I бөлім не үшін үйлену керек?


Пайғамбардан лайфхак: көңіліңе тыныштық



Pdf көрінісі
бет13/42
Дата06.12.2022
өлшемі1 Mb.
#466642
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Пайғамбардан лайфхак: көңіліңе тыныштық 
сыйлайтынын таңда
Жар таңдау, үйлену мәселелерін ойлап, түрлі 
кітаптар оқитынмын. Оның ішінде діни әдебиеттер 
де болды. Бір күні мына бір хадиске көзім түсті. 
Пайғамбарымыздан бір бойдақ жігіт «қандай адамды 
жар етім алғаным дұрыс?» деп сұраған еді. Сонда 
Пайғамбарымыз былай деп жауап берген еді:


36
Пайғ
амб
ар
дан лайф
хак: к
өңілің
е тыныштық сыйлайтынын т
аң
да
II БӨЛІМ
«Аллаға деген тақуалығынан кейін мүмин үшін ізгі 
әйелден артық қазына жоқ. (Ізгі әйел) күйеуінің тілін алады, 
күйеуі мұндай жарының жүзіне қараса, жаны жадырайды. 
Күйеуі істе деген шаруаны орындап, істеме дегенге 
жоламайды. Сондай-ақ, күйеуінің сырын, ар-намысын, 
абыройын сақтайды. Күйеуі жоқ кезде қиянат етпейді.» 
Хадистің қазақша аудармасын 
http://www.ihsan.kz/kk/
articles/view/5619
деген жерден алдым.
Осы жердегі «жүзіне қараса, жаны жадырайды» 
деген сөзге тоқталғым кеп тұр. Былайша айтқанда
оған қарасаң, жаның тыныштық тауып, қуанады. Қалған 
критерийлерді (күйеуінің тілін алады, абыройын сақтайды, 
т.б.) үйленбей тұрып тексере алмайсың. Оларды тек 
үйленген соң ғана көре аласың. Ал үйленуге ниетті 
қызыңның жүзіне қарау дінде рұқсат.
Бұл жерде «жүзі әдемі болса» деген сөз жоқ. Оған 
қарау жаныңа қуаныш сыйласа, болды деп тұр. Яғни, қыз 
жігітке бір күй сыйлай алса, жігіт оны ұнатады деген ой 
келеді. Кейде сымбатты жігіттің жанында сырт келбеті 
анау айтқандай әдемі де емес қыздың келе жатқанын 
көргенде, еріксіз ойлайсың, «қай жеріне қызықты екен
неге өзі сияқты әдемі адамды таңдамады екен?» деп. 
Кейін түсіндім. Жігітке қыздың өзінен гөрі оның оған 
сыйлайтын күйі («состояние» дейді ғой орысша) ұнайды 
екен. Оның жаны онымен бірге болғаннан, оған қарағаннан 
жадырайды. Демек болашақ жарыңды таңдағанда, 
құрметті інім, ішкі дүниеңе бір үңіл. Бұл қызға қараған кезде 
жүрегің жай таба ма? Жаның тыныштала ма? Қандай күй, 
эмоция сыйлайды ол кісі саған? Жай қараған кезде саған 
қуаныш, жайлылық, тыныштық күйін сыйлайтын қызды 
таңда.


37
Екінші ж
ар
тың
ды инт
ерне
т арқылы т
аб
уғ
а бо
ла ма?
II БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет