеу болған?



  1. Қорапта 5 ақ доп, 3 қара доп жатыр. Қорапқа қарамай ішінде бір қара доп болу үшін неше допты алып шығуға болады?



  1. Дүкенге 6 бөшке квас алып келінді. Оларда сәйкесінше 15 16 18 19 20 және 31 литрден болды. Бірінші күні екі сатып алушы табылады: біреуі екі бөшке, екіншісі үш бөшке сатып алды. Біріншісі екінші сатып алушыға қарағанда екі есе аз мөлшерде квас алды. Сонда қоймада алты бөшкеден тек қана біреу қалды. Ол қайсысы?

  2. Салтанат, Ләззат, Арайлым, Диана - төртеуі 2 ақпанда, 10 қазанда, 2 маусымда, 28 ақпанда туған. Ләззат пен Арайлым бір айда туған. Ал Салтанат пен Ләззат бір күнде, бірақ әр айда туған. Енді кім қашан туғанын тап.

  1. 27 жылқысы бар үйірден келесі үйірге үштен бірін және екеуін айдап әкетті. Сосын қалаған жылқылардың жартысын әкетті. Қанша жылқы қалды?

  2. Мотоциклші 4 сағат жүрген. Бірінші сағатта ол 20 километр жол жүрді. Ал келесі әр сағатқа 10 километр артығымен жүрсе, мотоциклші барлығы неше километр жол жүрді?

  3. Үш дос гимназияда оқиды: оның бірі математикалық, екінші физикалық және үшіншісі биологиялық сыныптарында. Егер Әлішер математик болса, Санжар физик. Егер Дәурен физик емес болса, онда Әлішер математик. Егер Санжар математик емес болса, онда онда Дәурен биолог. Әрқайсысының мамандығын анықтаңыз.


4-ші сыныпқа логикалық ойлауға арналған тапсырмалар

  1. 5 теңгеге 100 әртүрлі жеміс сатып алынды. Жемістердің бағасы мынадай: қарбыздар – біреуі 50 тиын, алмалар – біреуі 10 тиын, алхоры- он данасы үшін 10 тиын. Жемістің әрбір түрінен нешеуі сатып алынды?




  1. Сүтті екі бидонға құйды. Екінші бидонға біріншіден 2 есе артық құйылды. Әр бидоннан 10 литрден құйып алғанда екінші бидонда бірнешеден 3 есе артық сүт қалды. Әр бидонда қанша литр сүт болған еді?

  2. Бір көпене шөпті жылқы 1 айда, ешкі 2айда, қой да 2 айда жеп тауысады. Олар бір көпенені бірігіп қанша уақытта жеп тауысады?

  3. Құрылысшылардың екі бригадасының әрқайсысы қзындығы 2240 км темір жол салуы тиіс. Бір бригада бір аптада 16 км, екіншісі 14 км жол салған. Бірінші бригададан жұмысын неше апта бұрын бітіреді?

  4. Алдар көсе байдың қызына үйленбекші болыпты, ал қыз оған мынандай жұмбақ айтыпты: «Бөшкеге суды толтырғанда 3170 кг болды, ал судың жартысы 1870 кг болады. Сонда бөшкенің өз салмағы қанша?» Алдар көсеге есеп шығаруға көмектесейік.

  5. Үлескелік жердің ені 25м, ал ұзындығы 15 метрге көп. Егер осы жердің енін 7 метрге ұлғайтса, ұзындығын 5 метрге кішірейтсе жер көлемі қалай өзгерер еді?

  6. Теңдік дұрыс болатындай етіп цифрлардың арасына жақшаларды қойып шығыңыз:

12+7*5-4+18:9-7=38

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет