I бөлім не үшін үйлену керек?


Әперген киіміңді кие беретін адамдар да болады



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата06.12.2022
өлшемі1 Mb.
#466642
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Әперген киіміңді кие беретін адамдар да болады.
Кейбір киімдер болады. Бәрі жап-жақсы жарасып
шап-шақ боп тұрады. Бірақ кішігірім өзгеріс жасау керек 
болады. Мысалы, джинсыдың балағын қысқарту керек. Ол 
кезде де ойланбай таңдауың керек. Себебі джинсылардың 
балағы әдетте сондай ұзын боп келеді. Идеалын іздеп әуре 
болма. Сол джинсыды ательеге барып, қысқартып аласың.
Енді бір аяқ-киім болады. Аяғыңды қысып тұрады. 
Саған ол бір дискомфорт туғызып тұр. Кейін созылып кетер 
деп алдама өзіңді. Оның созылып, аяққа шап-шақ боп кетуі 
екі талай. Сол үшін бірден аяғыңа жақсы тұратынын таңда. 
Жар таңдау киім таңдауға ұқсайды дедім. 
Жоғарыдағы аналогияларды түсіндің деп ойлаймын. Мен 
тіпті «адамдардың киім таңдағанына қарап, болашақ 
жарын қалай таңдайтынын білуге бола ма?» деген сұраққа 
жауап іздеп, кішігірім зерттеу жасап жүрмін. Сен де анализ 
жасап көрші.
Жарыңды жақын жерден ізде
Бұрын үйлену оп-оңай боп көрінетін. Сөйтсем, бәрі 
мен ойлағандай емес екен. Лайық адамды кездестіру 
қиынның қиыны екен ғой. Сол уақытта жасаған 
дұғаларымның 70%-ы салихалы жар тапсам деу болған 
шығар. Талаптарымды белгілеп, болашақ жарымның 
образын салып алдым. Енді сол қиялдағы аруды қалай, 


32
Ж
арың
ды ж
ақын ж
ер
ден ізд
е
II БӨЛІМ
қайдан іздеу керек?
ҚТЛ-ді (қазіргі БИЛ) бітірген досым бар еді. Адамды 
жақсы тани біледі. Өзім ҚТЛ-де оқымасам да, сол лицейдің 
түлектерін ерекше құрметтейтінмін. «ҚТЛ» десе иманды, 
тәртіпті, әдепті, білімді һәм заманауи жастар елестейтін. 
Олар оқу бітіргеннен кейін де қарым-қатынасын үзбей, бір-
бірін қолдап жүреді. Үйлену мәселесінде де солай. «KTL 
- connecting people» деген әзіл де бар еді.Сөйтіп досыма 
«мынадай да мынадай талаптарға сай келетін жақсы қыз 
болса, айтшы» деп қолқа салдым. Іштей «талаптарыма сай 
қыз осы ҚТЛ-дан табылатын шығар» деп ойладым. Себебі 
көп құндылықтары жаныма жақын болатын.
Сөйтіп «запросым» біраз уақыт қаралды. ҚТЛ-
дан лайық қыз табылмады. Дәлірек айтсам, досым таба 
алмады. Бірақ басқа қызды қарастырып көруді ұсынды. ҚТЛ 
емес, қарапайым мектепті бітірген қыз. Жұбайының жақын 
құрбысы екен. Менің талаптарыма сай келетін сияқты. 
Досымның «күшті қыз, өкінбейсің!» дегеніне сендім. Ол 
алдында онымен сапарлас болған екен. «Адам сапарда 
танылады» дейді ғой. Араб тілінде «сафар-асфара» 
деген сөз «ашу» (орысша: «открывать») дегенді білдіреді. 
Яғни, адамның шынайы келбеті сапарда ашылады деген 
сөз. Адамды жақсы танығың келсе, бірге сапарға шық. 
Бойдақтар ескере жатар)
Сонымен қыз табылған сияқты. Енді әрекетке көшу 
керек болды. Ары қарай не болғанын алдағы жазбаларда 
айтамын.


33
Гүл б
ағынд
а
II БӨЛІМ
PS:
Екінші жартым бір қиырда жүрген шығар деп ойларсың. 
Бірақ әдетте бақытымыздың жақын жерде жүргенін 
байқамай жатамыз. Достарың, туыстарың «мына қызды/
жігітті қарап көрші» десе, бірден бас тартпай, ойланып көр. 
Бір досым «Кезінде жеңгелерім бір қызбен таныстырғысы 
келгенде, өзім-ақ таба алам ғой деп намыстанатынмын. 
Қазір басқаша қарай бастадым» деген еді. Мектепте, 
универде бірге оқыған таныстарыңа да көңіл бөліп қой. 
Байқағаным, бір мектепте оқып, кейін шаңырақ көтерген 
жастардың отбасылары берік боп келеді. Бақытың 
жаныңда, тек соны байқай білуің керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет