Жауабы: 8-5= 3(м) Ла-Ла биікке шығып алды.
3- сыныпқа арналған логикалық есептер
1.1. Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған?
Жауабы: Асхат
1.2. Мың саны. Сіздер 1000 санын бір түрлі сегіз цифр арқылы өрнектей аласыздар ма?
Жауабы: 888х88х8х8х8=1000
1.3. Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?
Жауабы: 3 күшік және 4 балапан
1.4. 3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз.
Жауабы: 3, 7, 9 цифрларды алып тастасақ 2854106 шығады.
1.5. Он - оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: - Қанша асық ұттың? – дейді. Ол:
- Онша көп ұтқыза коймаппын, сегіз асығым қалыпты, - дейді.
– Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып. – Ең көп асық ұтылғаны мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан соң кімде неше асық қалды?
Жауабы: 2 бала 10 – 2 =8 асық: 3 бала 10+8=18 асық; 1 бала 30 - 8 - 18=4 асық
1.6. Үшбұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама - қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?
Жауабы: Мысықтар тең қабырғалы үшбұрыштың төбелерінде отыр. Олардың саны үшеу
1.7.Ағашты он бөлікке бөлу үшін оны неше жерінен кесу керек.
Жауабы: Тоғыз жерінен кесіледі.
1.8. Бүгін 9 - шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар болады?
Жауабы: 10 - шы қаңтар.
1.9. Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр.
Жауабы: Бұтақта қияр өспейді
1.10. Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?
Жауабы: Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті.
1.11. Алдыңғы күні 13 жаста едім, келесі жылы 15 - ке келемін,- деді Бекзат. Бекзат дұрыс айтқан болса, оның туған күні қашан. Жауабы: Алдыңғы күн 31 желтоқсанда әлі - 13 жаста болады. 2 қаңтар күні - 14 жасқа толады. Келесі яғни, тура бір жыл өткен соң 15 жасқа толады.
1.12. 3тиін 3 жаңғақты 3 минутта жесе, 100 тиін 100 жаңғақты неше минутта жейді?
Достарыңызбен бөлісу: |